|  | 

Сұхбаттар

«Қазақстанда орыс тiлi мәселесi жоқ»

Qazaqsha
  • Жазылған жайға орай
Өз елiнде, өз жерiнде құқай көрумен келе жатқан қазақ тiлiнiң-ақ басынан бұлт арылмай қойды. “Мемлекеттiк” деген мәртебесi – “тiл!” деп күңiренген көптiң көңiлiн жұбатып, алдарқатар айла болып қалды. Әйтпесе билiгi ресми түрде рәсiмделер тұста өзi үстiне қолын қойып ант берген Ата Заңда ол туралы не айтылғанын президент ұмытар ма едi?! Осы орайда еске алар болсақ, тап сол Ата Заңда қазақ тiлi “…мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi” ретiнде ұлықталған және “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы” ретiнде Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы меңгеруi парыз санал­ған. Ендеше орыс тiлiнде өтiнiш айтқан адамға мемлекеттiк тiлде жауап бергенде тұрған қандай заң бұзушылық бар?! Сол үшiн кiжiнуге, жазалауға негiз бар ма? Мемлекеттiк тiлдiң қадiр-қасиетiнен гөрi, орыстiлдi сайлаушыларының өзiне деген ықыласын жоғары қоятын президенттiң бұл әрекетiн көпшiлiк қалай қабылдады?!
 
Cофы Сматаев, жазушы:
– “Қазақша хатқа жауапты орысша берсеңдер, жазалаймын. Орындарыңнан қуам. Өйткенi мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi. Қазақ тiлiн сыйлаңдар” деп, керiсiнше айтуы керек едi. Ол басқаша айтты. Сондықтан бұл сөзi тағы да қазақты басқаға жығып бер­дi. Бiздiң ана тiлiмiздi, ардақты тiлiмiздi соншама құнсыздандырып, жер бауырлатып жiбергенi менiң жаныма батты. Тiл – ең бiрiншi халықтың символы, халықтың төлқұжаты. Сол тiлдi құрметтеу жоғарыдан басталуы керек. Сонда ғана тiлiмiз өркендейдi, босағадан төрге шығады, өзiнiң тұғырына қонады.
Жанұзақ ӘКIМ, ғалым:
– “Орысша айтылған өтiнiш­ке қазақша жауап берiптi” деген президенттiң деңгейiнде айтылатын сөз емес. Ол – техникалық, тұр­мыстық деңгейдегi мәселе. Бiрақ ол кiсi солай дедi екен деп, бiз тоқтап қалмауымыз керек, қазақ тiлiн қоғамның барлық саласына енгiзiп, жұмыстана беруiмiз керек. Сол арқылы ғана ел бiрiгедi. Бiздiң халықтың бiр ерек­шелiгi, орысша бiлмейтiн қазақ жоқ. Сондықтан Қазақстанда орыс тiлi мәселесi жоқ.
Ғылым, бiлiм, әлеуметтiк сала болсын, барлық салада қазақ тiлiн дамыту керек. Егер мемлекетiмiздi мәңгiлiк ел жасаймыз десек, соған жалғыз қазақ емес, бүкiл ел жұмылып, әрекет етуi тиiс. Ал қазақ мемлекет құрушы негiзгi ұлт болғандықтан, елдегi бейбiтшiлiк, тыныштық, олардың да тiлiн, мә­дениетiн дамыту, дәстүрiн сақтау деген мәселелерде басқа халықтарға қамқор бола бiлуi қажет. Қазақ қа­шаннан кең халық. Бұл жағынан бiзде мәселе жоқ. Ал ендi Мемлекеттiк тiл – Тәуелсiз­дiктiң негiзгi ұстанымы.
“Мәңгi ел” деп жатырмыз ғой. Оның өзiнiң бiр ұстанымдары болады: бiр тiл, бiр дiн, бiр мораль деген. Бiз негiзi, соған бағыт алуымыз керек. Мұнда да қай тiл дейтiн емес, мемлекеттiк тiл – бiзде бiреу. Ал одан басқа жүз тiл болуы мүмкiн. Егер бiреу жаңа технологияны, бiреу кәсiпкер­лiктi қытайдан меңгерем десе, меңгере берсiн, өз еркi. Онда ешкiм­нiң шаруасы жоқ. Қытайда бiздiң 1 млн 800 мыңдай халық бар. Соның iшiнде жастар соңғы кезде қазақ тiлiнен айырылып, бәрi қытайша сөйлеп кеттi. Қытайша бiлетiн мамандар керек пе, соларды шақырсын. Бiз үшiн қазiргi жағдайда мемлекет­тiк деңгейде “орыс немесе қытай тiлiн үйренiңдер” деу – отаршылдыққа қайтадан итерудiң бiр жолы. Жалпы, Қазақстанды “Отаным” дей­тiн осы елдiң барлық азаматтарының тiлi қазақ тiлi болуы керек.
Әзiмбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
– Президенттiң тiл туралы айтқанын естiгенде, менiң жүрегiм ауырды. Өзiм тарихшымын. Оның үстiне мына Ресей де “ойбай, орыстарды сөйтiп жатыр екен” деп интервенция жасауы мүмкiн. Қалай болғанда да, тым асыра сiлтеп жiбердi. Бiр жағынан, орыстардың да көңiлiн тапқысы келген шығар. Жалпы, мұның бiр салдары болуы мүмкiн. Қазақстан қазақтанып келе жатыр. Мысалы, бiздiң заманда қазақтың жартысы ғана қазақша оқи­тын. Қазiр 88-89 пайызы қазақша оқиды. Орысша оқыған қазақтың өзi мендей болса, жағдайдың жаман емес болғаны. Бұл десакрализацияға әкелуi ықтимал. Ұлтаралық қатынастар бiраз ушығуы мүмкiн. Анау айтады: “Мемлекеттiк тiлдi бiлуiң керек” деп. Мынау айтады: “бiлмесең де болады” деп. Осы сөзге байланысты уа­қыт­ша дүрдараздық туды. Бiрақ бұл қазақтың қазақ тiлiнен түңiлуi­не емес, керiсiнше, тiстенiп, жiгер­ленуiне әкеледi. “Ойбай, бiрiншi басшы тiлдi қолдамайды екен” деп қоя салмайды. Халықтың өзiнiң мем­лекетшiл ұстанымдары бар. “Ақыры билiк қолдамаса, бiз өзiмiз қолдаймыз”, “оларға сенiм жоқ, ана кiсiнiң айтып тұрғаны анау”, “сенген қойым сен болсаң…” деген сияқты көңiл күй, намыс қазiрдiң өзiнде оянды…
Роза Рақымқызы
zhasalash.kz

Related Articles

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • “Саясаткерлер пафоспен сөйлегенді жақсы көреді”. Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының болашағы бар ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшыларының Самарқанда (Өзбекстан) бірігіп түскен суреті. 11 қараша, 2022 жыл Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Бұл кездесу не береді? Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, аймаққа ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық осы жөнінде Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті. ТҮРКИЯНЫҢ МҮДДЕСІ МЕН ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? – Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Ұйым азаматтық қорғаныстың бірлескен механизмін нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібінде аймақтағы және сырттағы саяси-экономикалық оқиғаларды талқылау мәселесі тұр. Саммиттің уақыты мен геосаяси контексі жөнінде

  • АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты өзгерді ме? Елші Дэниел Розенблюммен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК  АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің Азаттық радиосына берген сұхбаты АҚШ дипломаты Дэниел Розенблюм Қазақстанға елші болып келгеніне бір жылға жуықтады. Оған дейін ол Өзбекстандағы елші қызметін үш жыл атқарған. Орталық Азияға маманданған дипломат аймақ басшыларының Нью-Йоркте президент Джо Байденмен оңаша кездескені саяси жетістік дейді. Азаттық елшіден сұхбат алып, C5+1 саммитінде адам құқығы тақырыбы қаншалық қозғалғанын, Қазақстанға төнген санкция қаупін және АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты қалай өзгергенін сұрады. НЬЮ-ЙОРКТЕГІ КЕЗДЕСУ ҚАЛАЙ ӨТТІ? – АҚШ президенті Джо Байден жақында Орталық Азия басшыларымен C5+1 форматында кездесті. Саммит алдында құқық қорғау ұйымдары осы жиында адам құқығы басты назарда болса екен деп үміт білдірді. Бұл үміт ақталды ма? – Нью-Йоркте өткен C5+1 саммиті

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: