|  |  | 

Көз қарас Саясат

ҚАЗАҚТАР – МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУШЫ ҰЛТ!

Qazaqhanigi

Қоғам өз еркін, тілегін, мақсаты мен талабын емін еркін білдіріп қалыптасқаны дұрыс. Бұл билік пен қоғам арасындағы шынайы диалогқа ұластырады. Бірақ бізде осы мемлекеттік институттар мен қоғамдық институттар арасындағы қабаттар теориялық деңгейде құжаттық болсын, құқықтық саяси болмыстар бар деп білеміз. Мысалы кеше ғана сайлауда мәжілістің 82 пайыз дауысын алған “Нұротан” партиясы қоғам мен билік арасында көпір болуы тиіс еді. Неге алаңға төгілген халық арасында осы партия көрінбейді? Неге халық еркі парламентте өкілдігімен танылмайды? Сонда парламенттегілерді халық сайламаса кім сайлаған? Жеке көзқарасым, Нұротан партиясы іші қуыс, мазмұны жоқ, саяси құрылым. Егемен ел болғалы бері билік қоғамдық сананы тұншықтырумен айналысты. Қоғамды саяси болмыстық жауапкершіліктен мақұрым қылды. Нәтижесінде ел тағдырын билік ешкіммен ақылдаспай ақ өзі шешіп үйренді. Ел шын мәнінде өз елінің қожайыны сезіне алмады. Халық та сабыр сақтады, яки шындығында саяси санасы да билікке ықпал етер әлеуеті де дамымады. Ширек ғасыр бойы не президенттік не парламенттік басқару жүйесі қоғам мен билік арасындағы бірлік пен тұтастықты қалыптастыра алмады. Қолдан жасалған партиялар мен мәжілістегі орындар, аты мен заты бөлек болса да, бір ғана биліктің қолшоқпары болды әлі де солай. Мемлекетті құрушы мәдениетпен оның тұғырлық болмысымен билік санаспады. Мәдениеті де тілі де әлеуметі де құқы да ескерілмеді. Ұлт құндылықтары туралы кешенді саясат жасалмады. Ұлттық сөйлемдер мен сезімдер тапталды, сыналды. Конституцияда да орын алмады. Яғни Қазақстан мемлекеттік құрылымы жағынан дәстүрсіз ел сияқты негіздермен түсіндірілді. Қазақтың ұлттық өркениеттік намысы мен тәжірибесін ескермеу қалыпты жағдайға айналды.
Билік бүгінгі қоғамдық сананың тұншығып қалуында ең басты рөльді атқарды. Тоталитарлық, коррупциялық кешен қазақты қазаққа дұшпан қылып көрсетті. Бұрынғы кеңестік қала берді ресейдің шовинистік саясаты сол қалпы жалғасын тапты. Ұлы жүз орта жүз кіші жүз арасындағы “тепе-теңдік теориясы” ұлттық тұғырдың дамуын тежеді. Ұлт сөзін айтқандар “ештеңе көрмеген, қолына ештеңе тимеген” бишаралар ретінде анықталды.
Рас, ел мүддесі болашағы үшін тыныштықтан асқан құндылық жоқ. Қазақ мұны өте жақсы сезініп, танитын ұлт. Сондықтан барлық байлығы сатылып жатса да, саяси болмыстық тұғырда үн шығармады. Енді ең соңғы ұлт тұғыры туралы өзінің қасиетті туған жерінің тағы да сол егесімен санаспай таланға салынуы қазақ деген ұлттың шын мәнінде, онтологиялық тұрғыдан бар екендігін паш етті. Демек қазақ деген ұлт тірі екен.
Ұсынысым, билік осы ақиқатты бұдан былай ескерсе, баяндылығы мен абыройын жинап алары хақ. Ал егер ескермей өздері сыртқы қоғамдық инженерлердің шаблонымен кете беретін болса, қазақ бұған енді көнбейді.
Қазақтың билігі мен елі тұтас болғанда ғана мына мемлекеттілігіміз баянды ұстанымдарына қауышады.

Досай КЕНЖЕТАЙ

facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: