Қашанғы шыдай бересің…
Адалбек Ахмади. Қашанғы шыдай бересің…
Ахмәди Адалбек 1969 жылы 22 наурызда ҚХР, Алтай өлкесі, Жеменей ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Шыңжаң университетінің әлем тілдері факультетін бітірген. 1996 жылы Қазақстанға біржола қоныс аударған. Алғашқы шығармалары 1993 жылы Шыңжаңда «Үкілі ырғай» атты таңдамалы жинақта жырлары жарық көрген. 1997, 1998 жылдары өткізілген Дүниежүзі қазақтарының жыр мүшәйраларының, 2003 жылы өткен Махамбет Өтемісұлының республикалық тележыр бәйгесінің жүлдегері.
«Шолпан әлі туған жоқ» жыр жинағының авторы.
«Базарға барғым келмейді».
Темірхан
Өртеніп кетті-Тауарым,
Өртеніп жатыр миымда.
Қазанат қайран Қазағым,
Қалды ғой қарап тиынға.
Өртеніп кетті-Тауарым,
Базарға шыққым келмейді.
Қиналған қалың Қазағым,
Үміттің шамы сөнбейді.
Үмітін елдің ақтайтын,
Бір әкім керек жаны адал.
Қазақты қалай соттайсың?!
Соттайсың!..
Оған жоқ амал!
Өртеніп кетті бар мүлік,
Өртенді және ұрланды.
Далада қалдым қаңғырып,
Алсаңшы Құдай қу жанды!
Не дейін билік мен саған,
Екенсің сенде тас жүрек!..
Кемпір мен шалды қаусаған,
Бағады қалай жас түлек?!
Бағады қалай баласын,
Базарды кезген мүгедек?!
Құшақтап баба моласын,
Үмітім бейбақ түнемек!
Қашаңғы шыдай бересің?!.
Қазағым менің бүгежек!..
Ақшаның қуып елесін,
Жүрегім тағы жүдемек.
Базарға барғым келмейді.
Қалды ғой Жүрек шайлығып.
Сені де Мені Жер жейді,
Жүре тұр әзір Ай мініп…
Адал Бек!!!
29.11.2013 жыл. Түн.

Пікір қалдыру