|  | 

Әдеби әлем

Нұрлы жол

Sagat Zahanqizi

 

Нұрлы жол

Сөзі мен әнін жазған Сағат Заханқызы

Желбіреген көк туы күн астында

Еркін самғап қыраны шың басында

Айқындап болашақтың нұрлы жолын

Елбасы жол тартады нұрлы асуға

Қайырмасы

Жайқалған атырабы

Есілдің шалқып әні

Ақорда жарқырайды

Паш етіп ел еңсесін бар әлемге

Нұрлы жол шақырады

Қосылғанда елге ел құт келеді

Егемендік елітеді ескен желі

Алтайдың аржағынан бастау алған

Төгіліп төрт бұрыштан көш еледі

Қайырмасы

……………………………………………………………………….

Қайыңды арал

Сөзі мен әнін жазған  Сағат Заханқызы

 

Ойға оралды махаббаттың көктемі

Нәзік сезім әз жүрекке төккен нұр

Арасынан арман қуған жастардың

Жарқыраған асыл бейнең тек сенің

Қайырмасы

Қайыңды арал,

Қайыңды арал,

Хобда өзеннің жағасы

Жасыл кілем ақ қайыңдар арасы

Су бетіне түсіп тұрды бейнеміз

Қос жүректің лүпілімен таласып

Алыс кеттік арман жүгін арқалап,

Алға ұмтылдық бізге оралды барша бақ,

Сағындырды ерке күндер естегі,

Сырласатын ақ қайыңды аралап.

Қайырмасы

 

 

СағатЗаханқызының өмірбаяны

- 1948 жылы Монголияның Баян-өлгий аймағында дүниеге келген.

-1966 жылы сол жерде 10 жылдық орта мектепті тәмәмдаған

-1971 жылы Москва қаласындағы Г.В. Плеханов атындағы Халық шаруашылық Академиясын бітірген

-мамандығы-экономист

-1971-1991 жылдар арасында Монголияның Жоспарлау комитетінде кейіннен одан бөлініп шыққан Мемлекеттік Баға Комитетінде Экономист, бас маман  ретінде қызмет атқарды.Мұнда, таукен, құрылыс, ағаш өңдеу,ауыр өндіріс, энергия-жылу салаларының бағасын белгілеу мәселесін жауаптанып, атқарды.Жәнеде Негізгі құрал жабдықтардың бағасын қайта есептеп бір жүйеге келтіру жұмысына қатысты.

Баға өзгерісінің барлық салаларға тигізетін әсерін анықтау мақсатамен Баға комитетінде жасалатын Сала аралық баластың (межотраслевой баланс) біріккен есебі, Үкіметтік бюджеттің кіріс шығысының өзгерістерін бақылайтын біріккен есепті басқарды.

-1990 жылы Монголияның  экономикасын бұынғы жоспарлау системасынан нарықтық жолға түсіру үшін халық шаруашылығының барлық саласында  жасалған баға жүиесін ырықтандыру мәселесінің біріккен есебін және өзімнің тікелей жауаптанған саламның есебін басқарды.

Мемлекеттік баға комитетінде атқарылған осы жұмыстың нәтижесінде 1991 жылы қаңтар айында Монголияның Экономикалық бағытын  түбегейлі нарыққа  бұрған нөмірі 20-шы Үкімет қаулысы шықты.

Қоғам экономикасы нарыққа ыңғайлынғанда көптеген өндіріс кәсіпорындардың жұмысы тоқтап Монголияда жұмыссыздар саны көбейіп елде дағдарыс басталды.

Осы кезде  тілі, ділі бір тарихи отаны Қазақстанға  барып жұмыс көзін тауып, жұмыс істегісі келген ағайындардың тілегін Монголияның Үкімет басына жеткізу мақсатымен,Премьер-министр Дашийн Бямбасүрэннің қабылдауында екі рет болдым.

1990 жылы 23 науыз күні ҚазССР ына Алма-Атаға келіп,Шетелдегі қазақтармен мәдени байланыс жасайтын “ Қазақстан” қоғамында болып, қоғам төрағасы Шәңгерей Жәнібековтың қабылдауында болып,-Монголия қазақтары атамекенге келіп еңбек еткісі келетінін түсіндіріп, келсек  бізді қабылдай аласыздарма,- деген мәселені бірінші болып қойдым.

Қазақстан қоғамының жол көрсетуімен,1990 жылы 27 желтоқсанда Кербұлақ ауданы Әкімшілігімен, Монголиядан малшылар әкелу туралы Еңбек келісім шартын жасадым.

-1991 жылы аталған Келісім шарт бойынша  Монголиядан 96 адамды Қазақстанға бастап келдім.Осы жолда Талдықорған обылысының барлық шаруашылықтарын басқарған Ауданадақ Ауылшаруашылық басқармалырының басшыларымен Еңбек келісім- шартын жасадық.

Жасалған келісім шарттардың негізінде 1991 жылы Қазақ елі Тәуелсіздігін алғанға дейінМонголияның астанасы Улан-Батор және оның маңындағы елді мекендерден 11800 адам өз қаражатымен көшіп келді.

1991 жылы 16-шы желтоқсанда Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан кейін, 31-ші желтоқсан күні Қазақстанның Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  халықты  жаңа жыл мерекесімен құттықтап сөйлеген сөзінде:       ’’ …Алыстағы  ағайындар өздерінің тарихи отаны Қазақстанға келеміз десе есігіміз ашық …‘’, деп ізгі ниетін білдірді.

1992 жылдан бастап Қазақстан өкіметі көш мәселесін өз қолына алды.

1991-1997 жылдары Монголияның Еңбек министрлігінің Қазақстандағы Көші-қон жауаптанғантұрақты Өкілі қызметін атқарды.

-1997 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысты. Кіші кәсіп орыны «отау ЛТД» үкіметке салық төлеу жағынан 2011 жылы қатарластарының алдыңғы сатысынан көрініп «Данқ» орденімен марапатталды.

-Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай туыстарның қаржысы мен күш қуатын біріктіріп Бірлік Строй деген кәсіп орын құруға мұрындық болды.

- Алматы қаласы Науырызбай ауданының Ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі.

Монголия қазақтары ішінен ең алғаш шетелде(Москваның Халық шаруашылық академиясында) экономика мамандығы бойынша білім алып,монголияның мемелекеттік жоғарғы мекемесі- Жоспарлау комитетіне жұмысқа оркаласқан алғашқы қазақ.

Жоспарлау комитетінің баға саясаты жөніндегі жұмыстарын нәтижелі істегені үшін 1971-1990 жылдары 16  рет  мақтау және құттықтау грамоталарымен  марапатталды.

1985 жылы системаның Еңбегі сіңген қызметкері атағын берді.

1991 жылы нарықтық экономикаға баға жүйесін ырықтандыру жұмысын нәтижелі атқарғаны үшін мемелекеттік жағарғы марапатқа аты ұсынылған.

Баян-өлгий аймағының құрылғанының 70 жылдыққа арналған медалімен және  Бұлғын сұмынының 70 жылдық медалі мен марапатталды.

 

Қазақстан жағынан;

-ҚР мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет громатасы,2007 ж.

-Алматы қаласы Әкімінің Құрмет громатасы 2000 ж.

-Халықаралық Бейбітшілік әлемі қазақ творчестволық бірлестігінің Абылайханның  300 жылдығына арналған  Алтын медалі,2012 ж.

-Халықаралық жазушылар одағының мүшесі.

-Ұлы көш туралы  «Ұрпақтар тоғысы» деген деректі кітабім 2001 жылы Елорда баспасынан жарық көрді.

-«Толғайды жүрек» деген кітап және көптеген мақалалардың авторы.

-2015 жылы «Ұлы көш: аңыз бен ақиқат» деген кітабым жарық көрді.

kerey.kz

Related Articles

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: