|  |  |  |  |  | 

Зуқа батыр 150 жыл Руханият Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Әдеби әлем

ЗУҚАДАҒЫ АЛҚЫЗЫЛ НҰРЛАР

Zvuqa batir

ЖЫЛҚЫЛАРЫ КӨК БАЛАҚ, СҰҢҚАРЛАРЫ АҚ БАЛАҚ, САУЫТТАРЫ САРЫ БАЛАҚ БАБАЛАР

 

ТҰМАРДЫҢ ҮЙІ

(Тұмар патшайымға)

 

Тұмар патшайым қарады тысқа:

Көк гауһар шашады дәрия.

Моншағымен ойнауда бәрі де алыста,

Өзенге телмірді бір қария.

 

Алтын ордасы тымық тұр неге,

Күлдіреуішке қарап масайды.

Жолаушылар сарынын біліп тұр дере,

Мамағаштар мың, мың жасайды .

 

Аспанда толқып отыр көк адам,

Аспанды көк адамдар құрайды.

Бұлттардан да тұяқ даусы бораған,

Меніңше, дүлдүлдер шұбайды…

 

деп ойлады Тұмар, аңырып қырға

Сары даланы көзінде жосытты.

Жаударақтардың желеңі жабығып тұрма,

Жапырағы шалғайға босыпты.

 

Перизат мұрағын сипады Тұмар,

Алтындары өксіп сықырлар.

Дүние деген бойды жылтады құмар,

Балалық елес мөлтеңдеп жыпырлар.

 

Самыр өмілдірік асылып тұр құрға,

Ұшып жүр үстінде көбелек.

Инеліктер ұшан еді былтыр да,

Сарысы да биыл неге көп?!

 

Өмілдірікте шайқалмақ қоңырау,

Қызылбастар жүрегі де шайқалар…

Біледі, туыстары тағылау,

Көздерінде қыран байқалар.

 

Барғысы келді побыраған көлге,

Побыраған көйлегін көтеріп.

Ошағаны құлазып абыраған жерде,

Тасырлады сағынышы жеті өріп.

 

Табыттай ғана қара көл жатыр,

Ал қарашығы көлді шайқап тұр.

Самырсындар арасына бараны батып,

Өксіген ғасырды жайқап құр.

 

Тас анарлы аймауыт қаңсып тұр,

Маусымның құбаң демімен.

Жер әлемді қырмызылатып таңсық нұр,

Қосылмады қара ебінің желімен.

 

Барыс мөрі бығып бүкіл қаруда,

Барысша аптықты қарулар.

Оқшантайда жебенің қыбы қалуда,

Наркескендегі зәһарлар ауырлар.

 

Ақинағы биші қыздарша,

Бұралып ойнайды-ау сермеліп.

Жылдарды қаңсытты бұл қанша,

Қара ебілердің ішінде тербеліп.

 

Тұмардың биші қыздары,

Айды нұсқай береді Тұмарға.

Жұлдызша жыпылықтап жылдары,

Ай нұрын құрады бұлар да…

 

… Ай нұрында <апам> жайланып,

Жердегі ақ жапырақтары семуде.

Ұйықтап кетті-ау апам айға алыс,

Сыр-Дәрия лықсып демінде.

 

 

ЗУҚАДАҒЫ АЛҚЫЗЫЛ НҰРЛАР

 

Зуқаның көгілдір семсері,

Бұл көгілдір туды көрмеді.

Ордасы да болған еңселі,

Туырлығы бұл күнге келмеді.

 

Алтайдың ақ маржан бұлағы,

Бір тұлпарды суарып жүреді.

Зуқаның қарлығаш пырағы,

Мүмкін бұлттарға түнеді.

 

Зуқаның сарсора терлері,

Қандай бір шытта домалап?!

Үліңгірдің сарша сеңдері,

Терілерінше толқынды аралап.

 

Зуқаның арқұбан өңдері,

Қыран көздерінен байқалар.

Оның топыршытқан белдері,

Ал нені қоңыр айта алар?!

 

Зуқаның қара шаштары –

Алтайдың қара изені.

Жасауылдарының аттары –

Қара сексеуілдей күйде еді.

 

Өтеді дөнен күндерім,

Зуқадай салқын көңілім.

Түйдектелген айларды білмедім,

Тарих шытырманынан жерідім.

 

Сағынам аңқылдақ атамды,

Апамды сағынам мамықтай.

Құмдарды шимайлаған сапарды,

Көңілім кезеді қабықтай.

 

Зуқаның көксауыр етігі,

Көнерді, түгеп қақ тұрды.

Болмады ғой бүгінге жетуі,

Тебер ем сонымен сатқынды.

 

Зуқаның қайран әкесі,

Сартеректі жатыр күзетіп.

Қаңғалақ арбалардың дәртесі,

Тұрым күмбезіне қарайды дір етіп.

 

Аңызға құяды ел мұны,

Келіншегімнен күтем бір хабар.

Зуқаның жарқылдаған кездігі,

Түсіне кірсе ұл табар.

 

Зуқаның болат үзеңгісі,

Аю жағын ұрса сындырар.

Алтайдың шөре-жөрелгісі,

Самырсындай ұлдарды тудырар!

 

 

ҚАМЫРЫҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

 

Бұғының мүйізі әлемге көтернен,

Осынау бұлыңғыр орманда.

Эһ, тау сиқыры әреңге жетер ме ең,

Мүйіз сағымы шұбатылып арманға.

 

Қалжа шүлендеп дәм жайылған,

Бодұн да жатыр еді көшіп те.

Бөке атам иіскейді маңдайымнан,

Жылбысқаланып жатыр ем бесікте.

 

Алқынған жүрегім ну сағымға ауды,

Қара дүбір жауған бір кездерде-ай.

Зуқа батыр мені құшағына алды,

Дамылсыз аптап жатыр кеудемді-ай.

 

Ізғұтты кездік тастап кетіпті,

Жолшыбай түсіп үйімізге.

Кездігі кірпігіме айналып жетіпті,

Көз жасымды да ежелгі құйып ізге.

 

Жарқынбай атам ойыныма,

Қарап тұрырты үнсіз егіліп.

Қаршығадай мойыным қайырылуда,

Бір сарғылт жолдарға беріліп.

 

Ошың атам келгенде қадалып

қарап отырып, қойыпты атымды.

Ақ пенен Көктен жаралып,

Аспан мен ұдайы шақырды.

 

Қапас батыр сүйді шөпілдетіп,

Айналайын, ғазиз атам-ай!

Алтайдың желін селкілдетіп,

Күңгірт нұр шаншып батады-ай…

 

Сүлеймен атам мені алдына алды,

Ақбозаты тебініп тұр еді.

Орындап аты қарғымаларды,

Түсімде секіріп жүреді.

 

Эһ, Ақтеке атам жылап жіберді,

Шоққа күйіп қалдым бір күні.

Үліңгір көмді бұлаң кемерді…

Ағызуда көңілдердің дүлдүлі…

 

Сүйреп өтіп Ертістен аршамды,

Шың үстіне шықтым желпініп.

Ай боп туған тілсім арманды,

Көзім бажайлады ентігіп.

 

Астымдағы айғырым жоғалды,

Қара жел бұған ойланар.

балапан құстар тоналды,

Ұясынан әкеткен – айдағар…

 

Періште аналардың аймағы –

Санама осылай сілбілеп өттің.

Һай, һай атамның төр жайлауы,

Күңіреніп кеттің, іріңдеп кеттің!

 

(СОҢЫ)

 

Mubarak Kokbori

Көкбөрі МҮБАРАК ( Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих, Археология және Этнология факультеті)

kerey.kz

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: