|  |  |  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Зуқа батыр 150 жыл Зуқа батыр 150 жыл Суреттер сөйлейді Қазақ хандығына 550 жыл

Омбы қаласында Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойы аталып өтті

IMG-20160618-WA0026

2016 жылы 29-ші мамырда  Омбы қаласындағы “Мөлдір ” қазақ мәдени орталығының ұйымдастыруымен  қазақ фестивалы  өтті. Биылғы фестивал Омбы қаласының 300 жылдығы, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан мен Зуқа батырдың 150 жылдығына арналды.

Тойдың басталу сөзін  “Мөлдір ” қазақ мәдени орталығының жетекшісі Алтынай Жүнісова  бастады. Әр елден келген қонақтарға Омбы қазақтарының ыстық ықыласын білдірді. Сібірдің бас имамы Зулқарнейн аруақтарға арнап құран бағыштады. Омбы қаласының әкімінің орынбасары арнайы келіп құттықтау сөзін сөйледі. Зуқа батыр ұрпақтары Арыстан қажы (Қазақстан) мен Қызырхан Шолан(Австрия) шетелдегі қазақтардың сәлемін жеткізді.

Әр елден келген қонақтар фестивал басталар алдында Омбыдағы мұсылман қазақтардың зиратына құран оқытып қайтты.

Фестивал сағат 11 де басталып, кешкі 8 де мәресіне жетті. Спорттық шаралардың әр түрінен сынға түсті. Қазақ күресі, асық ату, тоғыз құмалақ, жас бұлдіршіндер арасындағы ән және би жарыстарымен қатар ұлттық тағам дайындау сайысы өтті. Жарыс жеңімпаздарын “Зуқа батыр 150 жыл” ұйымдастыру алқасы арнайы силықтармен марапаттады.

Ресейдің Омбы облысында ресми дерек бойынша 82 мың, қоғамдықұйымдардың есебі бойынша 100 мыңдай қазақ тұрады. Омбы – қазақтың тарихи мекені, мұнда Ш. Уәлиханов кадет корпусында білім алған, Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы қызмет еткен. Омбыда қазақтың ардақтылары – Мағжан Жұмабайұлы мен Шоқан Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар. Бұрынғы Ленин көшесі Ш. Уәлиханов атымен аталады.

Zvuqa batirЗуқа батыр- 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал болған Сәбит дамолла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Текті әулеттен шыққан батыр бабамыз, орыс отаршылдығы мен гоминдаң қытай езгісіне тап болған қазақ халқын азат ету жолында қаза табады. Биыл батыр бабамыздың туғанына 150 жыл толды.

Еске алу шаралары Қазақстан, Германия, Австрия, Англия, Америка, Түркия, Қытай, Моңғылия, Ресей сынды 10 шақты елде жүргізіледі.

Жұмабай Мәдібайұлы

kerey.kz

IMG-20160618-WA0030IMG-20160618-WA0026IMG-20160618-WA0020IMG-20160618-WA0007IMG-20160618-WA0008IMG-20160618-WA0009IMG-20160618-WA0003IMG-20160618-WA0010IMG-20160618-WA0002IMG-20160618-WA0005IMG-20160618-WA0006IMG-20160618-WA0017IMG-20160618-WA0018IMG-20160618-WA0019IMG-20160618-WA0035IMG-20160618-WA0036IMG-20160618-WA0032IMG-20160618-WA0039IMG-20160618-WA0040IMG-20160618-WA0045IMG-20160618-WA0049IMG-20160618-WA0047IMG-20160618-WA0046IMG-20160618-WA0044IMG-20160618-WA0041
kerey.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

  • Чунциндегі кездесу

    Тарихи сурет Уақыты: 28 тамыз 1945 ж.; Орыны: Чунцин (重慶) қ-сы; Түсініктеме: Тарихи суретте АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли және Қытай президенті Чан Кайши мен ҚКП төрағасы Мао. Чунциндегі кездесу кезінде диалогқа келе бастаған қытайлық партия өкілдері алпауыт ел АҚШ пен Совет Одағының “қытай саясатын” жаңа дағдарысқа әкелді. Көріністе азаматтық соғысты тоқтатып бүкілқытайлық мәселені шешу болғанымен үлкен қастандықтың басы содан басталды. Алпауыт тараптар қытай картасын өзгертетін жаңа диалогтарды қызу талқылап жатқанда Шығыс Түркістан аумағында бір уақытта үш бірдей уақытша үкімет өмір сүрді. Олар: Бірінші, отставкадағы Шэн Шицай кланы; Екінші, Ву Чжунсинның уақытша үкіметі; Үшінші, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі. АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли Шығыс Түркістан аумағын назарға ала

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: