|  |  |  |  | 

Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі Әдеби әлем

Есенберлиннің «Көшпенділері» әлемге 3 миллион данамен тараған

Ilyas Esenberdi

Ізінен аңыз ерген

Есенберлиннің «Көшпенділері» әлемге 3 миллион данамен тараған

«Көшпенділер» 30 тілге аударылған

Төл әдебиетіміздің тарихында 17 роман жазып қалдырған Ілияс Есенберлиннің болмысын ашу мақсатында өз ойын алға шығардық. «Меналдыменен материал жинаймынДеректер іздеймін.Айғақты уақиғаларды қараймынХалықфольклорына сүйенемінЖазба бетінде қандайшығармалар барсоның барлығын қолым жеткенжерге дейін зерттейміноқимынбірімен бірінсалыстырамынОсылай дайындаймынМатериалдайындалғаннан кейін алдымен ойға салыпбіржыл өте мекөп жыл өте мемиыма өзім жазамынНе туралы болу керекасыларманың не еді осы кітапты жазғанданені көтергіңнені ашып айтқың келеді? …Тереңдеп ізденіпөз ақылымның жеткен жеріне шейін жазамын».

«Ізінен аңыз ерген» айдарының бұл жолғы қаһарманы – жазушы ІлиясЕсенберлинЖетімдіктің дәмін татса дааштықтан бұратылса дарухымүжілмеген І.Есенберлин жайлы келелі әңгіме өрбітуге бірқатаржазушылармен сұхбаттастықҚұлақта қалған әңгімені қағазға түсірген соң,жазушының тағдыры қымқуыт болғанына тағы бір көз жеткіздік.

Ілияс Есенберлиннің өмірдерегін білмейтін оқушы ол кісіні тарихшы депойлап қалуы да заңдылықАлайдажазушының игерген мамандығы – кенметаллургия саласы. «Көшпенділер», «Алтын Орда» кітаптарындағы тарихитақырыпқа батыл қалам сілтеуі – оның азаматтығыныңұлтының адалперзенті бола алғанының көрсеткішіТарихи хрониканы көркем әдебиетқалыбына салып беруі – оқырманға түсінуге деесте сақтауға да жеңіл.

Жазушы ағаәпкелеріміздің әңгімесін қалай қорытқанымызды төменненоқыңыздар.

Ахмет Дүйсенбаев құрастырған «Жан сырым» атты естелік кітаптағыжазушының туған інісітехника ғылымдарының докторыпрофессор РаунақЕсенберлиннің естелігінен қысқартып алған түріміз:

Қар кешіпсабаққа жалаңаяқ баратынбыз

Өз үйіміздегі біздің өміріміздің соңғы жазы қатты есімде қалдыБізкедей тұрдықаштыққа ұшырадықӘлбеттетаңертеңгі өте құнарсыз астан соңүйдің батыс жағындағы көлеңкеге жайғасып отыратынбызІлияс бізге ертегіайтып бередіОл көп ертегі біледіКейінірек менің түсінгенімол ертегілердіөз жанынан шығарып айтады екенБолашақ жазушының табиғи дарыныныңқабілеті сол балалық шақта қалыптаса бастаған ғой деп болжаймын.

Мен бір қысылтаяң жағдайға кездесіпоқуды тастап кетуге жақынқалдымОқиға былай болып едіБір жолы мектепке бармадымКелесі күні,неге екенін білмеймінмектепке баруға өте қатты қорықтым датағы дасабақты жіберіп алдымҮшінші күні тағы да қайталандыОдан әрі бойымдағықорқынышты жеңуге дәрменім жетпейбұдан былай мектепке бармаймындеген шешімге келдімІлияс сабаққа бармай жүргенімді естісе керекішқұсаболып үйге кіріп келдіСөйлеген жоқжағымнан тартып жіберді дежетектепмектепке апардыІлияс есікті өзі ашты даөктем дауыспен маған «класқа кірдепартаңа отыр» деп бұйрық бердіАйтқанын орындадымІлиястың еңбірінші және ең соңғы жасаған үлкендігі осы ғанаСол жағдайдан кейін олмаған өмір бойы бір дөрекі сөзмінез көрсетіп көрген емесБірбірімізгеешқашан сөз қайтарыперегісіп қалған кезіміз болған жоқ.

Оқу жылы басталдыБіз Ілияс екеуміз бір класта болып шықтық.Күздің қара суығына дейін жалаңаяқ жүрдікҚыркүйектің аяғыне қазанныңбасындаесімде тура сақталмағанәдеттегідей таңертең мектепке жалаңаяқкелдімКешікпей қар қатты жауып кеттіМен терезеге үреймен қараймын.Сабақ біткен соң оқушылар тарап кеттіТек Ілияс екеуміз класта қалдықОлаяғына етік киіп келген екенЕкеуміз не істерімізді білмейтерезенің алдындаұзақ тұрдық.

Ілияс мені арқалап алыпүйге қарай жүгірдіЖолдың үштен бірін тезөттікал үйге дейін әлі алысБір шақырым бар. Мен сезіп келем, ағам шаршап қалды. Сонда да мені жерге түсірмеді. Дәтім одан әріге шыдамай, Ілиясқа өзімді жерге түсіруін өтіндім. Қармен бұрын талай рет жалаңаяқ жүгірген болатынбыз…

…Бір күні үш күндік үзілістен соң біз Ілияспен көшеде кездесіп қалдық. Ол тапсырма алып, сот мекемесіне келе жатыр екен. Ілияс маған кешеден бері нәр татпағанын айтты. Өмірдегі ең қымбат адамыма еш көмек көрсете алмағаныма қатты қиналдым. Сот ғимаратына жақындап келгенімізде үй сылап жатқан әйелдерді көрдік. Олардан сәл ары таман көше ортасында үлкен жасыл қарбыз жатыр екен. Мен солай қарай тұра жүгірдім. Жақындағанда оның қарбыз емес, резеңке доп екеніне көзім жетті. Олжа! Бұрын-соңды бізде доп болып көрген емес. Аштықты ұмытып, сол арада доп ойнап кеттік.

Сот ғимаратының қақпасынан еңгезердей адам шықты да, айқай салып бізге қарай жүгірді. Мен қорыққанымнан допты тастай сала, Ілияспен бірге зыттым. Ол бізді өкшелеп келеді. Қаладан ұзап шыққанда шаршап тоқтадық. Әлгі адам бізді қуып жетіп, желкемізден басты. Шаршағаннан құр сүлдеріміз қалған және қатты қорқып кеткен бізді қалаға дедектетіп алып келді. Содан кейін ол бізді ұрған жоқ, бірақ «доп ұрлағандарың үшін түрмеге отырғызамын» деп қорқытты. Менің допты ұрламағанымды, оны тауып алғанымды және сол жерге тастап кеткенімді есепке алмады. Түрмеге отырғызамын деген сөзіне шынымен сеніп қалдық. Ақыры, ол бізді сот үйіне алып кірді. Сол жердегі әйелдер допты тауып әкеліп, бізге араша түсіп, аман алып қалды. Әлгі дәу неме бізге «бұрама кәмпит» беріп босатты.

Қабдеш Жұмаділов ағамыздың үйінде болғанымызда ол кісіден Ілияс Есенберлиннің туған інісі Раунақ Есенберлин жайлы әңгіменің шетін сұрадық. «Інісін екі мәрте көрдім. Есенберлиннің 70 әлде 80 жылдығында келіп кеткені бар. Мәскеуде тұрған болуы керек. Ол – ғылым докторы, өз саласының талантты маманы. Арғы жағын білмедім», – деп қайырды ағамыз.

Бекежан Тілегеновтің «Тұйық өмірдің құпиясы» кітабынан:

Жазушы Шәрбану ҚҰМАРОВА:

Ең бірінші өлеңін мен жарияладым

Ол кезде қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер едім (1962 жыл). Есіктен күйі қашқан, салпаңдау киінген, ескірген пиджакпен біреу кіріп келді. Таныстық. Кейін білдім, ол сол шақта «анау» жақтан келген екен. Жеті-сегіз өлеңін алып келіпті. Бас редактормен кеңесіп алған соң, Ілияс ағаның өлеңін ең бірінші болып аға газетке жарияладым.

«Қаһар» романы шыққан соң жазушы ағамыз құлпырып шыға келді. Романы көптеген тілге аударылды. Су жаңа көйлек, қымбат кәстөм киді. Айтайын дегенім, Есенберлин сонда маған не үшін ұрысты?! Менің қырғыздар арасында достарым бар болатын. Сондағы достарымның бірі маған хабарласты да: «Қаһар» сұмдық роман екен, қолымыз жетпей жүр. Бір данасын бізге салып жіберсең, алғысымыз шексіз», – деді. Кітапты мен беріп жіберсем, оны қырғыздар өз тіліне аударса керемет қой. Ілияс ағамен кездесе қалсам, мақтанып айтам ғой. Есеп осындай. Оңбай қалдым. «Кенесарының басын алған кім? Қырғыздар! Бауырын өлтірген кім? Қырғыздар!» – деп қаһарланып, ұрсып-ұрсып тастады. Қырғыздар ақыр соңында сол кітапты «пайдаланып» кетті.

Есенберлинге көп көмектескен Дінмұхамед Қонаев еді. Ол тарихи кітаптарын ұзақ уақыт шығара алмай жүрді. Ыңғайы келіп, Қонаевқа жолыққан соң кітаптары шетінен басылды.

Өзім «Жазушы» баспасында жиырма жылдай редактор болдым. Қолжазбаның неше атасын көрдік. Жауапкершілігімдегі жұмысты істедім. Бір жолы Қабдеш Жұмаділов «Есенберлиннің романдарының көркем тұстарын, стильдік олқылықтарын мен толықтырдым» дегендей әңгіме айтыпты. Редактор болғаны рас. Бірақ, жанағы пікірі «романды мен жазып шықтым» дегендей әсер қалдырады екен…

«Мен ол кісімен жақын араласқан жоқпын. Бірақ, мынаны айтып берейін», – деген Шәрбану әпкеміздің әңгімесінен жазып алғанымыз осы.

«Тарих әшкерелеген бір өлікті қайта тірілтудің қаншалықты қажеті болды?»

Сәбит МҰҚАНОВ:

– Есенберлиннің кітаптарын тез шығаратыны сонша, тіпті оқып та үлгере алмайсың. Өз басым қолтаңбасын жазып, сыйлаған кітаптардың бәрін оқып жүрмін. Есенберлин маған кітабын сыйлаған емес. «Хан Кенені» орыс тілінде оқып шықтым. Кітап біршама жаман жазылмаған. Кенесары –

бүкілодақтық масштабта әшкереленген адам. Ол туралы қаулы осы уақытқа дейін бар күшін әлі жойған жоқ. Осыдан кейін мұндай кітаптың қалай жарық көргеніне қайран қаламын. Тарихта екі Кенесары болған жоқ, біреу-ақ болған. Ендеше, Қазақстан КОК бұл кітаптың шығуына неге рұқсат берді? Кенесарының іс-әрекетіне көзқарас, қатынас біреу-ақ болуы керек. Оның іс-әрекеті Россияға жат, қарсы жүргізілді. Ал, біздің Орталық Комитеттің қолдауымен осындай адам туралы кітап шығып отыр. Жұрт жабылып осы кітапты оқып жатыр. Біраз адамдар, студенттер ұлтшылдық ұрандар көтеріп жүр. Біз хандарды мақтауға неге жол беріп отырмыз? Әрине, ескіні жазуға мен қарсы емеспін, бірақ хандық құрылысты мадақтаудың қаншалық қажеті бар еді? Халықтардың арасын ашып, араздастырған, тарих әшкерелеген осы бір өлікті қайта тірілтудің қаншалық қажеті болды? Бұл кітап жастарға керісінше әсер етіп, ұлтшылдық сезімін өршіте түседі. Жазушының жалпы тарихқа көзқарасы түзу емес. Ал, бұл жақсылыққа әкелмейді, зиянын тигізеді. Сіз – инженерсіз. Тарихтан гөрі өзіңіз жақсы білетін өндірісті жазбайсыз ба? Ханның сізге керегі не?

«Мен бұған қатты ренжідім»

Ғабит МҮСІРЕПОВ:

– Ілияс Есенберлиннің кітабы туралы әртүрлі пікір, талас туып жатыр. Бұл әдебиетіміздің бүгінгі мәселелері жөнінде әңгіме қозғауға жақсы себеп еді. Осы тұрғыдан келіп әдебиеттегі қандай құбылысты қолдап, қандай кемшіліктерден арылу керек екенін айтып, қазіргі жағдайға баға беруге болатын еді ғой. Бірақ, біз соған бара алмадық. Жұрт оның орнына дау-жанжал, сенсация күтіп, өрекпіп, дүрліге жөнелді. Мен мұны «саяси мещандық» деп айтар едім. Одақ бұл талқылауды менің келісімімсіз белгіледі. Одақ арнайы тізім құрып, өз адамдарын ғана жинады. Бұл – жабайылық дер едім. Күні бұрын белгілеген 40-50 шақты адам ғана жиналған. Мен бұған қатты ренжідім. Осылай істеуге бола ма? Бұл талқылауды ұйымдастырушы – Есенберлиннің өзі. Кітапта кемшілік жоқ емес, бар. Тарихи деректерді пайдаланудың айыбы жоқ. Әлі пісуі жетпеген шала материал нағыз шебер суретшінің қолына тисе, рухани дүниеге айналары даусыз. Кітапта осы жағы жетіспей жатқан сияқты…

«Есенберлин белгілі, беделді жазушы емес»

Хамза ЕСЕНЖАНОВ:

– Одақтың екінші басшысы беделді, белгілі жазушы болуы керек. Есенберлин ондай жазушы емес. Өз кітабын тезірек өткізіп, бастырып жіберуге қабілеті мол.

Одақтың қазіргі жағдайы бәрімізді де толғандырып отыр. Жазушылар ұйымына басшылық сапалы, дұрыс жүргізілмей келеді. Есенберлин

өзін-өзі сыйлыққа ұсынады. Ал, біз оны неге білмейміз? Осының бәрі үнсіз, жасырын жасалады. Оның соңғы романын мақтай алмаймын. Мен Мүсіреповтің пікіріне қосыламын. Арнайы комиссия құрудың қажеті жоқ еді. Талқылауды еркін өткізу керек еді.

Одақтағы бар әңгіме қазір тек жүзге бөлудің төңірегінде өрбіп жатыр. Әсіресе, Есенберлиннің романынан кейін осы ауру асқынып кетті… Бекежан Тілегеновтың «Тұйық өмірдің құпиясы» кітабынан.

«Жан сырым» кітабындағы Павел Косенконың естелігінен:

27 күнде жазылған роман

– Ілияс Есенберлин асықпай-саспай бір жұмыс күнінде сан алуан шаруа бітіріп үлгеретін. Ал кешкі сағат алтыдан кейін І.Есенберлин директорлықтан «түсетін». Кешкісін, не демалыс күндері қызмет бабымен соғылатын қоңырауды ол жек көретін. Тіпті дүние аударылып жатса да. Өйткені бұл уақытта ол директор емес, жазушы болатын. Қызық еді.

Бірде «Осы кісі қай жерде жүріп осыншама кітап жазды» деген ойтүрткімен сұрап едім, Ілекеңнің айтқаны:

— Үйге келемін, шәй ішемін, сосын ұйықтаймын. Сағат ондарда үйдегілер сабырлана бастайды. Сосын мен столыма отырып, түнгі 3-4-ке дейін жазамын.

— Демалыс күндері де ме?

— Жоқ, демалыс күндері мен аз жұмыс істеймін. Бізде, қазақтарда қонаққа бару, достармен араласу деген салт бар ғой.

– Сонда бір түнде қанша жазып үлгересіз?

– 20-30 бет.

«Көшпенділер» трилогиясының бір романын Ілекең бір айда (қаңтарда) жазды. Оның ішіндегі 4 күні жақын досы – дарынды жазушы Қапан Сатыбалдиннің қайтыс болғандағы шаруаларына кетті. Ай емес, 27 күнде жазды.

Қабдеш Жұмаділов, жазушы:

Есенберлин орысша оқыған

Есенберлиннің арқа сүйер достары болды, бірақ жаулары да аз емес-ті. Оны сол уақыттағы қатарлас жазушылар мойындағысы келмеді. Оны «жетім» деді, мектепте, оған қоса институтта да «орысша оқыған» деп шеттетті. Ілиястың жолы болғаны –

Д.Қонаевпен арадағы достығы. Қонаев Балқашта қызметте жүргенде Есенберлин оның қоластына барып, тәжірибеден өтеді. Ол кезде тау-кен мамандары аз болғандықтан, екеуі аға-іні болып сыйласып кетеді. Содан Есенберлин соғысқа кетіп, ол жақтан жарақат алып оралады да Орталық Комитетке қызметке орналасады. Қонаев бұл уақытта үкімет басшысының орынбасары болып жүрген еді. Екеуінің жолы тағы да түйіседі де, қайтадан араласа бастайды. Бірақ, Қонаев осы кезде өрлейді де, Есенберлин құлдырайды. Оған себеп Ілиястың жары Диляр апай 1937 жылы атылып кеткен белгілі заңгер, Қазақстанның әділет министрі болған, «халық жауы» атанған Хамза Жүсіпбековтің қызы еді. Қазақ – арызсыз жүре алмайтын халық. «Халық жауының қызын қалыңдыққа алғаны үшін» ол өзіне дұшпан тауып алды. Ол аздай, Ілияс сол кезде көріне бастаған еді, қатарластары оны көре алмай, қарсы арыз жазып, қызметінен босатты.

«Жазушы» баспасының директоры болды

1967 жылы сәуір айында «Жазушы» баспасына Ілияс Есенберлин директор болып келіпті» деген хабар дүмп ете түсті. Жаңалыққа біреу сенді, біреу сенбеді. Рас екен. Келіпті деген әңгіме тарады артынша.

Көп жылдар қуғын көріп, әр жерде есік қақты боп жүрген Ілияс Есенберлиннің бұлайша аяқ астынан республикадағы бірден-бір әдеби баспаға директор болып шыға келуі қалам ұстап жүрген қауымды дүрліктіріп тастады. Кейін бір оңаша әңгіме үстінде Ілекеңнен осы жайды сұрағаным бар. Сөйтсек, мәселе былай болыпты:

Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Ілекеңді жас кезінен біледі. Екеуінің де мамандығы тау-кен инженері. Алайда, намысқой Ілекең Қонаев ҚКОК бірінші хатшысы болып тұрған кезінде де алдына барып жәрдем сұрамапты.

Содан екеуінің кездейсоқ кездесіп қалуының сәті киностудияда өтеді. Бір күні республика басшысы киностудияны көрмек болып, аралап жүргенде, кенет топ кісінің арасынан Ілекеңді көріп қалып, өзі тоқтатып амандасыпты.

– Ау, Ілияссың ба? Барсың ба бұл дүниеде? Өзің мүлде көрінбей кеттің ғой?! – дейді Қонаев оның бас-аяғына көз жіберіп.

– Ой, Димеке-ай, әңгіме көп қой! Қайсыбірін айтайын?! – дейді Ілекең тар жерде артық сөзге бара алмай.

– Онда маған бір келсеңші. Әңгімелесейік, – дейді Димекең. Дереу көмекшісіне бұрылып, тапсырма береді.

Есенберлин көп кешікпей Қонаевтың қабылдауында болып, ескі таныстар ұзақ әңгімелеседі. Осы отырыста Ілекеңнің болашақ қызмет орны сөз болады.

– Сен осы баяғыда филармонияны басқарған жоқ па едің? Әріптестердің жағдайына қанықсың. Опера-балет театрына директор болып барсаң қайтеді? – дейді Димекең алғашында.

– Қыз-қырқынмен оңай тіл табысатын баяғы заман өтті ғой! – деп Ілекең күлген көрінеді. – Менің әрі әдебиетші екенімді білесіз. Жазған, жазайын деп жүрген көп дүниелерім бар. Маған одан да «Жазушы» баспасын беріңіз! – дейді қолқа салып.

Тілек екі қайталанбапты. Тиісті жерге бірден бұйрық түскен көрінеді…

Қолжазбаларын үйде отырып қарайтынмын

Әдебиетте қай жағынан олқы соғып жатқанын Ілекеңнің өзі де сезетін. Жалған намыс, өзімдікі ғана жөн дейтін өркөкіректік ол кісіге жат еді. «Көшпенділердің» қолжазбасын маған алғаш ұсынып тұрып:

– Мен өзі, шынымды айтсам, қаланың жатағымын. Аласапыран кезеңде туып-өстік те, қазақтың байырғы тұрмысына көз қанықтыра алмадым. Сондықтан, менің жазбаларымда қазақтың киіз үйі мен жасау-жиһазына, сауыт-сайман, ат-көлік, ер-тұрманына байланысты дәлсіздіктер кетуі әбден мүмкін. Соларды мұқият қарайтын бол. Ал сөз, сөйлем жағын батыл түзетуіңе болады, қолыңды қақпаймын, – дегені есімде.

Мен, мүмкіндігінше, ағамыздың осы сенімін ақтауға күш салдым. Өйткені, біз Ілекеңнің жас достары, Есенберлиннің қаламгерлік құдыреті сөз-сөйлемнің әдемілігінде, тіпті тіл байлығында да емес, оның көтеріп отырған тақырыбының ауқымдылығында, әлі ешкім ат ізін салмаған тарих қатпарын батыл ақтаруында екенін, сол арқылы ұлттық сананы оятқанын жақсы білеміз.

Бір аяғы екінші аяғынан екі-үш сантиметр қысқа

Жас кезінде өмірдің теперішін көп көрген, соғыста ауыр жараланған Ілекеңнің денсаулығы бұрын да мықты болмайтын. Оның неге бір жағына сәл қисайып жүретін себебін кейін білдік. Соғыста оқ тиіп, пышаққа түскен оң аяғы сол аяғынан екі-үш сантиметрдей қысқа еді. Бұған енді шығармашылықтың ауыр азабы қосылды. Жан аялап, бой күту, курортқа бару дегенді ол ұмытқалы қашан! Өмірінің соңғы жиырма жылында оның қаламынан он үш роман дүниеге келіпті. Бұл – тек алыптардың қолынан ғана келетін шаруа. Әйтсе де, Ілекең әлі тың еді. Қанша қажып жүрсе де, жаңа кітабы шыққан сайын қырандай сілкініп, қайраттанып кететін. Меніңше, жазушының жүйкесін жұқартып, өмірден ертерек кетуіне себеп болған нәрсе мынау:

Бастаған шығармасын жазып біткенше, жазылған кітабы жарық көргенше тағат таппайтын Ілекең «Мұхиттан өткен қайық» атты романын қанша күш салса да, шығара алмай-ақ кетті. Бұл –

сол кезде билік басында отырған бюрократиялық жүйені жеріне жеткізе әшкерелеген шығарма еді. Кітаптың жарыққа шығуына сол кездегі белсенділер қарсы болды.

Тағы да өз алауыздығымыз…

Содан кейінгі бір шырғалаң шаруа: Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы орысша шығып болған соң, Лениндік сыйлыққа ұсынылған. Ілекең бұл жолы сыйлық алмаймын деп ойлаған жоқ. Басқаларымыз да зор үміт арттық. Өйткені, ол жылдары бір халықтың төрт ғасырлық шежіресін қамтыған мұндай шығарма КСРО көлемінде жоқ болатын. Ал соңғы турға дейін Ілекеңмен таласып келген грузин жазушысы Нодар Думбадзенің жұқалтаң романы сол кезде әркімдер-ақ жазып жүрген, қатардағы жәй дүние еді. Бірақ, амал не, бірлігі мықты, іргесі берік грузиндер мен қазақтың іштерінен шынашақ айналмайтын, күншіл арызқойлары екі жақтап жүріп, Лениндік сыйлықты Есенберлинге емес, Думбадзеге алып берді.

Мәскеу жақтан сәт сайын хабар күтіп жүрген сондай тағатсыз күндердің бірінде, Жазушылар Одағында Ілекеңмен жолығып қалдым. Ағамыздың қабағы пәс, иығы салыңқы екен.

– Жүре сөйлесейік. Әңгіме бар, – деді Ілекең мені қолтығымнан алып. Қатар жүрген кісіні қолтықтап алатын әдеті. Сөйтсе, кемтар аяғына сәл демеу болсын дейді екен ғой. Жол-жөнекей сыйлық жайында сөз болды.

– Ондағы жағдай мәз емес, – деді Ілекең терең тыныс алып. – Бұрын аппараттағы кейбір адамдардың сөзіне сенбей жүруші едім, кеше сол жақта жүрген комиссия мүшесі Шыңғыс Айтматовпен сөйлестім. Грузиндер Думбадзеге сыйлық әпереміз деп артынып-тартынып Мәскеуде жүрсе, біздің жазушылар менің үстімнен қарша боратып, арыз айдап жатқан көрінеді…

– Бұлары сұмдық қой! Сонда не айтады олар? – деймін таң-тамаша болып.

– Сол баяғы сарын. «Есенберлиннің кітаптары Қазақстанда қатты сынға ұшыраған. Халық қабылдаған жоқ. Ол хан-сұлтандарды мадақтайды, феодализмді көксейді. Бүлікші Кенесарыны көтермелеп, ұлттар достығына іріткі салып жүр…» деп жаппаған жаласы, жақпаған күйесі қалмаған. Орыстардың да ішінде «ит өліп» жатыр ғой, сол сөздерге иланып қалған секілді…

– Арыз жазғандар кімдер екенін білдіңіз бе?

Ілекең біразға дейін жауап қатпады. Тек, сәлден соң барып:

– Олардың кім екені онсыз да белгілі емес пе? – деді баяу күрсініп. – Өздерінен басқа ешкімге болсын демейтін, сол баяғы өзің білетін жікшілдер.

Түс мезгілі еді. Ілекең болмай үйге кіргізіп, екеуміз Диляр апайдың қолынан шай іштік. Диляр апай –

артық сөзі жоқ, Ілекеңнің қас-қабағына қарап қана отыратын өте ибалы кісі болатын.

Қабдеш ағамен аз-кем сұхбатымыз ағамыздың пәтерінде, қонақ бөлмесінде өтті. Жеке жұмыс бөлмесіне де алып кіріп таныстырды. Түрегеп тұрып айтқандағысы осы мақаланы қорытындылауға әдемі ой салды. 2015 жыл Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойы екен. «Үлкен тойға дайындықты бастап та кететін кез келді. Өйткені, Есенберлин жай ғана жазушы емес, қазақ халқының асыл тарихын қағазға түсірген адам», – деді Қ.Жұмаділов.

Тәртіпке салар ағалар қайда қарап жүр?

«Раунақ Есенберлин» деп теріп көрдім, мардымды ештеңе шықпады. Сосын «Қозыкөрпеш Есенберлин» деп жазып, ғаламторды қопарып отырғанымда әріптесімнің «Қазақ қаламгерлерінің балалары «мәңгүрт» деген не сөз?» деген мақаласын тауып алдым. Мақаладағы «Әкесі мұсылман еді, баласы…» деген тармақтан оқығаным мынау: « …Бәрінен де Есенберлиннің аруағын сыйламадық-ау! Аруақ сыйлау дегеннен шығады, бүгінде жазушының ұлы Қозыкөрпеш жайлы тиіп-қашты әңгіме көп. «Иегова куәгері» болыпты дей ме? «Иса мәсіхші» атаныпты дей ме? Әйтеуір мұсылмандық жолдан адасып жүрген көрінеді. Бұл жайлы «Қазақстан-ZAMAN» газеті Қозыкөрпеш миссионерлердің конгресінде бас болып, христиандардың інжілін тәбәрікке алып, әкесінің кітаптарын аяққа таптап жүр деп жазды да».

Шындық па, жалған ба? Аты дардай Есенберлиннің ұлына осындай қылық жараса ма? Күні кеше еліміздің бес ғасырға жуық тарихын жіпке тізгендей етіп, ұрпақ қолына ұстатқан тұлғамыздың өз ұрпағы «адасып» жатса, басқаларына не жорық?! Әлде, бір інісін жөнге салатын ағаның болмағаны ма? Інісіне ақыл айтар, тәртіпке салар ағалар қайда қарап жүр?!

І.Есенберлин мен Диляр апайдың Раушан, Қарлығаш, Дильфруза есімді қыздары және Қозыкөрпеш атты ұлы болыпты. Қозыкөрпешке тоқталғанда, ойланып қалдық. Ұлттың әдеті қалай, ұлдың әдебі ше? Оның артында ұрпақ деген әңгіме тұр. Ілияс Есенберлиннің де ұрпағы… Көшпенділердің ұрпағы… Біз де көшпенділердің ұрпағымыз.

Нарықтың алғашқы жылдарында «Көшпенділер» трилогиясының көз қуанатындай мұқабамен шығуына мұрындық болған Қозыкөрпеш Есенберлин екенін қадап айтқанымыз дұрыс. Әкесінің туған жері Атбасардағы мұражайдың ашылуына да бар күшін салды. Бұл еңбегін әке алдындағы парыз деп түсіндік.

Қанат ӘБІЛСЕЙТҰЛЫ

Алғаш рет 1976 жылы «Көшпенділер» атымен жарық көрген трилогия орыс тілінің өзінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарапты. «Көшпенділер» трилогиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылған екен. 2005 жылғы есеп бойынша, дүниежүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. Бұл трилогияның негізінде 2005 жылы «Көшпенділер» атты тарихи көркем фильм түсірілді.

ТАҚЫРЫПТЫҢ ТҰЗДЫҒЫ:

Қадыр Мырза Әлінің «Иірім» атты кітабын оқып шыққан оқырман жазушыларымыздың көлеңкелі жақтарына көбірек қанығады. Бұл, автордың өзі ескерткендей, асыл азаматтарымыздың пендешіліктерін жіпке тізу емес, эссе жанрының табиғи болмысын сақтау. Эссенің құндылығы сонда, ешкімді мақтамайды да, ешкімді қараламайды. Бәрі қаз-қалпында. «Иірім» кітабында Ілияс Есенберлин жайлы бірер сөз жазылған екен:

«Оның ең үлкен мақсаты, басты арманы – Лениндік, құрығанда Мемлекеттік сыйлықты алу еді. Оның алдында ол Ғабит Мүсіреповпен қатар түсіп, Республика сыйлығын «жеңіп» алған. Ұлы классигіміз Ғабит ақсақал бұл жолы Ілияспен дұрыстап тіресуге жарамады… Бірақ, Мәскеу мінез көрсетті. Бұл жолы «жолы болғыш» қазақ жазушысы грузин жазушысы Нодар Думбадземен қатар түсті. «Алтын Орда», менің түсінігімде, Ілекең шығармаларының ішіндегі ең сүйектісі, ең мықтысы. Бірақ Нодар Думбадзеге төтеп бергенмен, Эдуард Шеварднадзеге төтеп бере алмады. Ал Шеварнадзе – Думбадзенің досы, құдіретті басшы. Сөйте тұра Ілекең де оңайлықпен беріле қойған жоқ. Ол Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар комитетінің бүкіл мүшелеріне арнайы хат жолдады. «Маған дауыс беріңдер!» деп емес, әрине. «Қай кітабыңыздың қазақ тілінде жарық көргенін қалайсыз? Біз сол дүниеңізді тездетіп шығарып берелік» деп хат жазды… Мұның бәрі нысанасын тапқан мергеннің оқтары еді! Оған мен өзім куәмін. Бірақ қазақтың қулығынан грузиннің қулығы басым түсті. Нодардың кітабынан титтей кем емес «Алтын Орда» сыйлыққа ілікпей қалды. Ал Ілекең жүз пайыз сенімді еді…»

«Жас Өркен» танымдық порталы

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: