|  |  | 

Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл

«ҚАЗАҚ ҚАҒАНДАРЫ» – ӘЛЕМ БИЛЕУШІЛЕРІ

Тарихқа үңілсек, бүкіл әлемге билігін жүргізген ұлы билеушілердің бәрі «Қаған» деген лауазым атауын иемденген екен. Мысалы, Қазақ қаған, Алаш қаған, Мөде қаған, Оғыз қаған, Еділ қаған, Бумын қаған, Естеми қаған, Білге қаған, Қадыр қаған, Шыңғыс қаған т.т. болып кете береді. Бұл жерде аса көңіл аударатын жағдай, осы қағандардың ғұмыр кешкен дәуірлерінің араларын бірнеше мыңжылдықтардың бөліп жатқандығы.

  «Моңғолдың қираған Қарабаласағұн (Қара Балықшы Сақ Ғұн М.Қ.) қаласынан терістікке қарай қырық шақырым жерде Орхон өзенінің бойындағы Эрдени Цзу монастрының жанындағы құлпы тастағы жазу-«Күлтегін» әдеби-тарихы мұра аталады. Түркі тектес халықтың ескерткіші, әсіресе, мұны жаздырған Күлтегіннің туған атасы Білге қаған Табғаш елінен бәдізшілер алдырып, тас қашатқан. Оның сөзін заманындағы атақты жырау Йоллық тегін құрастырған. Ескеркіш Құтлық қағанның кенже ұлы, әскер басшысы Күлтегінге орнатылған. Жазудың екінші тараудағы қырқыншы жолында былай делінеді: «Жоғарыда аспан, төменде қара жер пайда болған шақта, екеуі арасында адам баласы жаралды. Оларды басқару үшін, біздің ата-бабамыз Бұмын қаған мен Естеми қаған жаралды. Дүниенің төрт бұрышындағылар бізге  бағынған. Бағынбағандарының бастарын идіріп, тізелерін бүктірді» (Б.Қ.Албани «Қазақия» Алматы, 2008. 155 бет). Қағанға «дүниенің төрт бұрышы», яғни бүкіл жер шарындағы әлем елдерінің барлығы түгелдей  бағынған деп отыр.

«Туұлы Бумын қаған (? – 552 ж.) – түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Түрік қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Мұрагері Қара-Еске қаған. Дүниеге келуі: белгісіз. Қайтыс болуы: 552 жыл, Суяб (Су жап (М.Қ.). Балалары Қара-Еске қаған және Мұқан қаған. Діні – Тәңіршілік, Династиясы – Ашина (Алшын М.Қ.), Әкесі – Ту» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

Қазақтардың, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің желбіреткен «мемлекеттік Туларының» дүниеге келу тарихының сыры осы. Бірінші Түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның әкесінің атын Ту етіп күні бүгінде де көтеріп жүрміз. Ата сыйлаудың, әке сыйлаудың осыдан артық үлгісі болуы мүмкін бе?

«Сол заманда бүкіл халықта, әсіресе түркі халықтарының басында отырған қағандарында бұлжымас, өзіне өзі сенген және дәстүрге айналған ел билеу тәртібі болды. Мысалы, Күлтегін мен Білге қағанның ескерткіш тасындағы жазуға қарайық. «Жер мен көктің арасында адамзат пайда болғалы соны билеуге менің ата-бабаларым Бумын қаған мен Естеми қаған отырған екен. Елді көбейтіп, басқарып, бақытты қылған. Енді мен сол дәстүрді жалғастырып, ел билеп отырмын», – дейді. Онда ғұн заманында Мете (Мөде) қағанның баласы Лаушаң тәңірқұттың (Кейүк тәңірқұт) қытайға жазған хатында былай дейді: «Аспан мен жердегі жаралған, күн мен ай өзі таққа отырғызған, ғұндардың ұлы қағаны қытай билеушісіне сәлем жолдайды», – дейді. Бұлар жазған хаттарының басын осылай бастайды. Демек аспан асты, жер үстіндегі бүкіл халықты билеуге тәңірі бізге осындай құт берген, осындай мүмкіндік берген дегені. Біз қай жерге барсақ, сол жерді билеуіміз керек деген ұғым ата-бабаларымыздың қанына сіңіп кеткен. Басқаны қойыңыз, кешегі қашып кеткен Мұхаммед Қайдар Дулатиді алыңыз, кешегі Бабырды, Бейбарысты алыңыз, біреуі құл болып барады, екінші біреуі мына жақтан әбден таяқты жеп тұра алмағаннан кейін барады. Сол жерді барып билейді. Басқыншылық, шауып алу дегендер олардың санасына кіріп шыққан жоқ. Сондықтан бұған сол адамдардың тұрғысынан қараған жөн. Сол адамдардың санасы бойынша, сол кезде қалыптасқан мемлекеттік ұғым тұрғысынан қарасақ, адам шошитындай жексұрын ештеңесі жоқ. Осы тұрғыда әрине, қан төгіледі, қала қирайды. Мейлі моңғол болсын, мейлі қазақтардың болсын, ту тіккен, қаған көтерген жері – орда болып есептеледі. Киіз үйдің немесе шатырдың үстіндегі ту мемлекеттің символы. Ол ту қайда тұрса, қаған сонда тұр. Қаған сол жерде тұрса, сол жерде мемлекет бар деген сөз. Ол мына жерден жеңілсе шегініп, тағы да туды көтере береді. Құрып кеткенге дейін ол ту жығылмайды. Ал отырықшы елде ше? Қолдан кетті, мемлекет жоқ» (Әлімғазы Дәулетханов «Абай кз» газеті (http://old.abai.kz/content/rulyk-taipalyk-kozkaraspen-kelsek-shyngyskhandy-ozimizden-alystatyp-alamyz)). Сол қағанаттардың қарашаңырағында отырған қазақ халқының «мың өліп, мың тіріліп» жүріп сол туды желбірете жалаулатып, бүгінгі күнге жеткізгеніне қандай дау бар?

Тарих тағлымы: Ежелгі Аталарымыз бен Аналарымыз ұрпақ алдындағы өз міндеттерін барынша  адал атқарды. Осы жолда  жандарын шүберекке түйіп, қасық қандары қалғанша, жан аямай шайқасты. Сан миллиондағаны құрбан болды. «Көк тудың желбірегені» енді Сіздерге аманат Жас ұрпақ.

«Қарлықтардың өз ішінен шыққан «хандардың қағаны» бар, ол барлық түркі тайпаларына үкімін жүргізеді, ал оның арғы атасы Афрасияб (лақап аты Арыстан, шын аты Алып ер Тобыш М.Қ.), Шана (Алшын-Көкбөрі М.Қ.) еді. Осы Қадыр қаған – Қараханилер әулетінің негізін қалап – қаған деп жарияланып, оған Арыстан Қарақаған деген жаңа есім берді. Тараз қаласы кіші орда атанып, онда Боғда Қара-Қахан отырды. Кейін кіші сарай Орда кентіне (Қашқарға) көшірілді (Әл-Масуда). Таразда кіші Орда, демек ұлы Орданың болғаны ғой. Ол Орда (Орта, орталық) Маңғыстауда болатын. Қар (ақша қар) мен Ақ  синоним.  Қар, Қарлық, Қарақаған – шыққан тегі Маңғыстаудағы Түпқараған (Қараған түбек, Қарағантүп) , яғни сол Қаралардың түбі.

Қаған деген сөз дүниенің төрт бұрышындағылардың бәріне, яғни бүкіл әлемге билік жүргізетін ең ұлы хан, яғни ең жоғарғы әмірші дегенді білдірген. Бұл жөнінде Әбілғазы: «Қағанның мәнісі мынау. Кім де кімнің ғиззаты және дәулеті хандық мәртебесінен артық болса, әмірлер мен халық оны қақан  дер және кімнің мәртебесі қақаннан  жоғары болса оны қаған дер. Қағаннан жоғары мәртебе, құрмет болмас» дейді. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» 110 бет). Демек, Адам – Адам болғалы бері Қағаннан жоғары лауазым атауы болмаған. Күні бүгінге дейін Әбілғазы Атамыздың шежіресі шындығына бүкіл әлем елдерінің бірде-бір ғалымы күмән келтірген емес.

Қаған таза қазақ сөзі – сөз түбірі Аға, ары қарай Қа (Қазақ, Қарахан), Ағ (Ақ, ақиқат), Аға және Ан (Ана) деген біріккен сөздерден тұрады.

Қаған (Қ-аға-н) – барлық хандардың ағасы, яғни әлемді билеген ең ұлы хан. Сөз құрамындағы Аға деген  түбір сөздің, Хан деген сөздің қақ ортасында айшықталып тұруы тек қана осыны білдіреді. Бас таңбасы «тіл», өзгелер Қас би (Каспий) деп атаған Қазақ қағанатының сөздік қорында  дәл осындай «құпия» мағынасы бар сөздер баршылық. Мысалы, Садақ (С-ада-қ) – Сақ ата (қазақтың әйгілі қаруы Садақтың авторы), Санақ (С-ана-қ) – Сақ ана, Сабақ  – (С-аба-қ) Сақ апа, Сенек – (С-ене-к) Сақ ене, Сағақ – (С-аға-қ) Сақ аға, («Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан»),   Қ-аға-з  (Қаз аға), Қабар (Қ-аба-р) Қардың (Ақиқаттың) апасы (қар мен ақ синоним), К-өлең-ке (Өлеңнің көкесі. «Өлең сөздің патшасы» (Абай) т.т. болып жалғасып кете береді. Бұл жерде авторлық құқық сақталып тұр. Сөз жасасаң осылай жаса. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?

Қаған атауы өз бастауын Маңғыстаудың Қара ойындағы Түпқараған түбегіндегі Қаңға бабадан (алқап, елді мекен, ежелгі қорым, қамал) алады. Қаңға бабаның түп атауы Хан аға. Бүткіл жер бетіндегі ең алғашқы хандық құрылған жер осы. Қазақтың сөз жасау қағидасында екі сөзден бір сөз жасағанда, дыбыс үндестігіне сәйкес екінші сөздің бірінші дыбысы, немесе бірінші сөздің соңғы дыбысы түсіп қалып, қосылып айтылады. Мысалы, Би Адай – Бидай, Қу Адай әке – Құдайке, Үстіңгі жұрт – Үстірт, Атамыздың жұрты – Атажұрт, Сары аға – Сарға, Торы айғыр – Торайғыр, Торы ат – Торат (Таурат), Ман әке – Меке, Қара Балықшы Сақ Ғұн – Қарабаласағұн, Сақ аға – Саға, Сақ Ана – Сана, Қазық жұрт – Қазығұрт, Ар апа – Арап, Қаз бір (Қаз пір) – Қазір, Оқ қыз – Оғыз, Ада (Ата) мен Ай – Адай, Төрдегі ін (үй) – Төркін, Қожа Ахмет – Қожахмет, От Ман (Отпан) – Отан, Қыз Ман – Қызан, Жеті ру – Жетру, Барын ауыл – Барнаул, Жары бұлақ – Жарбұлақ, Жары кент – Жаркент, Жары тас – Жартас, Жары құм – Жарқұм, Мандардың қыстауы – Манқыстау т.т. болып кете береді. Демек, хан елдің ағасы болса, Қаған ел мен бірге барлық хандардың ағасы. Қазақ халқының өз хандары мен қағандарына Құдайындай сеніп, айтқандарын мүлтіксіз орындайтындарының және олардың алдында «Хан аға» деп қолын кеудесіне қойып, бас иіп тұратындарының сыры осы. Атам қазақтың өз ханы мен қағандарын құрмет тұтқандары соншалық олар отыратын орын тақты, алтын тақ деп атап, бастарына «тақия» етіп киіп жүрген. Ал, олар өз кезегінде Әз әулие (қазақ) атасының есімін басына көтеріп,  Тәз әкені (Тәж) деп атап бастарына киген.  Қазақтың ата-бабаларынан қалған ежелгі қағида да  інілері ағасына қарсы шығып, беттерінен алып, жағасына жармаспаған. Қазақта Аллатағала деген ең ұлы да, аса қастерлі ұғым бар. Осы сөздің құрамы Алла, Ата және Аға деген үш біріккен сөзден тұрады және Ал (алғы, алдыңғы) сөзі осы сөз құрамында төрт рет қайталанып, осы үш ұғымның үшеуінде ортаға алып тұр. Сол үшін де оларды Қас би (Каспий), Бас би, Тау би деп атаған.  Бүткіл жер бетінде Адам-адам болғалы  мұндай сөз жасау мәдениетіне еш бір ел жете алмаған.

Бір қызығы Европалық (сөз түбірі Ев, Ева, Еврей) бағытты ұстанған қазіргі жазба тарих сол қағандардың тегі, үрім-бұтағы, яғни ата-бабалары мен ұрпақтары кімдер деген сұрақты сан ғасырлар бойы  жауапсыз қалдырып келеді. Егер біз тарихи шындықтың бетіне тура қарап, әділ бағасын беретін болсақ, біз «ашинаның»  қазақтың кіші жүзі «алшын» тайпасының балама атауы екендігін көреміз. Көптеген тарихи деректерде Алшын атамыздың аты тек қана Ашина деп емес, оданда басқа Шина, Шана, Сина т.т. болып жазылған. Мысалы, бүкіл әлемге әйгілі Абу-али ибн Синаны (Авиценна) алайық. Атамыздың шын аты Абуғали Алшын. Мұның себебі, «Алшын» атауы Аталық текпен, «Ашина» Аналық текпен берілген.  Мына солтүстіктегі көршілеріміздің «мужской, женской родтарының» бастау алатын жері осы. Сол сияқты, соңғы екі мыңжылдықтың ең әйгілі  қолбасшысы Шыңғыс қағанның тегін алсақ та, Алшыннан – он екі ата Байұлы, Байұлыдан – Адай, Адайдан – Мұңал болып табылады. Шыңғыс ханда Алшын – Көкбөрінің ұрпағы. Оның бұлтартпас айғағы «Мұңалдың құпия шежіресінде» айқын көрсетілген.

«1. Шыңғыс қағанның тегі. Тәңірі бақытты етіп жаратқан Бөрте Бөрі зайыбы Марал сұлумен бірге талай теңіз-дарияны кешіп келіп, Онын өзені бас алған Бұрхан-қалдұн тауын тұрақ еткен кезде, Батшаған деген бір ұл туады» (26 бет). Сонда Бөрте Бөрі дегеніміз, Алшын-Көкбөрінің ұрпағы Бөрте деген мағына да қолданылған.  Бөрте өз аты, Бөрі тегі болып табылады. Ал, «талай теңіз-дарияны кешіп келіп» дегенінен, олардың ол жерге Каспий-Арал өңірінен қоныс аударып барғанын да бағамдауға болады.  Барлық тарихшылардың қаперлеріне берерім, егер кімде – кім  өзін шын тарихшымын деп есептер болса бұл жағдайға әділ бағасын беріп мойындауға тиіс. Түріктің  түп қазығы, яғни қарашаңырағының иесі Қазақ, Алшын – Көкбөрі екендігін Сүйінбай Аронұлы (1815-1898  шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы) атамыз:

«Бөрілі менің байрағым,

Бөрілі – байрақ көтерсе,

Қозады қай – қайдағым,-» деп жырлаған.

Нұқ пайғамбарға дейінгілерде, соған сәйкес оның кемесіндегі жандардың бәрі де осы біз сөйлеп жүрген Қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Қазығұрт (Қазық жұрт) тауының айналасындағы жұрттың (қазық жұрттың) тілі еш бір елдің тілімен будандаспаған. Осыған сәйкес кезінде бүкіл әлемді  Қаған билеген қағанаттардың барлығының да мемлекеттік тілдері Қазақтың Ана тілі болған. Себебі, Қаған деген лауазым атауының өзі таза қазақ сөзі болып табылады.

Бізге жеткен ұлы шежіреде тек қана қазақтан шығып әлемді билеген көсемдер ғана қаған атын иемденген.  Бүкіл әлем тарихының бірде-бір елінде, қазақтан басқа билеушісін қаған деп атаған мемлекет болып көрген емес.

Баршамызға белгілі әр елдің өзіне тән саяси басқару жүйесі болады. Мысалы:

А. Иран патшалығы – саяси билік жүйесі патшалық. Елбасы: патша, шах;

Ә. Хорезм патшалығы – жүйесі патшалық, елбасы патша, шах; Шыңғыс қаған күйреткен

Хорезм патшалығын құрғандар да, оларды билегендер де парсылықтар және сол Парсыларға тәуелді болғандар. Шыңғыс ханға кінә қылып тағып жүрген күйреген  Отырар мен Мары  қалалары   осы патшалыққа қаарған.

Б.  Рим империясы – жүйесі империя, елбасы император;

Г.  Орыс патшалығы  – жүйесі империя, елбасы император, цар; Бұлар Рим империясының

жалғасы. Олардың Христиан дінін ұстанатыны да осыдан.

Ғ.  Кеңес үкіметі (ССРО) – жүйесі партия, елбасы Бас хатшы; Рухани негізін Евангелие (негізін еврейлер қалаған), саяси негізін Ленин (еврей), экономокалық негізін Карл Маркс (еврей) қалап, тәжрибе де іске асырған еврейлік большевиктер партиясы болды. Оларды қаржымен Америкалық еврей банкирлер қамтамасыз етті. Бұлар өздерін Адам Атадан таратпайды, Еваның ұрпақтарымыз дейді. Ева, Еврей, Евангелие, Европа, Евгеника, девушка, Дева Мария, евнух дегеніміздегі бәрінің түбірі Ев, Ева болатыны осыдан. Олар Адам атаның орнына «маймылды» қойған. Содан болу керек олар біз сияқты аналарын Ауа Ана деп құрметпен атамай, жайғана құрдасы, көңілдесі сияқты Ева, девушка деп атайды. Бір жағынан ойлап қарасаң, олардікі дұрыс та сияқты, шынында да анаң сені маймылдан некесіз тапса (дені дұрыс адам маймылмен некеге отырушы ма еді) оны қалай сыйларсың. Олардың Ата-Аналарын сыйламай, қарттар үйіне тоғытатын жаман әдеттерінің бастау алатын жері осы. Бала жасыңнан сенің атаң маймыл, анаң сені маймылдан тапқан деп оқытса сен оны қалай бағарсың. Бүгінгі Европа ілімінің шыққан «шыңы» осы.

Д.  Ресей федерациясы – жүйесі президент, елбасы президент;

Е.  Арап – жүйесі халифат, елбасы халифа;

Ж. Европа  – жүйесі парламенттік және президенттік, елбасы президент;

З.  Қазақ – саяси жүйесі хандық пен қағандық, елбасы хан мен қаған; Демек, бұл адамзат

тарихындағы барлық хандықтар мен қағандықтардың барлығының бастауы қазақтардікі деген сөз. Ұлы Жаратушы – Алла махаббатпен Адам Ата мен Ауа Ананы жаратып,  олардың  ұрпақтары көбейіп руға (Атаға), рулар көбейіп елге, елдер ұлтқа (мемлекеттерге) айналғанда олардың бәрінің билеушілерін хан деп атаған. Ол замандарда жоғарыда «А» мен «Ж»-да көрсетілген саяси жүйелердің ешқайсысы болмаған. Сондықтан ежелде Хан (хандық) деген жүйе қазақтан (Қаз Ағаларынан) тараған бүкіл әлем халықтарына тән болса,   қаған деген лауазым атауы, қазақтан өзге ешбір елдің сөздік қорында жоқ.

«Ғұндар! Азаматтың ақ өлімі – борышын адал атқарғаны. Қызыл қаныңды ақ жолда төкпесең, еңсеңді бастырып, езгіде жүрсең, ер атыңнан не пайда? Өр кеудені аяққа бастырып, өз құтын өзі қашырып сасқан адам санатта жоқ. Басыңды бұғып, бұқпалап көрген күнің кімге өнеге, кімге болар ғибрат?» (Еділ қаған 410-454 жж).

«Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп.

Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт» (Күлтегін 684-531жж).

 

«Жұқаны – таптау оңай,

Жіңішкені үзу жеңіл»

«Қол қосылса – күш асар»

…Қаған парызы – халқының қарнын тойғызып, мерейін өсіріп отыру. Түнде – ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі мәңгі елім үшін!» (Тоныкөк 646-741жж).

«Біз көктен жаралған, көктің ұлы түркі жұрты боламыз!

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ (Білге қаған 683-734жж).

«Кім өз үйін дұрыс басқара алса, ол мемлекетті де дұрыс басқара алар, кім он адамға өз сөзін тыңдата алса, ол үлкен әскерге де басшылық ете алар. Кім де кім өзіндегі жаман қылықтарынан арылса, мемлекет қамын ойлай алар» (Шыңғыс қаған 1162-1227).

Тарихқа қарап отырсақ, Қазақ қағандары қазіргі империялар (Америка, Қытай, Ресей) сияқты бірде-бір елдің Ата салтына, дәстүріне, тіліне, дініне тиісіп, күшпен зорлап өзгертуге тырыспаған. Неге деген сұрақтың жауабын өздеріңізге қалдырдым.

Қорытынды: Соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы делініп бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) толықтай мойындалған Шыңғыс қаған атамыздың да, оның алдындағы барлық қағандардың да тегі қазақ екендігі дауға да, күмәнға да жатпайды. Егер біз осыны мойындай алмасақ, біздерге өзімізді де қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ.

Тарих тағлымы: «Қаған» – осы бір ауыз сөз ежелгі Қазақтар өз тарихын бір ауыз сөзбен жазған деген ұлы қағидасына толықтай сай болып тұр. Сол үшінде оларды Тау би, Бас би, Қас би (Каспий) деп атаған.

 

Осы айтқанымыздың бұлтартпас айғағын да бір ауыз сөзбен бере кетейін:

Қазақта «Қаз-қатар» деген сөз тіркестері бар. Қаз-қатар (қатар-қатар, бірінен кейін бірі, бір адамның немесе бір заттың  бірінің артынан бірі тіркесіп тұруы немесе қойылуы). Бұл күнделікті өмірде қолданыста жүргені. Ал, бұл сөздің негізгі мағынасы ең бірінші болып дүниеге Қазақ елі келді дегенді білдіреді.  Қатардың алдында ең бірінші болып Орыс, Қытай, Өзбек, Қырғыз, Түрікпен, Ебрей не т.б. емес, Қаз (Қазақ) сөзінің тұруы тек қана осыны білдіреді. Өзгеше мағынасы болуы еш мүмкін емес.   Осы сөз тіркестері сөз түсінген адамға бүткіл әлем елдерінің қазақтан кейін тіркесіп, бірінен кейін бірінің дүниеге келгеніне толықтай дәлел бола алады. Қаз қатардың тағы бір мағынасы бар. Қатар – Ақиқаттың  атасы (Қар мен ақ синоним), Қаз қатар – Қазақ ақиқаттың атасы деген сөз.

Қаз-қалпында – айнымай алғашқы бейнесінде қалу. Бұл ең алғашқы мемлекет қазақ мемлекеті болды деген сөз. Барлық әлем елдерінің мемлекеттік құрылымы басында қалай болды, күні бүгінде де ештеңе өзгермей сол күйінде қалды, яғни бүкіл әлем елдері мемлекет құруды бізден үйренді деген сөз. Қазақ елінің «Мәңгілік ел» деп аталатынының сыры осы. Егер кімде-кімнің осыны түсініп, мойындауға шамасы жетпесе, онда ол адамның басының ішіндегі мидың орнында, ми емес, су болғаны. Аталарымыздың орынды сөзге түсінбеген жандарды «Өй, Су ми!» деп ұрысатындарының сыры осы.

ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ – АЛЛА ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БАРШАҢЫЗҒА ИМАН БЕРІП, «СУ МИ» БОЛУДАН САҚТАҒАЙ!

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Abai.kz

Related Articles

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: