Қазақ хандығына 550 жыл Әдеби әлем
Отан деген…
Отан деген тау емес, таудың тасы,
Отан деген көл емес, көздің жасы.
Отан деген заң емес өзгермелі,
Отан деген құдірет – сөздің басы!
Отан деген дала емес, дарқандығы,
Шаңырақтан ақ таңның атқандығы.
Отан деген тамақтың тоқтығы емес,
Бостандықтың буынан татқандығы.
Отан деген газ емес, мұнай тағы,
Байлық қусаң түбі бір мүңайтады.
Отан деген сол елге сиға түскен,
Бар ізгілік жиылған – Құдай тағы1.
Құдай тағы көтермес пенделікті,
Пенделікті біз көрген күнделікті.
Сүймегеннің пәниде намасы жоқ,
Ал бахида тілдері күрмеліпті.
Қастер Сарқытқан
Абай атынадығы ҚазҰПУ доценті
kerey.kz
Пікір қалдыру