БҰҰ-да ЖАҢА БАС ХАТШЫ!
Кеше Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясында Португалияның бұрынғы Премьер-министрі Антониу Гутерриш бір ауыздан БҰҰ Бас хатшысы болып сайланды. Мұның алдында оның кандидатурасы Қауіпсіздік Кеңесінде мақұлданған екен. Ол қызметіне 2017 жылғы 1-қаңтардан кірісетін болады.
Гуттериш БҰҰ-да ұзақ уақыт босқындар ісі жөніндегі комиссар қызметін атқарған. Босқындық ұлғайған соңғы жылдарда ол «Жалпыға ортақ адам құқықтарының Декларациясы» негізінде босқындар құқығын қорғау, оларға баспана беру мәселелері бойынша үлкен жұмылдырушылық рөл атқарды. Өз басым үнемі адами құндылықтарды басшылыққа алып жүрген қайраткердің планетарлық қызметке тағайындалуын құптадым. Бәлкім, енді адамзаттық құндылықтарды әспеттеу жолымен жаһандық проблемалар азаяр деп үміттенемін.
Пікір қалдыру