|  |  |  |  |  | 

Зуқа батыр 150 жыл Зуқа батыр 150 жыл Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Әдеби әлем

Бұлттан биік байрағы!

Аскерхан Ақтай

Бұлттан биік байрағы!

                             Zuqa batr Зуқа батырдың 150 жылдығына

Толғау

 

Алла деп, сөзін бастаған

Алдына жайып Құранды.

Егескен жауға шапқанда,

Ер Бұқарбай ұраны!

Желге билеп құрағы,

Жеменей, Зайсан тұрағы.

 

Кеше де өткен ер Зуқа,

Алты алаштың айбары,

Су басының тұнығы

Сүт бетінде қаймағы.

Қыранның бойы қыстауы,

Жеменей басы жайлауы.

…Бурыл шыңның басында,

Бұлттан биік байрағы!

 

Алла деп сөзін бастаған,

Арқа тұтар көсемім.

Алаш аман болсын деп,

Арқаңды желге төседің.

Отанға жылу болсын деп

Ошақтың отын көседің.

 

…Ел үшін өткен ерлердің

Есте қалар даңқы шын.

Саңлақ туған ерлердің,

Сарқытысың, артысың!

Қолыңа қару алғаның

Қара орман халқы үшін,

Толарсақтан су кештің

Дін мен дәстүр, салт үшін.

Бізде жүрміз ер баба,

Сен жасаған ерліктің

Жасай да алмай жартысын!

 

Күн астында күміс шың,

Дулығасы секілді.

Күмбір-күмбір күмбездер

Құбыласы секілді.

Жүзіндегі мейірімі

Шұғыласы секілді.

Елім деген ерлердің

Тұрғыласы секілді.

 

Құбылаға бет түзеп,

Құдайға жасап құлшылық.

Шарапатты болсын деп

Шәкірт ерттің құлшынып.

Діннің болды діңгегі

Өзің еккен мың шыбық.

Азан дауыс естілсе,

Алтай жақтан ай туып,

Күнгей беттен күн шығып.

 

Хақ жолына қызмет қып,

Нұрға бөлеп жан-жағын.

Сырына терең бойлаған,

Әліфпенен хамзаның.

Кагбаға тәу еттің,

Меккенің татып зәмзамын.

 

Топ алдында сөйлесе

Торы жорғадай тайпалған.

Толтырып аққан арнасын

Толқын судай шайқалған

Көп алдына шыққанда

Көсемдігі байқалған.

Екі талай күндерде

Ердің кегін қайтарған.

Төре алдында тайсалмай

Ақиқатты айта алған.

Жапырағы салалы

Нар терексің жайқалған.

 

Кеше де өткен ер Зуқа

Қарлы Алтайдай шың еді.

Күн жоқ болса Ай еді

Ай батқанда күн еді.

Жауға шапса қаһарлы

Жауар бұлттай түнерді.

Елін жатқа бермеген,

Қазақтың еді тірегі.

Көп ішінде бір еді.

Топқа салса мың еді.

 

Жүзіне үміт ұялап,

Кімде кім көрсе қиянат.

Іздеп әділ Зуқаны,

Табатын медет, тиянақ.

 

Қалба тауын қапталдап,

Қайқая өскен самырсын.

Қара нөпір жау келсе.

Қарсы соққан дауылсың.

Бар қазаққа бауырсың.

Сары алтыннан ауырсың.

Қанатында қыранның

Қайқы талды қауырсын.

Оң жағыңда- Қара Ертіс,

Сол жағыңда – Сауыр шың.

 

…Көп жылқының ішінде

Көз тартпай ма, аласы…

Алашта өткен Ер Зуқа,

Дара туған данасы.

Ноқта ағасы Керейдің

Ителі ата баласы! .

Кемел туған кемеңгер,

Азаматтың сарасы.

Бір арнада тоғысқан,

Иман, ерлік саласы.

 

Кешегі өткен ер Зуқа

Қолына алған алдаспан,

Ата жаумен айқасқан,

Аузына дән салмастан.

Жебеден де жүйрік ең,

Өткір де еді алмастан.

Азаттық үшін күресің

Айлардан айға жалғасқан.

 

Берен мылтық асынып

Бекінген жаумен белдесіп.

Қарашада қар кешіп,

Сүмбіледе сел кешіп.

Серіктері қасында,

Семсерін қатар сермесіп.

Текті де туған батырды,

Тербетіп жатыр жер бесік.

Жезбұйдасын сүйретіп,

Желбегейлі жел көшіп….

*****

Көлденеңдеп кеттің бе,

Көкпектіні көбелеп.

Желе жортып өттің бе,

Жеменейді жебелеп.

Алды мұнар дүние

Зуқадан өтті -ау, не керек?…

 

Зуқаның басын алған күн,

Арманда қазақ қалған күн.

Үркердің жүзген сәулесі,

Үліңгір көл суалды.

Қалбатау бетін қаптаған

Қарағай басы қуарды.

Кегіңді сенің алам деп,

Жауыңа ойнақ салам деп,

Ержүрек Алаш баласы

Тұлпар мініп ту алды,

Қас дұшпаннан кек алып,

Қылыш қанға суарды.

Азаттықтың таңы атып,

Алашым қайта қуанды.

 

Оғылан туған ерлер-ай,

Зуқамен болған майдандас.

Керуен көші секілді

Кеткен күндер айналмас.

Қыранның суы сор болар,

Көзінен тамса қайран жас.

******

Төрт жаққа ошақ қаздырып,

Төбел дөнен сойдырып,

Төңірегін көркемдеп,

Төбеге мүсін қойдырып.

Жүз елу жылдық даңқыңды,

Жүзі жарқын ұрпағың

Жатыр міне міне той қылып.

 

Тереңнен терген маржандай

Толғадым Сізге текті жыр.

Тәуелсіздік таңы атып,

Түндігімнен төкті нұр.

Алтын сұңқар азаттық

Алашқа қайта қонғалы

Жиырма бес ғасырдай,

Жиырма бес өтті жыл.

 

Тәуелсіз қазақ елімнің

Төрде тасып ырысы.

Алақанда алтыны

Уысында күмісі.

Атырау, Алтай бойында

Еркін ескен тынысы.

 

Ерлік пенен жігерге

Парасатың сыйып тұр.

Рухың асқақ биік тұр.

Раббым өзі жар болып

Рахым нұрын құйып тұр.

Алты Алаштың абыройын

Аллам өзің, биік қыл!

KEREY.KZ

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: