|  | 

Саясат

Келімбетов қазақстандықтардың көкейінде жүрген бірнеше сұраққа жауап берді

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов КТКтелеарнасындағы “Слуги народа” бағдарламасының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді. Бағдарлама эфирге 23 тамызда шықты.

Келімбетов қазақстандықтардың көкейінде жүрген бірнеше сұраққа жауап берді: валюталық бағамға түзету жасала ма, бір сәттік девальвация болуы мүмкін бе, доллар мен еуроға не болады, дедолларизация қалай өтеді, мұнайдың, азық-түлік пен киімнің бағасы қалай өзгереді, зейнетақы қорында қандай өзгеріс болады, жинақ қорын қай валютамен сақтаған дұрыс, девальвацияның болғанын кім талап етіп отыр, алтын-валюта резервіндегі жағдай қалай.

Келімбетов Ұлттық банктің алтын-валюта резервінің 2015 жылдың алғашқы маусымында алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда “17 пайызға өскенін, яғни 29 миллиард долларға жақындағанын” (сәуір-мамыр) айтты.

Ұлттық банк төрағасы реттеушінің “инфляциялық таргеттеу саясатына” қалай өткенін айтып берді. Оның айтуынша, бұл Ресейде былтыр болған жағдайға ұқсас. “Ресейдің Орталық банкі 5-7 жыл бойы дайындалды. Дедолларизация бойынша үлкен жұмыстар жасалды. Ресейдің банк жүйесі мен валюталық депозитінің деңгейі 20-25 пайыздан жоғары емес”, – деді Келімбетов.

Телеарна тілшісі өз кезегінде Қазақстан Ресейдің “жүріп өткен жолынмен өтуге дайын емес” екенін айтты.

Келімбетовтың айтуынша, екі жыл ішінде Қазақстанда теңге орташа есеппен 22 пайызға төмендеді: “Әлемдік бәсекелестікке сәйкес құнсыздану болды”.

Ұлттық банк төрағасы “дедолларизация бойынша өте маңызды жұмыстардың” арнайы кестемен жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. “Егер сіз жылжитын және жылжымайтын мүлікті сатып алу жөнінде келісімшартқа отырсаңыз, ол мемлекеттік тіркеуден өткізіледі, сәйкесінше оның ақысын теңгемен төлеу керек болады”, – деді ол.

Келімбетов дедолларизацияның бір күнде аяқталмайтынын айтты. “Бұл заң жобасының өзгеруі, халықтың қаржылық сауаттылығы. Шамамен 3-5 жылда аяқталады”.

Келімбетовтің айтуынша, бұрын мемлекет депозитке ақша салғандарға бес миллионға дейінгі сомаға кепілдік берсе (доллармен де, теңгемен де), жаңа заң жобасы бойынша енді тек теңгемен ақша сақтағандарға 10 миллионға дейін кепілдік беріледі.

Теңгенің келешегі туралы сұраққа Ұлттық банк төрағасы былай деп жауап берді: “Мұнай бағасы енді 100 доллар немесе одан жоғары болмайды. Алдағы үш жылда баррель 70-80 доллар болады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, Қазақстан таңдап отырған саясат ғажайып әкелмейді, сондықтан да баррель бағасы 50 доллар болады деп болжап, соған сәйкес бюджетті үнемдеу керек”.

“Ұлттық банктің мақсаты бағаның өсуіне жол бермеу. Президент 2020 жылға 3-4 пайыз инфляцияға жетуге тапсырма берді”, – деді Келімбетов.

Ұлттық банк төрағасы Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы сұраққа да жауап берді. Келімбетов Ресей экономикасы әлдеқайда орнықты екеніне сенімді.

Келімбетов жинақ қорды теңгемен де, шетел валютасымен де пропорционалды түрде сақтауға кеңес берді. “Бұл да бизнес жоспарға байланысты. Теңге немесе доллармен қайда сақтайтыныңызға байланысты”, – деді ол. Келімбетов 4700 адам депозит ашқан “Валют-Транзит банктің” 2006 жылғы жағдайын еске алды. Ол әр салымшыға мемлекеттің 4,3 миллион теңге төлегенін айтты.

“Біз түбегейлі өзгерістің болмауы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бір жағынан, Мемлекет басшысы жаңа саясатқа өтер алдында ескерту жарияланатынын айтты”, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Tengrinews.kz 

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: