|  | 

Тарих

ШЫҢҒЫС ХАН – САТҚЫНДЫҚ ӨЛШЕМІ !

Сонымен жем жемге келгенде кімнің кім екенін білдік. Өкініш өзекті өртеп барады. Өз жерінде ділдік шайқаста опат болған мәнгүрттер былай тұрсын, қаным деп өзге жұрттағы ағайына құшақ жайған шын қазақтар іштен шалып жығар, сәтті келсе сатып пайда көруге бар мәңгүрттерді де құшағына алыпты. Сорлы қазақ болып тағы сан соқтық. Қазақ десең өзіңе тиеді, барша елім деп еңіреп келген ағайындарға топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен кейбір адамдар ата қоңыста Ресейді иемденген күштердің геноцидімен, езгісін көріп ұлаңғайыр жерді сақтап қалған қазақтың тектілігіне күмән келтіргендей. Қазақ хандарының атасы – Шыңғыс ханды қазіргі Монголияға ғылыми дәлелсіз теліп әлек. Осыған қарап отырып сол адамдар құдды халха елінің тапсырмасын орындап жүрген жансыздардай көрінеді. Себебі сол жақтағы ағайындарға Шыңғыс ханды халха дегізіп, бізге оларды жек көргіздіргісі келіп жүргендей болады. Иә, шынымен Шыңғыс хан бізге не үшін керек дейтін адамдарға айтарым – өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай жоқ дегенде бүйрегін жат жұртқа бұрған «халха мәңгүртерді» анықтау үшін қажет. Күндердің күні Қазақ шежіреші тарихшы ғалымдармен Халха тарихшылары беттесіп австронемістік Ресей тарихшылары жазған жалған тарихи дерек жойлып Теміршың қаһан түркі сосын 1465 жылға дейін Мұғұл, одан кейін Қазақ болып шыққанда не дейсіздер ? Халхалардың орнындағы біз сол мұғұлмыз, Шыңғысхан міне қазіргі монгол деп көрсететін бірде бір тарихи айғақ жоқ, оны бәрі біледі. Шыңғыс ханды қазақ деп тарихи шынайы түп негіз әдебитерді оқып жүрген қарапайым қазақ сіздерді де біздіде қойды ал мына төмендегі терең білмді халық аралық деңгейдегі мын кісілердің айтқандарына не дейсіздер егер шынымен Шыңғыс хан Халха деген пікірлеріңзге адал болсаңыздар осы кіслерге хаты жазыңыздар көрейік сосын білімдеріңіз қанша деңгейде екенін.

МҰРАТ ЖҰРЫНОВ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ШЫҢҒЫСХАНДЫ ТҮРКІ ДЕП МОЙЫНДАДЫ ОСЫ СІЛТЕМЕДЕ ТОЛЫҚ ДЕРЕК БАРhttp://ult.kz/?p=12991

ДАРХАН ҚУЫНДЫҚҰЛЫ ҚЫДЫРӘЛІ
Ал бұлараға ой түрткі болған дәлелдер мын төмендегі деректер

Иноко Магаки 1229 -1273 гг

МАРКО ПОЛО 1271 -1286 гг

Плано Карпини 1248-1252 гг
Бұл дүниелер шыңығс ханды халах деп әлек болып жүргендерге арналды. Ал Шыңығыс ханан құтыламай жүргендере айтарым БҮГІНГІ ЗАМАНДА : ұлаңғайыр жер бар ел бар, әттең орысқұлдар т.т дегізіп ӘҢГІМЕ АЙТҚЫЗЫП ОДАН ҚАЛСА Алла дегізіп діңге мойынсұндырған адамдар ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҰРПАҚТАРЫ Солардың арқасында Қазақтар жер басып жүрміз.

СОНДЫҚТАН БІЗ ҮШІН

ШЫҢҒЫС ХАН ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ !!!!!!!!

© Қазақ Алашұлы

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: