|  |  | 

Саясат Сұхбаттар

Амангелді Айталы: Орыс тілінің өктемдігін тек қазақы намыс жеңе алады

Осыдан бір-екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев — қазақ тілі Қазақстан халқын топтастыратын күш болу керек деген еді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл тамаша бастама әлі күнге дейін сөз күйінде қалып отыр. Неге?

 

1340006042-991-200x200
Амангелді Айталы

Осы және қазақ тілінің қазіргі жәй-күйіне қатысты басқа сұрақтарға Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымының докторы Амангелді Айталы жауап береді-деп жазды 365info.kz.

— Ең алдымен барды бар деп айтайық. Қазақ тілінің тәуелсіздік жылдарында білім, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, экономика, ғылым, саясат, қорғаныс салаларында өрісі кеңейді. Қазақ тілі дін саласында да кең өріс алды. Тек қазақ тілінде бірнеше телеарналар жұмыс жасайды, терминология саласында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазақ тілі ғылым тіліне де айнала бастады, ол тілде диссертациялар қорғалады. Қазақ тілі басқа тілдерден, Еуропа, әсіресе, ағылшын, сондай-ақ араб, түркі тілдерінен жаңа сөздермен толықты.

1991-1992 оқу жылында қазақ тілінде барлық оқушылардың 28 пайызы оқыса, қазір бұл көрсеткіш 70 пайызға жетті. 2016 жылы 1 сыныпқа барған оқушылардың 89 пайызы қазақ мектебін таңдапты. («Ана тілі», №40, 6-12 қазан, 2016 жыл.)

Бірақ 2013 жылғы 18-сәуірде Елбасы Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында халықты біріктіруші фактордың кепілі болып табылатын мемлекеттік тілді жекелеген этнос өкілдерінің төмен деңгейде білуіне, осының салдарынан мемлекеттік сәйкестік пен ұлттық бірлікті нығайту тетіктерінің әлсіреуіне аса назар аударылған.

Мұның өзіндік себептері бар.

— Соларды атап өтсеңіз…

— Ең алдымен, тарихи және демографиялық факторларға назар аударайық

Қазақтар да орыстандыру саясатының өкпе тұсында тұрды. Ресей империясында тұңғыш халық санағы 1897 жылы жүргізілген, Түркістан өлкесін есептемегенде, қазақтар саны 81,9 пайызды, орыстар 10,15 пайызды құраған, қалғаны басқа да ұлт өкілдері болған.

Одан әрі 1959 жылға дейін қазақтардың үлесі өз елінде азая береді: 1920 жыл -58,5 пайыз , 1939 жыл – 37,8 пайыз, 1959 жыл -30 пайыз болған.

1970 жылдан бастап, қазақтардың үлес салмағы аз да болса өсе бастап, 32,5 пайызын құрайды, 1979 жылы бұл көрсеткіш 35,5 пайызға жеткен.

1991 жылы тәуелсіздік алған тұста қазақтар ел халқының небәрі 40 пайызын құрады.

Он адамның төртеуі ғана қазақ болды, сол төрт қазақтың біреуі қазақ тілін жөнді білмеді.

Қазақстан орыстанған, славянданған, христиан әлемінің жалғасы болды. Сондықтан қазақтарды орысқол деп өзбек, тәжік, түрікмендермен салыстыру орынсыз.

Біздің бірнеше ұрпақтың тілімен бірге рухы да орыстанды.

— Ал қазіргі жағдайды қалай бағалауға болады?

— 2009 жылғы санақ нәтижесіне қарасақ, жағдай жақсарған сыңайлы, қазақтардың 98,3 пайызы ауызекі сөзді түсінеді, 95,4 пайызы қазақша еркін оқиды, 93,2 пайызы еркін жазады. Бұл деректер де сенімсіздік туғызады және өмірде олар дәлелдене бермейді.

Көптеген ата-аналар, әсіресе, жастар, тілі шықпаған балаларына дейін өздері ана тілін шала білсе де, қазақ тілін біледі деп жаздырған. Бұл жерде ұлттық психологиялық фактордың да ықпалы бар, ұялғаннан ана тілімді білем дегендер көп.

Сондықтан да қазақстандық орыс диаспорасы өкілдерінің 25,3 пайызы қазақ тілін түсінеді, 8,8 пайызы оқи алады, 6,3 пайызы жазады дегенде күдік туғызады. Соңғы кезде орыстар ағылшын тіліне артықшылық бере бастаған: бұл тілді олардың 12,6 пайызы түсінеді, 7,8 пайызы еркін оқиды, 5,6 пайызы жазады.

Екінші бір үлкен фактор —

еліміздегі диаспоралардың өкілдері әлі де өздерінің, не ұрпақтарының тарихи отандарына қоныс аударғанын қалайды.

Мәселен, «Сіз, өз балаларыңыздың болашағын қазақ елімен байланыстырасыз ба?» — деген сауалға, қазақтардың 96,9 пайызы, орыстардың 53,5 пайызы, басқа диаспора өкілдерінің 78,5 пайызы -«иә» деп жауап берген.

Яғни, орыстардың 46,5 пайызы ұрпақтарының болашағын тарихи отанымен, яғни, Ресеймен немесе басқа да елдермен байланыстырады.

Демократиялық қоғамда қолайлы ел, қоныс, жұмыс таңдау — әр жеке тұлғаның, отбасының құқы. Олар үшін Қазақстан әлі де Отан емес, сондықтан мемлекеттік тілді меңгеруге талпыныс жоқ.

— Қазақ тіліне қажеттілікті тудыру, оған деген сұранысты арттыру үшін не істеу керек?

— Ең бастысы, қазақтардың шынайы ұлттық намысы төмен.

«Қазақ аман болса, қазақ тілі өлмейді» дегенмен келісе беру қиын. Қазақ аман болсын, бірақ орысша сөйлеп, жазып кетпеуіне кепілдік жоқ.

Бүгін орыс тілінің үстемдігі қазақтардың оны қазақ тілінен жоғары деңгейде меңгермеуі салдарынан орын алып отыр. Оны диаспора өкілдері де жақсы біліп отыр.

«Читайте именно с юмором любые языковые указы и законопроекты, так как эта писанина (разрабатываемая, кстати, первично на русском языке, с последующим переводом на казахский) из области фантастики. Говорите и пишите, как и раньше, на великом могучем и главное естественно (!) господствующем русском языке. Его не под силу никому реально запретить», — деді бір басылым.

Осындай өктемдікті тек қазақтың намысы жеңеді.

Қазақтың тілін, бір жағынан, ұлттың намысы қамшыласа, екінші жағынан, мемлекет қолдауы да мықты болуы керек. Қазақ тіліне сұраныс туғызбай болмайды. Қазақтардың басым көпшілігі тұратын Атырау, Қызылорда тағы басқа облыстарда аудармашыларсыз жұмыс жасайтын мүмкіндік бар.

Жұмысқа қабылданғанда, лауазымды қызметке тағайындалғанда қазақ тілінің, басқа ұлт өкілдеріне емес, қазақтарға міндетті болмауы бірқатар ата-аналар мен жастар арасында қазақ тілін білудің қажеттігі туралы әртүрлі ой туғызып отыр.

Кадрларды іріктеу мен тағайындау мәселесінде олардың мемлекеттік тілді меңгеруі мен елдік ұстанымына назар аударудың орны бөлек.

Демографиялық үрдіс те бүгін қазаққа жұмыс жасап отыр. Орыс халқы 1989 жылы 37,4 пайыз, 1999 жылы – 30 пайыз, 2009 жылы – 23,7 пайызды құрады. Бұл табиғи өсімге және басқа елдерге қоныс аударуға байланысты.

Ертең елімізде қазақтар 75-80 пайызды құрап, бірақ орысша сөйлеп, іс қағаздарын орысша толтырсақ, ел ішінен ши шығып кетуі мүмкін.

Сондықтан, бүгін барлық мүдделерді үйлестіретін тілдік, ұлттық салиқалы, саяси идеология қажет.

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: