|  |  | 

Спорт Шоу-бизнис

Головкин жеңілістері жайлы айтып берді

© "ВКонтакте"/Геннадий GGG Головкин

Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Power радиостанциясының The Breakfast Club бағдарламасына берген сұхбатында өз өмірі мен жеңілістері жайлы айтып берді.

Боксшы келесі жекпе-жегінің неліктен Нию-Йортегі Madison Square Garden аренасында өтетінін, боксқа келу себебі және досы Ронда Роузидің жеңілістеріне қандай көзқараста екенін айтты. Дэниэл Джейкобспен алдағы жекпе-жегі жайлы айта келе, боксшы Нью-Йоркті “бокс Меккесі” деп атады. “Барлығы Нью-Йоркті құрметтейді. Бұл Бокстың Меккесі. Бұл коммерциялық емес, тарихи жекпе-жек болады“, – деді Головкин. “Жоспарым бар, жалғыз емес. Джейкобс қалай жұдырықтасу керек екенін біледі. Мен әрдайым дайынмын, бірақ менің нақты жоспарым жоқ, себебі ол бұл туралы біледі. Тамаша жекпе-жек болады”, – деп мәлімдеді GGG.

Головкин боксқа қалай келгені жайлы да баяндады. “Ертеректе болатын. Бұған отбасым себеп болды деп ойлаймын. Бокстың кез келген түрі ұнайды: баскетбол, бейсбол. Ағаларым боксқа баруым керек екенін, өз қабілетімді тексеріп көруім керек екенін айтты”, – деді боксшы. Осы кезде жүргізуші “Үлкендердің “бар да, ұрып таста” деп айтқанын көп естігенмін”, – деді. “Бұл менің тарихымның бір бөлігі. Қазір бәрі де басқаша”, – деп жауап берді оған Головкин. Сондай-ақ қазақстандыққа жас кезінде қанша рет жеңілгені жайлы сұрақ қойылды. “Көп емес, төрт немесе бес рет, бірақ көшеде ешқашан жеңіліп көрмегенмін”, – деп мәлімдеді ол.

Ал Роузидің Аманда Нуньестен 48 секунд ішінде жеңіліс тапқаны жайлы пікір білдірген ол бұл оқиғаны ессіздік деп атады. “Көрдім. Бұл ессіздік. Ол әлі чемпиондық титулдарға дайын емес деп айтар едім. Оған уақыт керек. UFC-ге Роузи сияқты адамның керек екенін 100 пайыз сеніммен айта аламын. Мен оны жақсы білемін, ол менің досым. Бұл басқа спорт түрі, онда бәрі қызық. Бокс – классика, ал UFC – хай-тек іспеттес. Ессіздіктер болып жататын шығар, бірақ сырттан қарағанда керемет көрінеді”, – деді Головкин.

Сұхбатының соңында Головкин АҚШ-та қалай тұрып жатқаны жайлы баяндады. “Уақытым көп емес. Лос-Анджелесте отбасыммен бірге тұрып жатырмын. Әйеліммен комедиялық шоулар мен фильмдерді көргенді ұнатамын. Мен қарапайым жігітпін. Жағалауға барғанды, баламды мектепке апарғанды ұнатамын”, – деді ол. Сұхбатты толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, Головкинге осы бағдарламада жүргізушінің жыныстық қатынас туралы сұрақ қойғаны белгілі болған.

 Kaz.tengrinews.kz 

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: