|  | 

Әлеумет

Атадан мал қалғанша тал қалсын

11887944_507266279431607_2449999771623902829_nƏлемдегі алғашқы ғарыштық турист атанған американдық Денис Тито мырза естеріңіз де ғой?

Сол ағамыз ғарыш кемесінің иллюминаторынан сыртқа қарап отырып, ерекшесезімге бөленіп, еріксіз сөйлеп кетеді.
“Міне, ғарыш деген қандай! Бала кезімнен өз көзіммен көруді арман қылған ғарыш. Енді міне, өмір бойы жиған-тергенімді аямай, 24 миллион доллар төлеп арманыма жеткен ғарышым көз алдымда. Не деген кең-байтақ дүние! Тіршілігі сезілмейтін, түгі жоқ, тип-типыл, тып-тыныш, ұшы-қиыры көрінбейтін кеңістік. Дала, дала, дала…
Ойпырмай, мына көріп отырғаным қызыл құмды Марс па?! Мəссаған, мəссаған! Рас екен-ау, мына жерде тіршілік жасап, күн көру əсте мүмкін емес. Адам баласы басқа жақтан тіршілік іздеп, бір кетсе осы Марсқа кетер, себебі су болуы ықтимал бұл жерде деп жүрген кейбір ғалымсымақтар боқ жепті. Су түгілі у да жоқ бұл жерде. Алдымен менің көргенімді өз көздерімен көріп алсыншы олар, білгішсіне бермей” – деп, бойы көкке жеткен көкеміз өзімен өзі сөйлесіп отырады.
Сөйтіп, арманына жетіп, бақыттан басы айналып отырған ағамыздың қасына қазақтың бір еңгезердей қара жігіті кеп, “Əй, көкетай, не деп далбасалап отырсыз бағанадан бері, біз əлі Байқоңырдан ұшқан жоқпыз, білесіз ба, мына жер біздің Қызылорда!” деп, əлгіні жерге түсіріп, өз орнына қояды.
“О май гад, о май гад!” деп шыңғырған қонақ кісі қатты шошып, үлкен шок алады. “Мүмкін емес, мүмкін емес! Күн көзіне күйіп кеткен мына қызыл даланың Жер екеніне сенбеймін, сене алмаймын. Онда мен неге өз салмағымды өзім сезбей отырмын? Қалықтап жүрмін ғой, қарағым-ау” дейді.
Сонда біздің батыр: “Сен сияқты жеңілтекте біздің Қызылордада қайдан салмақ болсын, шіркіннің дəмесін қара, салмағым дейді”, – деп мырс етіп, қолын бір сілтеп, далаға шығып кетеді.

Сол Марстан айнымайтын даласы бар Қызылорда өңіріне араға біраз жыл салып осыдан бір жұма бұрын барып қайтып едім.
Көлігің қанша жүгірсе де айналаң еш өзгермейтін, тірі жан түгіл мал екеш мал кездеспейтін далаға қарап отырып Денис Тито кешкен күйді мен де кештім.
“Қайран дала…
Тіршіліктің көзі қайда, қазақтың өзі қайда? Жалпы кім бар өзі мұнда?”

Сөйтіп, қырық градус ыстықта қаладан жүз қырық шақырым жол жүріп, “Ақшабұлақ” деп аталатын жерге келдік. Елді мекен деуге келмейді, мұнай мен газдың мекені. Адамы болмағанмен, аты айтып тұрғандай, ақшасы мол жер.
Мұнайын сатып, мұнаймен қоса шығатын ілеспе газды жағып, электр қуатын шығарып отырған станция бар сол жерде.

Көрмегім де сол еді өзі, ақыры жеттім ғой.
Сөйтсем, астафралла, астафралла, алдымнан жапон шығып, басын иіп, қолымды алып жатыр.
Көрмей жүрген халық емес қой, жапоннан үркіп тұрған мен жоқ.
Бірақ, “Сіздер Марста не ғып жүрсіздер, жандарым-ау” деймін ғой, жап-жасыл боп жатқан Жапонияны ойға алып.
“Өзіңіз кезінде Қазақстанға ең алғаш боп алып келген жапондық газ турбинасының жұмысын тексеріп қайтуға келіп едік, осында келе жатыр деген соң күтіп отырғанбыз” дейді.
“Айналайындар-ау, мені қойшы, мен осы елдің баласымын ғой, өздеріңізде əйтеуір бəрі дұрыс па, қайда тұрып, қайда жатырсыздар” десем, “Ой, несін сұрайсыз, мұнда жер деген жеткілікті ғой, қасымызда қазақ достарымыз бар, сосын, істейтін ісіміз бар, ең бастысы сол” дейді.
Қазақ қана емес, жапон да нəпақа тауып жүрген қазақтың даласы.

Сол станция қазір біздің елдегі ең жаңа, ең табысты кəсіпорындардың бірі. Қандай əдемі соғылған.
Станция, завод, фабрика десе советтерден қалған ашық-шашық жатқан ғимараттарды елестетін əдетім қалмаған, мынадай жап-жаңа, жип-жинақы шаруашылықты көріп, Қызылорда үшін қатты қуандым.
Қазақтың табиғи байлығы мен жапонның технологиясы біріксе, соны істей алсақ, екі жаққа да тиімді болары сөзсіз дегенге тағы да бір рет көзім жетті.

Сонымен кеш түсіп, қайта қалаға жол тарттық.
Сол даланы қимай батып бара жатқан алтын Күн қандай əдемі еді. Расымен-ақ, ғарышқа жол бастайтын даланың өзі өзге планета сияқты.

Қалаға қайтып, жаңағы станцияны тұрғызған компанияның басшысының үйінде қонақта болдым.
Үйінің қандай екенін, жағдайының қандай екенін айтып жату артық болар.
Бірақ, бір нəрсені айтпасқа болмас.

Бұл кісі Қызылорданың қақ төрінен жиырма гектар жер сатып алып, жер жер болғалы өмірі бұл өңірде өсіп көрмеген ағаштың түр-түрін егіп, қаланы көгалдандыруға үлес қосып отыр екен.
Емен мен аққайыңды бұл өңірде көрем деп кім ойлаған. КазГУдің жанындағы ботсадтан кейін адамның қолымен жасалған жасыл саябақты көргенім осы.
Денис Тито көрсе ғой, шіркін.

Ағаш түгіл, адам ексең адам шығатын Түлкібасымның алмасынан кейін дəміне сүйсінген алма да осы саябақта пісіп тұр екен. Осыншама еңбекпен піскен алманы өз қолыммен жұлып жеудің құны қандай қымбат еді.

Бұндайды жасауға кеткен қаржыны қайдан тапқанында шаруам жоқ, бірақ, қызыл даланы жасыл алқапқа айналдырып отырған ниетіңнен айналайын. Кəсібің оңға басқай. Тапқаның осы игі іске жарасын. Басымды иіп, қолын сүйдім сол кісінің.
“Атадан мал қалғанша тал қалсын”.

Батырхан Құрмансейіттің facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

  • Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде. Бала-бақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, еңбек мекемелерінің барлығы негізінен орыс тіліне көшуде. Өз еркімен емес, әділетсіз биліктің ұзақ жылғы солақай саясатының арқасында. Көшеде, кеңседе, дүкенде, көлікте, қоғамдық орында қазаққа қазақ орысша сөйлемесең немесе ұлтты сақтау керек деген жауапкершілік жүгін ұстанып, сенімен орысша сөйлесіп тұрған қазаққа қазақша сөйле деп ескерту жасасаң болды, бітті, бәле-жалаға қаласың. Заң да, оны орындаушы полиция, прокуратура, сот та орысқұлды қолдайды, ұлтқа жаны ашыған қазақты мүлде қорғамайды. Бұл қандай әділеттілік?! Мемлекеттік тілді, мемлекеттік қауіпсіздікті жекелеген адам емес, осыған жауапты мемлекеттік құрылымдар қорғауы керек қой. Жеке адам емес, ең алдымен билік қорғауы керек. Қазақ жеке тәуелсіз мемлекет болып тұрса

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды. «Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: