|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

Чехия Қазақстанға қалай үлгі болмақ? — Bloomberg сарапшысы

Chehya

Қазақстанның атауын өзгерту мәселесіне күтпеген жерден Bloomberg агенттігінің сарапшысы Леонид Бершидский өзінің Чехияның атауын өзгерту жөніндегі мақаласында тоқталыпты. Бұл үрдістің бастауы, оның негіздемесі және салдарлары жайында әңгімелей отырып, ол Чех республикасының жолымен жүруге боолатын елдерге сілтеме жасапты. Олардың ішінде Қазақстан да бар.

«…Чех республикасының үкіметі Чехия елінің атауына ребрендинг жасауды ұйғарыпты… Ел азаматтарының пікірін сұрамаған. Чех республикасының қысқартылған нұсқасын алған Чехия жұмсақ ребрендингтің үлгісін көрсетті. Атау жаңа емес — ол сонау 1634 жылы пайдаланылған болатын, бірақ елдің толық атауы әлі деқолданыста болады. Чехия, мүмкін ең жақсы нұсқа емес шығар. Ағылшын тілділерді оны дұрыс айтуға үйрету қажет болады. Атап айтарлығы, басқа тілдерде елдің атау Чехияның өзіндегіден (Czechia) бөлек жазылады. Мәселен, итальян тілінде Cechia деп жазылса, испан тілінде ол Chequia болады. Бірақ олар басқа нұсқалар, мәселен, Чехияның құрамында Богемияның, Моравияның және Силезияның бір бөлігі бар екенін білдіретін Чекландс (Czechlands) немесе моравтықтар қабылдағысы келмейтін Богемия сияқты нашар емес…»

Автор

мүмкін, әлем елдің жаңа атауын білдіретін Чехия деген сөзге үйреніп, оны Ресейдің құрамындағы Шешенстанның орысша атауы Чечнямен шатастырмас

деген үмітте.

Одан ары қарай Бершидский мырза ребрендингке негіздеме беріпті – «…өйткені ел екі дүниежүзілік алапат соғыстан аман қалып, шекарасын қайта пішкен кеңес блогының ыдырауын және 1993 жылы Словакиямен ажырауды басынан өткерді. Мұндай оқиғалар елдің өзін айқындауын және рәміздерін бұлыңғыр етеді. Африка мен Азияның көптеген халықтары жаңадан қалыптасып келе жатқан мемлекеттіліктерінің тезірек аяғынан тұрып кетуі үшін өз елдерінің атауларын өзгертті».

Содан соң автор Чехияның жолымен жүруі мүмкін мемлекеттерді тізбектеген, мәселен, Македония және Грузия, ал тізімнің ең соңында Қазақстанды атапты – «…екі жыл бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев заманауи және қарқынды даму жолына түскен мұнайға бай елді басқа, табыстылығы төмен «стан»-дармен шатастырмау үшін Қазақ елі деп атап, стан деген жалғауды алып тастауды ұсынған болатын. Чехтар сияқты қазақтар да маркетингтің кейбір түсініктерін ескерген. Соған қарамастан, жаңа атау соншалықты өміршең болмады, ал қазақ президенті одан кейін бұл мәселені көтерген жоқ…».

«…Міне, 25 жылдан бері Еуропада соғыс және түбегейлі өзгерістер болған жоқ. Кейбір елдердің өздерінің ескі атауларын өзгертуге талпыныстары жай маркетингтік акция ғана емес, одан да зор дүние болуы мүмкін – Еуропаға және бұрынғы кеңес елдеріне өздерінің зиянды кешегісінен арылу үшін алға жылжу керек».

 

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

365info.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: