|  | 

Шоу-бизнис

Биылғы жылы ораза ұстаған отандық жұлдыздар

Ауыз бекітіп, ораза ұстаудың рухани тұрғыдан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Осы орайда NUR.KZпорталы биылғы жылы ораза ұстаған отандық жұлдыздарды назарға ұсынады.

Сәкен Майғазиев

Алланы аузынан тастамайтын дінге берік отандық жұлдыздардың бірі – әнші Сәкен Майғазиев. Ол өз желі парақшасында ораза айын тағатсыз күтіп жүргенін байқатып, алтыншы маусымға қараған түні ауыз бекіткенін жазған.

“Ассалаумағалейкум, ағайын! Бүгін, яғни, маусым айының 5-нен 6-на қараған түні таң алдында ауыз бекітеміз. Рамазан – пенденің Жаратушысына жақындай түсетін уақыты. Осы мүмкіндікті әрбір мұсылман жіберіп алмауы керек. Шексіз мейірім иесі Алла тағала пенделігімізді, әлсіздігімізді кешіріп, отыз күн оразамызды қабыл еткей”, – деп жазған ораза басталардың алдында Сәкен Майғазиев.

Кенжебек Жанәбілов, Мейрамбек Бесбаев, Нұрлан Абдуллин, Абай Бегей сынды әншілеріміз де Меккеге барып, бес уақыт намаз оқитын, Рамазан айын асыға күтіп, ауыз бекітететін жандар.

Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева да биыл ауыз бекіткен жұлдыздар қатарында.

“Осы постты жазамын деп жүргенiме 2-3 күн болды, әйтеуiр қолым босамай қойды… Кешеден берi басым сынып, телефонға қарауға шамам келмей қалды… Бүгiн жазбасам кеш болатынын бiлiп, қиналсам да жазайын деп отырмын… Достарым, қасиеттi Рамазан айы да келдi, бұйырса бүгiн түнде ауыз бекiтемiз… Жалпы басқаларға қарағанда менiң оқырмандарым өте иманды.. 80-90% оқырманым оразаны анық ұстайды… Бұл пост оразаны ұстауға дайын емеспiз деушiлерге, қиналып қалам деп қорқып отырғандарға арналады… Ең алдымен ораза ұстап өлiп қалған ешкiм жоқ, керiсiнше барлық ауру астан болады, ал кешке дейiн аш жүруге шыдамыңыз жетпесе, сiз өте әлсiз адамсыз”, – деп Рамазан айы алдында жазба жариялаған ақын ораза айының ғажайыптарын сөз етті.

“Менiң бiр танысым дәрiгерлер ешқашан балаң болмайды, ұрықтарың өлiп қалған деген едi, кейiн қызды болды… Себебiн сұрағанымда отыз күн оразада бiр күн демалмай дұға жасадым, ораза бiте салып әйелiм бала көтердi деген болатын… Кiмнiң жүрегi тыныш емес, кiмнiң жұмысы жүрмей жатыр, кiм қиналып жүр, кiмнiң отбасында береке болмай тұр? Бүгiнгi түннен қалмай ораза ұстасын! Еш дайындықтың керегi жоқ! Мен ораза ұстауға ниет еттiм, Алла барлық қиындықтан құтқар деп дұға жасаса болды! Бұл айдың қасиетiн мен сөзбен түсiндiре алмаймын… Әрбiр минутты пайдаланып қалыңыздар… Алла айтады, бәтеңкеге бау керек болса да менен сұра, мен барлық керегiңдi тауып беремiн, барлық дұғаңды қабыл етемiн дейдi, ал Рамазан айы барлық дұға қабыл болатын ай достарым… Ал, кiмдер оразаны асыға күтiп отыр екен, айта отырыңыздар?”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева желі парақшасында.

Ғани мен Бота Жүнісовтер

ФОТО: YOUTUBE.COM

Ғани мен Бота Жүнісовтер де жылдағы әдеттері бойынша, ораза ұстап ауыз бекітуде деп хабарлады 31 арна. Қасиетті жұмада дұға-тілек жасау үшін мешітке келетін әдеттері бар.

Сиви Махмуди

Рамазан айында ораза ұстаған кезекті отандық жұлдыз – әнші Сиви Махмуди. Ол желі парақшасында ауыз бекіткенге дейін кірпік ілмейтінін жазған.

“Ауыз бекіткенше ұйқы жоқ”, – дейді Сиви желі парақшасында.

Ауызашар беріп, игі істер тындырып жүрген отандық жұлдыздар

Меруерт Түсіпбаева

ФОТО: MASSAGET.KZ

Еліміздің шоу-бизнес жұлдыздары арасында ауыз бекіткен-бекітпегенін ашық айтпаса да, ауызашар беріп, игі іс тындырып жүргендер баршылық. Солардың бірі – Меруерт Түсіпбаева. Бүгінде Грузияда демалып жүрген әнші жақында 83 жастағы әжесіне ауызашар берген екен.

“Шетелге жол жүрер алдында 83 жастағы (13 жастан ауызын бекiткен,11 бала туған) әженің ақ батасын алып, ауызашар бердiм”, – деп жазған Меруерт.

Маржан Арапбаева

Маржан Арапбаева ауызашарға махаббатпен дәмді тамақ пісіріп жүргенін жазған болатын. Алайда әнші соңғы кездері тұмауратып қалып, жөнді тамақ әзірлей алмай қалғанына күйінішін білдірген.

“Ауырғанды жек көремін. Төсек тартып жатқаныма үш күн болды. Түр быт-шыт, шаш быт-шыт, тырнағым да быт-шыт. Ал мен көшеге шыққым келеді. Дегенмен ертемен тұрып, жұмыстарыма кірісуге ниеттімін. Үйдегілердің “нормальный тамақ” жемей жүргендеріне екінші күн болды. Ауызашарға әжептәуір пысық болып, махаббатпен дәмді тамақ пісіріп жүр едім. Үйдегілер маған қарап, “ойпырмай көз тимесін” деп жүр еді… Сонда да көз тиіп кеткен сияқты ғой”, – деп жазған Маржан желі парақшасында.

Қарақат Әбілдина

Әнші Қарақат Әбілдина күйеуі Қыдырәлі Болмановпен бірге ислам дінін берік ұстанатындарын жасырмайды. Олар желі парақшасында балаларын да нағыз мұсылман етіп тәрбиелеп жүргендерін аңдатады. Мәселен, Қарақат ұлын кішкентайынан намазға үйреткенді жөн санап, ұлының екі жасында намазға жығылған фотосымен бөліскен болатын.

Қарақат осы жылы “Ораза бағдарламасына көшуге ниетті” екенін өз желі парақшасында жазған. Алайда әншінің бағдарлама дей отырып нені меңзегені, қарапайым салмақ тастау бағдарламасын ба, әлде Рамазан айында ораза ұстауды ма, ол жағы түсініксіздеу болып қалған.

“Қайырлы таң достар! Мен тағы да салмақ тастау бағдарламасын қолға алдым. Осыдан бір жыл бұрын, осы бағдарлама қызметін қолданып, нәтижесiне өте риза болғанмын, ендi концерттiң алдында тағы бiр курс алып, Ораза бағдарламасына біртіндеп көшуді жоспарлап отырмын”, – деп жазған әнші Рамазан айы басталар алдында.

Әбілдина ауыз бекітер мен ашардағы дұғаларды, уағыздарды желі парақшасына жүктеп, ұлдарымен мешітке жол тартқан сәтінен фотосымен бөліскен.

“Қоңыр қозым мен ақ қозымды ертiп, имандылық сабағына мешiтке бет алдық. Алла тағалам салиқалы ұрпақ сүюді нәсiп етсiн”, – деп жазған Қарақат фото астына.

Related Articles

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: