|  |  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих Қазақ шежіресі

1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Негізінен Жетісу, Торғай өңірлерінде өткен көтерілісті басып-жаншу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберген. Ұлт-азаттық көтерілісі 1917 жылы ІІ Николай патша тақтан құлағанға дейін жалғасқан. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Түгелін оқыңыз

Торғай өзені маңындағы Амангелді мен Әбдіғапар бастаған көтерілісшілер штабы орналасқан Дүкенбай үйі. Үрпек қонысы, Қараторғай болысы.
1

Торғай өзені маңындағы Амангелді мен Әбдіғапар бастаған көтерілісшілер штабы орналасқан Дүкенбай үйі. Үрпек қонысы, Қараторғай болысы.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі, халық батыры Амангелді Иманов. Әбілхан Қастеев салған сурет.
2

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі, халық батыры Амангелді Иманов. Әбілхан Қастеев салған сурет.

Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің картасы.
3

Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің картасы.

Амангелді Иманов жасағының штабы орналасқан Дүкенбай ауылы.
4

Амангелді Иманов жасағының штабы орналасқан Дүкенбай ауылы.

Жазалаушы отрядқа тосқауыл болған Торғай өзені, Тоңабай ауылының тұсы.
5

Жазалаушы отрядқа тосқауыл болған Торғай өзені, Тоңабай ауылының тұсы.

Амангелді Иманов ұстаханасының құрал-саймандары
6

Амангелді Иманов ұстаханасының құрал-саймандары

1916 жылғы Торғай көтерілісшілерінің қару-жарақтары.
7

1916 жылғы Торғай көтерілісшілерінің қару-жарақтары.

Амангелді Имановтың жеке хатшысы Әлмағамбет Жанбеков (оң жақта) пен эскадрон командирі Жаппасбаев (сол жақта).
8

Амангелді Имановтың жеке хатшысы Әлмағамбет Жанбеков (оң жақта) пен эскадрон командирі Жаппасбаев (сол жақта).

1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Амангелді Иманов жасағының байланысшылары.
9

1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Амангелді Иманов жасағының байланысшылары.

Торғай облысындағы 1916 жылғы Амангелді Иманов басқарған көтеріліске және кейін азамат соғысына қатысқан ақын Әбжан Құндызбаев.
10

Торғай облысындағы 1916 жылғы Амангелді Иманов басқарған көтеріліске және кейін азамат соғысына қатысқан ақын Әбжан Құндызбаев.

Қайраңбай Малшаұлы – 1916 жылғы көтеріліске қатысушы, Амангелді жүздігінің жетекшісі.
11

Қайраңбай Малшаұлы – 1916 жылғы көтеріліске қатысушы, Амангелді жүздігінің жетекшісі.

Амангелді Иманов жасағы жазалаушы отрядқа қарсы атысқан Өтебай үйі.
12

Амангелді Иманов жасағы жазалаушы отрядқа қарсы атысқан Өтебай үйі.

Амангелді жасағының ұстасы Сыздық Қызыров.
13

Амангелді жасағының ұстасы Сыздық Қызыров.

Меркі көтерілісшілерінің жетекшісі.
14

Меркі көтерілісшілерінің жетекшісі.

Жетісудағы көтерілісті жазалаушы отрядтың басып-жаншуы кезінде қираған ауылдың жұрты.
15

Жетісудағы көтерілісті жазалаушы отрядтың басып-жаншуы кезінде қираған ауылдың жұрты.

Амангелді Иманов пен көтерілісшілер. Суретші Әбілхан Қастеев картинасының көшірмесі.
16

Амангелді Иманов пен көтерілісшілер. Суретші Әбілхан Қастеев картинасының көшірмесі.

Мүсінші А.А.Лебедевтің «1916 жылғы көтерілісшілер» туындысының көшірмесі.
17

Мүсінші А.А.Лебедевтің «1916 жылғы көтерілісшілер» туындысының көшірмесі.

Амангелді Иманов жасағының жазалаушы отрядпен шайқасын бейнелейтін картина.
18

Амангелді Иманов жасағының жазалаушы отрядпен шайқасын бейнелейтін картина.

Казактардың көтерілісшілерді жазалауы. Суретші картинасынан көшірме.
19

Казактардың көтерілісшілерді жазалауы. Суретші картинасынан көшірме.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: