|  | 

kerey.kz TV

ЕЛБАСЫН ҚАТТЫ ТАҢЫРҚАТҚАН КОНЦЕРТ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитінің гала-концертін сүйсіне тамашалады. Елбасы концерттен алған әсерімен қазақстандық журналистерге арналған брифингте бөлісті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» порталы хабарлайды.

«Қазақстандықтарға көрсетіңіздер. Кеше бізге көрсеткен концерті күшті әсер етті, ғаламат! Судағы «Аққу көлі»: суды жалаң аяқ шалпылдатып кешіп, биледі, субұрқақтарды қолмен, ожаумен жасайды. Барлығы жүзіп жүр және кетіп қалады: қабырғалар, оркестр, орындаушылар. Жалпы ғажап болды, қаншама техника қолданылды. Режиссері Олимпиада ойындарының (2008 жылғы Бейжің жазғы ойындары  ҚазАқпарат ескертпесі) ашылуын қойған адам екен», – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ҚР Президенті G20 саммиті гала-концетін қойған қытайлық режиссерді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертті дайындауға шақыру жайында ойланып қалғанын айтты.

«Ал біз қайда жасаймыз? Есілде ме? Бізде суда жасауға келмейді. Мүмкін қардың үстіне шығар? Біз көп нәрсені көреміз, бірақ олар (Қытай – ескертпе) мұны тамаша, ауқымды жасай алады. Мен бұл жерге бірінші рет келіп отырғаным жоқ», – деді Н.Назарбаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайы ғимаратының ауқымы ҚХР Халық жиналысы  Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы ғимаратына балама ретінде жасалғанын атап өтті.

«Тәуелсіздік сарайын мен үлгі ретінде алдым. Осы жердегі Халық өкілдері үйін көрдім, ол өте үлкен, үлкен жиындар өткізуге арналған. Астанада осындай ғимарат салу керек деп шештім. Әрине, бізде мұндай үлкен емес. Бірақ, меніңше, бізге жарайды», – деді Н.Назарбаев.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді. Бірінші сессияда Мемлекет басшысы жаһандық экономика мәселелерін шешу жолдары туралы өз болжамдарын айтты.

Abai.kz 

Related Articles

  • ЗАМАНБЕК НҰРҚАДІЛОВТІҢ ҰЛЫ ӘКЕ КЕГІН ҚАЙТАРМАҚШЫ

    ——————- «Сені өлтіру шыбыннан да оңай»: Нұрқаділовтің ұлы құпияның шетін 17 жылдан кейін шығарды (ВИДЕО) Авторы: Нұрлан Әлинұр, 03.03.2022, “Түркістан” газеті Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына алғаш рет сұхбат беріп, 17 жыл бойы айтпаған құпиясын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, енді әкесі Заманбек Нұрқаділов туралы бар шындықты айтудың сәті келген. Шындықты айту менің парызым деп санайды. «Әкем саясаттың құрбаны болды. Екі рет жүрегінен, бір рет маңдайынан атып, өз-өзіне қол жұмсады дегенге келіспеймін. Қайтыс болғанда департаменттегілер мені жәбірленуші болып, барлық сараптама құжаттарға сен қол қоясың деді. Бір жұма өткеннен кейін пальто киген ұзын бойлы органдағы екі жігіт келді. Олар «өз-өзін өлтірді болады, суицид деп жазамыз, сен соған

  • Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар туралы сұхбатымның қазақ тіліндегі нұсқасы

    Армысыздар, құрметті достар! Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар туралы сұхбатымның қазақ тіліндегі нұсқасын өз арнама салуды жөн көрдім. Сұхбатта аталған оқиғадан кейін үкімет нақты қандай жұмыстарды қолға алуы тиіс және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қандай шараларды жүзеге асыру керек деген мәселе жөнінде сөз қозғадық. https://youtu.be/BhPWztjzHYw?t=712 https://www.youtube.com/watch?v=BhPWztjzHYw

  • Елордалық филармонияның әртістері ақ халаты абзал жандарға ән арнады.

    https://youtu.be/scqqgINrA6U   Елордалық филармонияның әртістері Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ақ халаты абзал жандарға ән арнады.  ​ Короновируспен алдыңғы қатарда күресуде өз уақытын өз-өзіне немесе жақындары мен туыстарына емес, науқастарға арнай отырып,  үлкен ерлік пен батылдық танытқан  қазақстандық дәрігерлер де болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының    әртістері ақ халатты абзал жандардың ерлігін жырлап “Дәрігерлер” әнін жазды және оны дәрігерлерге арнады. Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, “Қорқыт” этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты

  • Қазақ Сібір хандығына – 800 жыл!

          Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер де Қазақ хандыгының тарихы бір жақты көрсетіліп жүр. алғашқы Қазақ хандығымен соғысқан көрші елдер халқымыздың бітіспес жауы ретінде баяндалады. Солардың бірі – Сібір хандығы. Ғасырлар бойы Қазақ Хандыгының теріскей жағында жатқан қазақ тайпалары Сібір хандыгының құрамында ғұмыр кешкені белгілі. Бүгінде Ноғай ордасы мен Сібір хандыгын Ресей ғалымдары меншіктеп алып жүр. Ал қазіргі қазақ елінің құрамына кіретін керей тайпасының сол заманда өз хандығы болған. Керей хандарының ғасырдан ғасырға созылған ежелгі әулеті Оң ханмен, Сәнгүнмен бітпейді. Әрқилы тарихи жағдай, әртүрлі кейіпте одан әрі жалғасқан. Оң ханның «Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: