Донбаста өткен тәулікте үш украиналық сарбаз қаза тапқан
Донбаста соңғы бір күн ішінде украиналық үш әскери қызметкер қаза тауып, біреуі жараланған. Украина президенті әкімшілігінің хабарлауынша, өткен тәулікте сепаратистер атысты тоқтату келісімін 100-ден аса рет бұзған. Ал ресейшіл сепаратистер жетекшілері, өз кезегінде, бітімді бұзды деп украиналық әскерилерді айыптайды.
Украина қорғаныс министрлігі мәліметтері бойынша, 2014 жылдың көктемінен бері Донбастағы қарулы жанжал кесірінен екі жарым мыңнан астам украиналық әскери қызметкер қаза тауып, тоғыз мыңнан аса адам жараланған.
Киев пен Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысындағы сепаратистерге әскерилері мен қару-жарақ жіберіп қолдау танытып отыр деп айыптайды. Кремль бұл айыптарды теріске шығарады.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру