|  | 

Көз қарас

ЖАҚСЫҒА ШАҢ ЖУЫМАС…

 Жақсыға шаң жуымас
Қадірменді оқырман қауым!

 

Таза еңбегімен елдің алдына шыққан, қаншама мыңдаған науқастардың дертіне шипа жасап алғысқа бөленген, іскер, түрлі мәдени іс-шаралардың демеушісіне айналған медицина ғылымдарының докторы, академик Жасан Зекейұлы туралы, оның халқына атқарып жатқан қызметін көре алмайтын жандар тарапынан түрлі алыпқашпа сөздерді естіп қалып жүрміз. Әрине кейбіреулер істің ақ-қарасын ажыратып алмай жатып, өзгелердің айтағына еріп кетіп жатыр. Сол себепті Жасан Зекейұлының басынан өткен жағдай, сот процесі туралы нақты шындықты жұртшылыққа жариялауға бел будық. Жасан Зекейұлының еміне зәру болар адамдар әлі де мыңдап кезігері анық. Солардың да көңілінде дүдәмал ойлар болмау үшін ақиқатты алға шығарып отырмыз.

 

“Жас Алаш” газетінің өткен жылғы(№37 (16015) 13 мамыр, сәрсенбі 2015ж.)санында “Академик” отбасымен соттасып жүр» деген тақырыптағы мақала жарияланды. «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса да» деген мәтелге сайып, газет өзімдікі, не жазсам да, қалай жазсам да, ерік өзімде дегені болар. Яғни жұмыс бабын өз мүддесіне пайдаланған пейілі болу керек. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп үлгерген Жасан Зекейұлының отбасына сөз келтіріп, отағасын ел алдында ақты ақ деп, қараны қара деп ажыратып, айыруға бас қатырмай, қаралап бағыпты. Отбасы деңгейінде бір мәмілеге келтіріп екі жақты келістіріп шешілетін мәселені үлкен қоғамдық “проблемаға” айналдырып жіберді. Мақаланы жариялаудағы мақсат, бүкіл халықтың алдында Жасан Зекейұлының абыройына нұқсан келтіру болған.

“Жас Алаш” газеті жариялаған мақалада Жасан Зекейұлына орынсыз жала жауып, үлкен жан азабына түсірді, өзінің тексерілмеген, анықталынбаған деректерді бетке ұстап мәртебелі азаматтың түңілуіне, ызалануына, ұятқа, қажуға және бүкіл Қазақстан халқының алдында жайсыздыққа әкеліп соқтырды, эмоциялық өзіндік жан күйзелісіне түсірді. Адамның жан күйзелісіне түсіріп, өмірден бір сәт түңіліп кетуіне соқтыруы әбден мүмкін еді. “Жас Алаш” газеті басшыларының мұндай іс-әрекеттері ешқандай мәдениетке, адамгершілікке жатпайды.

“Жас Алаш” жариялаған мақала атауында академик деген сөз тырнақшаға алынған. Тегі әжуа-мысқыл мағынасын араластырып, сиыстырған ғой. Бұл мәртебелі ғылыми атақты Жасан Зекейұлына Халықаралық инемен емдеу академиясы, Халықаралық ғылым академиясы, Халықаралық Ресей шығармашылық академиясы, Вена (Австрия) Халықаралық университеті сияқты бүкіл әлемге танымал ғылыми мекемелер, ұжымдар берген ғой.

Бұл дегеніңіз, “Жас Алаш” тек Жасан Зекейұлын ғана емес оған академик атағын берген ғылыми ұжымдарды да біржолата қаралап шыққанымен бірдей емес пе?..

   Мақаланы оқып шыққан соң, Жасан Зекейұлының «абыройым мен намысымды қаралады» демесіне амал қалмаған. Содан кейін газеттің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлын, тілшісі Меруерт Тұрлыбекованы газет оқырманы Қаден Мұқанұлын (мақаланы жан-жаққа белсенді түрде таратқаны үшін), бірінші азаматтық некедегі әйелі Гүлия Әлиханқызын және оның әкесі Әлиханды сотқа береді.

Сондай-ақ, моральдық шығын өтеуі ретінде “Жас-Ай” медицина орталығының пайдасына 40 млн. теңге өндіріп беруді соттан сұрады. Сот үрдісінің барысы кезінде, Жасан Зекейұлы “Жас алаш” газетін әуелде 6 айға жауып тастауды өтінген болатын. Кейін ол арызынан бас тартқан екен. Кезінде ерлі-зайыпты болған кісілер арасындағы отбасы дау-дамайына бүйірден араласқан “Жас Алаш” газеті бұл талап-өтінішке соттың жоғарыда аты аталған ұжымнан 40 млн. теңге (қырық миллион теңге) моральдық шығын өндіру туралы қабылдаған шешіміне «Жас Алаш» ұжымы қарсылық білдіреді. Енді келіп, Рысбаек Сәрсенбай газеттің бас редакторы ретінде қоғамда мынадай пікірлер тудыруға барын салып баққан: «Жас Алаш»  халық газеті, билік соның үнін өшірмекші; 40 млн. теңге айыппұл Қазақ баспасөзі тарихындағы бірінші оқиға; Жасан Зекейұлының қалқасында билік тұр; билік соның қолымен от көсеп отыр» деген ой тастауда.

Шындыққа жүгінсек, жетімге жебеу, мүгедекке медеу, ардагерлерге арқау болған Жасан Зекейұлының артында тұрған билік емес, мыңнан асып саналатын, одан дертіне дауа тапқан аурулар, науқастар, оны іздеп, ауру-сырқауынан айыққалы жүрген жұрт, яғни халық тұр.

Аудандық және қалалық сот “Жас-Ай” медицина орталығының пайдасына 40 млн. теңге моральдық шығын өтеу туралы қабылдаған шешім, Елбасымыздың “Жүз нақты қадам” жобасындағы “Заңның үстемдігін қамтамасыз ету” тарауы қарастырған  нақты шараларының іске асып жатқанының айқын көрінісі болып табылады.

Қандай да болмасын мәселенің шешімі “Жас алаш” газеті басшысының көңілінен шықпаса, мұның саяси астары бар, артында билік тұр деп санайды. Аудандық сот, қалалық соттың қай-қайсысы да биліктің “тапсырысын” орындайды деген ой шеңберінен бұлар шыға алмай жүр.

Кеюі болса да кегі жоқ Жасан Зекейұлы сотта “мировой” деген болады, бітімгершілікке, мәмілеге келу үрдісі болатынына сеніп, Гүлия Әлиханқызымен телефон арқылы сөйлеседі. Гүлия Әлиханқызы, Жасан Зекейұлына мәмілеге келер бұрын, «өз заңгеріммен ақылдаспай шеше алмаймын» деп айтады. Заңгері – Үстеміров Нұрлан болып шықты. Дискіде Гүлия Әлиханқызының Үстеміров Нұрланмен сөйлескеннен кейінгі Жасан Зекейұлының ұялы телефонына жазып жіберген  хабарламасы бар. Онда «Жасан Зекейұлы өзінің басындағы 4 үйін бірден өткізсін, сонымен бірге  миллионға жуық  АҚШ ақшасы нақты сома беруін талап етемін, сонда ғана «мировойға» барамыз» делінген.

Жасан Зекейұлы: «Ондай ақша менде жоқ. Өзім кредитте отырмын. Тіпті басымдағы үйді де саған берейін. Басқа не керек? Бірақ Үстеміров Нұрланды қоспай-ақ өзіміз, шешейік. Отырып адамша сөйлесейік, дегенде Гүлия «Сол бүтін мүлкіңді, барлық имуществоңды, «Жас-Ай» орталығының 30%-ын Үстеміровке беруге келісіп қойған едім» деп, шындығын айтады:

«Дубок» ықшамауданындағы үйді жазып берейін. Сізге не керек? – дегенде Үстеміров Нұрлан орысша сөйлеп былай деді: “Бізге Жасан Зекейұлының ана үйі, мына үйі керегі жоқ. Бізге сіздің бүкіл имуществоңыз керек» деген сөзі диктофонда жазулы және АКТ-де тұр.

Олардың көздеріне түсіп отырған әл-Фараби даңғылы, Розыбакиев көшесі қилысында орналасқан “Жас-Ай” медицина орталығының жақсы бағаланатын ғимараты ғой.

Мұны сыбайлас жемқорлықтың бүгінгі әдіс-амалы демеске лажың жоқ. Жасан Зекейұлы өзінің 4 баласына 2 үйді жазып бергені  және сол үйде Гүлия Әлиханқызының туған бауырлары тұрып жатқаны, оны жалға беріп отырғандығы туралы қағаздарын сотқа өткізген. Мұнымен қатар әр ай сайын еңбек ақысының 50% осы балаларының киім, оқу қаражатының барлығын алып бергені хақында заңды құжаттарын, талондарын бәрін сотқа өткізген екен. Ақмарал деген қызын арнайы кәсіптендірілген «Түрік лицейіне» жылына 1,5 млн. теңге ақша беріп оқытып жүрген. Алайда Жасан Зекейұлының рұқсатынсыз Гүлия Әлиханқызы айғай-шу көтеру мақсатымен сол мамандандырылған оқу орнынан баланы шығарып алған.

Гүлия Әлиханқызының басында 2 машинасы бар екені анықталынған. Әбілбек Әлихан қайын атасына «Спутниктің» қарсы алдындағы 8 бөлмелі үйді өзінің жекешелендірілген үйін сатып сол ақшаға алып берген. Осы жақсылығының барлығы есепке алынып отырған жоқ.

Гүлия Әлиханқызы балаларды әдейі жұпыны киіндіреді, бейшара кейіпке келтіреді, оларға елден көмек сұратады екен. Мұндағы мақсат адалдық пен имандылықтан жаратылған, Жасан Зекейұлының абыройын түсіру, ел алдындағы беделін төмендету, әрине.

«Алашағым кетсе де,  айташағым кетпесін» деген оймен Жасан Зекейұлы “Жас Алаш” газетіне “Жаптым жала, жақтым күйе” атаулы мақала жазған. Газет редакциясы бұл мақаланы шығарды, бірақ мақаланың 40% ғана жарық көрді. Тегі өздеріне ұнамайтын жерлерін қысқартып яки алып тастаған. Әлбетте мұнда да өздерінің “есебі” болған ғой. Аса қадірлі қазақ әдебиеті алыптарының бірі Ғабит Мүсірепов айтқан екен: «Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін, өзіңде күйе болуы керек».

“Жас Алаш” газеті Гүлия Әлиханқызының жеке басын, балаларының мүддесін қорғаушысы болып көрінуге тырысқанымен ең басты мақсаты – ел атын төрткүл дүниеге, бүкіл әлемге шығаратын, Елбасы бастаған, халқы жақтаған “Нұр-Отан” партиясының мүшесі, Елбасы қолынан “Алғыс хат” алған парасатты азаматты, “Алтын қол” дәрігер атанған, медицина ғылымдарының докторы, ҚР-сы денсаулық сақтау ісінің үздігі, Вена (Австрия) Халықаралық университетінің құрметті профессоры, Халық медицинасы және Ғарыштыққуат академиясының, Халықаралық Ресей шығармашылық академиясының академигі Жасан Зекейұлына ауыз салу, оның жүйкесін жұқартып денсаулығына залал келтіріп, адал еңбегімен, дарын қабылетімен, тәнін де жанын да аямай, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей салған 5 қабатты ғимаратты, дүние-мүлкін (оларша айтсақ бар «имуществосын») өз иелігіне өткізіп алу. Тіпті, олар әртүрлі айла-шарғысын қолданып Жасан Зекейұлынының өміріне қауіп туғызған әрекеттері де баршылық.

  Қазақ атам «Үндемесең дау алады», – дейді емес пе?  Рысбек Сәрсенбай бастаған “Жас Алаш” газеті басшылығы мен Жасан Зекейұлы арасындағы текетірес себептері, Алмалы аудандық сот пен Алматы қалалық соты Жасан Зекейұлының  пайдасына шығарған шешімі туралы осылайша нақты деректер келтіріп, «Керей» ақпараттық-танымдық порталы арқылы жариялап отырмыз. Енді Жасан Зекейұлы турасындағы өтіріктен бастау алған жала сөздерге нүкте қойылып, азаматтың адал еңбегі мен абырой биігі туралы бейпіл сөздерге жол берілмейді, – деп ойлаймыз.

 

        Сейітзада Әсембек – мәдениеттанушы

kerey.kz

 

 

 

 

 

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: