|  | 

Сұхбаттар

Құдыс Шолпан: Түркия мен Қазақстан байланысына үлес қосудамыз

     

     Түркия қазақтары арасынан шыққан ақын, журналист, түрік қоғамына қазақ тілі мен мәдениетін таныту жолында елеулі еңбек сіңіріп келе жатқан қоғам қайраткері Құдыс Шолпанның Түркиядағы TRT радиосына берген сұхбатын оқырманға ұсынамыз.  

     – Құдыс мырза, Түркиядағы қазақтар Қазақстан мен Түркияның қарым-қатынасында өте маңызды рөл атқаратыны белгілі. Сіздер Түркия Республикасының азаматы және қазақ ретінде екі ел ортасында көпір секілдісіздер. Ең алғаш Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанда қандай сезімде болдыңыз? Түркиядағы қазақтар үшін Қазақстан Туған жер ме, отан ба, әлде атажұрт па?
– Рахмет сіздерге! Бұл сұрақ менің 20 жасымдағы бір оқиғаны есіме түсірді. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі кезінде мен Парижде едім. Оқиғаны газеттерден оқыдық. Мен шамалас көптеген жігіттер қырылғанда қатты күйзелдім. Сонымен 1990 жылы Қазақстан егемендігін жариялағанда қуанып, есеміздің кетпегенін түсіндім. Басқа елдер едел-жедел тәуелсіздігін алып жатқанда түркиялық азаматтар бізден: «Енді Қазақстан қашан тәуелсіздігін алады?»,- деп сұрап жатты. Сонда мен таныстарыма: «Қазақстан шынар сияқты өте үлкен ел. Жаңа ғана бүршік атты. Енді гүлдене бастайды»,-дегенімді білемін. Ақыры көп ұзамай тәуелсіздігін жариялады. Сонда Түркияның елбасы Қазақстанның егемендігін әлемде бірінші болып танығаны бізді тағы бір қуанышқа бөледі.
Түркиядағы қазақтар үшін Қазақстан – туған жер, отан, және атажұрт. Өйткені түркиялық қазақтар ішінде Қазақстанда туылғандар да бар. Көбінесе адамдар ата жұртым, атамекенім деп атайды. Бәрінен де отан деген дұрысырақ. Өйткені, тарихта біздің ата-бабаларымыз Абылай ханмен бірге отан үшін соғысты емес пе?!

      – Қазақстанның ел болып, халықаралық аренада таныла бастауы әрине сіздердің де мерейлеріңізді үстем етеді. Қазір Қазақстан Түркияда қаншалықты танымал? Қазақстан дегенде Түрік қоғамында қандай ел еске түседі? 
– Екі елдің экономикалық, мәдени және оқу-білім саласындағы қарым-қатынасы артып келе жатыр. Студенттердің білім алып, барыс-келіс жасауының және көптеген мәдени шаралардың өтуінің арқасында түріктер мәдениетімізді жете танып жатыр. Түрік қоғамы Қазақстан дегенде тегіміз, дініміз, діліміз бір, тіліміз де ұқсас елміз дейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Түркі дүниесінің ақсақалы, көсемі» сияқты атаулармен өте жоғары бағалайды. Мысалы, өткен жылы Қожа Ахмет Ясауидің ізбасары және Түрік дүниесінің ғұламасы Юнус Эмренің діни әндері түбі бір Түрік елдерінің тілдеріне аударылды. Бұл үшін Анкарада және Алматыда шаралар өткізілді. Қазақ тіліне аударған автор ретінде осы іс-шараға қатыстым. Сонда түріктің ірі тұлғаларының «Қазақстан – біздің атажұртымыздың орталығы» деген сөздерін естігенде Түркияның Қазақстанға деген көзқарасына, сүйіспеншілігіне, танымалдығына қуанып, төбем көкке жеткендей болды. Әңгімелесіп отырғанда мен оларға жазба ақындық талантыммен өлең жолымен ыстық лебіз айтып едім. Сонда екі ауыз өлең сөздің мағынасын түсіне қойған Анадолының адамдары елімізге алғыстарын білдіріп жатты.
     – Қазақстанның Түркияға танылуы үшін Түркиядағы қазақтардың да көп еңбек сіңіріп жатқаны мәлім. Мұндағы қазақтардың қандай ұйымдары, қауымдастықтары бар?
– Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, шет елдегі қазақтарды отанға көшуге шақырды. Үлкен құрылтайлар арқылы қазақ отбасыларын көшіріп алып жатты. Осы кезде Түркиядағы қазақ ағайындар ішінен де көшкендер болды. Әсіресе Ауғанстаннан Түркияға келген көптеген қазақ қандастарымыз Алматыға жақын жерлерге барып, бір ауыл болып орналасты. Қазақстан осылай көші-қон арқылы келгендерге үй берді, жер берді. Қазақстанның да, Түркияны да азаматы болып жүрген кісілер бар. Осы орайда Түркиядағы қазақтар ішіндегі құрылған қоғамдар елге оралғандарға дәнекер болып жатты. Қазақтанның да қолдауымен Еуропа және Түркиядағы қоғамдарымыздың жыл сайын өткізетін кіші құрылтайлар ел арасындағы қандастарымызға да, өз ішіміздегі туыстарымызға да қарым-қатынас жағынан пайдасы болды. Бірақ, Түркиядағы қазақ қоғамдары бір шаңырақ астында күшеюіміз керек.

 

– Сіздің Түркияда қазақ тілі мен мәдениетінің танылуына еңбек етіп келе жатқаныңызды білеміз. Демек, түрік қоғамында қазаққа деген қызығушылықтың артып келе жатқаны ғой, солай ма?
– Иә, дұрыс айтасыз. Түркиядағы халықтың Қазақ еліне деген қызығушылық артып келеді. Әлеуметтік желілер арқылы түбі бір түркі тілдері туралы парақшалар жүргізейік деген бір ой болған. Мұны жеке ұйымдастырайын деген ойда емес едім. Бұл жөнінде тегіннен бері Түркияда туып өскен ағайындар тіліміздің жақындығы жөнінде менімен көп әңгімелесті. Кирил, латын және төте әріптері туралы жаттығу үлгілерін берейік деген ұсыныс жасады. Мен де «игі дәстүрдің жаттығы жоқ» деген оймен бұл ұсынысты қабылдадым. Сонымен 6 жылдан бері қарай Др. Баки Дөкме және Осман Гүндүз Акын ағайлармен бірге қазақ тілінің танылуына үлес қосып келе жатырмыз. Түркияда көптеген студенттердің қазақ тіліндегі диссертация секілді тапсырмаларына көмектесіп жатырмыз. Мұнымен бірге қазақ мәдениеті, әдет-ғұрып, салт-санасы туралы түрік тілінде жазып құрастырған жинақтарымды интернет арқылы жариялап та отырамын. Осы достарыммен және сайттағы мүшелерімізбен бірге екі ел арасындағы тіл және мәдениетіміздің ұқсастығын дәлелдеп келе жатырмыз. Мұнымен бірге танысқан жолдастар ішінде экономикалық салада Қазақстанмен сауда жасағысы келетіндер бар. Бұл да Қазақ еліне деген қызығушылық ғой.

– Түркия мен Қазақстан қазір түркі әлемінің ең маңызды мемлекеттері болып табылады. Қазақстан үшін Түркия қаншалықты маңызды болса, Түркия үшін де Қазақстан соншалықты маңызды. Түркиядағы қазақтар тұрғысынан екі ел қарым-қатынасына қандай баға берер едіңіз?
– Түркия мен Қазақстан – түркі әлемінің болашағын қалыптастыратын екі маңызды ел. Мұнымен қатар экономика және тарихи жағынан да бір-біріне байланысты екі күш. Тегі бір болуымен қатар мәдениетіміз де ұқсас мемлекетпіз. Бұл екі ерекше ел арасындағы қарым-қатынас, экономикалық байланыспен бірге әскери және мәдени саладағы басқан қадамдары келешек үшін стратегиялық ынтымақтастығы аясында қолға алынуда. Бұл түркі дүниесінің де осы салада дамып бірігуіне жағымды үлес болып тұр.
Назар аударатын ең маңызды істердің бірі, Нұрсұлтан Назабаевтың Астанада құрған Халықаралық Түрік академиясы. Бұл академияда белгіленген басты мақсат – түркі әлеміндегі түркологтардың зерттеулерін біріктіріп жүзеге асыру. Сондай-ақ, түркі дүниесі әдебиетімен бірге тіл саласындағы зерттеулерді бір ордаға жинап, электрондық кітапханаларды және мұрағаттарын қалыптастыру секілді жоғары деңгейде қызмет етіп келеді.
Түркиядағы қазақ қандастарыңыздың бірі ретінде екі елдің қарым-қатынасына деген пікірлерімді былайша түсіндірейін. Жер бетіндегі қиыншылықтарға тап болған бүкіл түркі тектес азаматтарға көмектесейін деген жоғары мақсатты өзіне міндет етіп алған Түркия сияқты, Қазақстан да шетелдегі қандастарына қолдан келген жақсылығын жасады. Қазақстан деген бір мемлекетіміз, еліміз бар деген қандай ғанибет. Табиғи байлығы мен кең жеріне қызықпайтын ел бар ма? Енді біздер елге оралып, қолымыздан келгенді істеуіміз керек. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!

baq.kz

Related Articles

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • “Саясаткерлер пафоспен сөйлегенді жақсы көреді”. Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының болашағы бар ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшыларының Самарқанда (Өзбекстан) бірігіп түскен суреті. 11 қараша, 2022 жыл Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Бұл кездесу не береді? Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, аймаққа ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық осы жөнінде Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті. ТҮРКИЯНЫҢ МҮДДЕСІ МЕН ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? – Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Ұйым азаматтық қорғаныстың бірлескен механизмін нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібінде аймақтағы және сырттағы саяси-экономикалық оқиғаларды талқылау мәселесі тұр. Саммиттің уақыты мен геосаяси контексі жөнінде

  • АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты өзгерді ме? Елші Дэниел Розенблюммен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК  АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің Азаттық радиосына берген сұхбаты АҚШ дипломаты Дэниел Розенблюм Қазақстанға елші болып келгеніне бір жылға жуықтады. Оған дейін ол Өзбекстандағы елші қызметін үш жыл атқарған. Орталық Азияға маманданған дипломат аймақ басшыларының Нью-Йоркте президент Джо Байденмен оңаша кездескені саяси жетістік дейді. Азаттық елшіден сұхбат алып, C5+1 саммитінде адам құқығы тақырыбы қаншалық қозғалғанын, Қазақстанға төнген санкция қаупін және АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты қалай өзгергенін сұрады. НЬЮ-ЙОРКТЕГІ КЕЗДЕСУ ҚАЛАЙ ӨТТІ? – АҚШ президенті Джо Байден жақында Орталық Азия басшыларымен C5+1 форматында кездесті. Саммит алдында құқық қорғау ұйымдары осы жиында адам құқығы басты назарда болса екен деп үміт білдірді. Бұл үміт ақталды ма? – Нью-Йоркте өткен C5+1 саммиті

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: