|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

Мәсімовті келешек билік транзитінің “модераторы” деп атайды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов. 10 қаңтар 2007 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов. 10 қаңтар 2007 жыл.

Қазақстанның жоғарғы билігіндегі ауыс-түйістерді талдаған әлем баспасөзі билік транзиті сөзсіз болатыны жайлы жазып, Өзбекстан тәжірибесімен салыстырған. Шетелдегі, оның ішінде Қазақстан да бар, коррупцияға қатысты айыпталған британдық Rolls-Royce компаниясына салынған миллиондаған айыппұл туралы тақырып та қозғалған.

ҚАЗАҚСТАНДА БИЛІК ҚАЛАЙ АУЫСУЫ МҮМКІН?

Жапонияның Diplomat газетіндегі “Қазақстанда билік өзбекстандық жолмен ауысуы мүмкін бе?” деген мақалада Қазақстандағы билік транзитінің болжамды сценарийлерін былтыр тұңғыш президенті Ислам Каримовті жерлеген Өзбекстанмен салыстыра талдаған. Мақалада билік тармақтары арасында өкілеттерді бөлу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасынан кейін құрылған жұмыс тобының желтоқсанның 13-інде өткен алғашқы отырысы және Қазақстан билігінің маңызды қызмет орындарындағы ауыс-түйістер туралы да жазған.

“Қазақстан үкіметінде ауыс-түйіс жүргізуге көрші Өзбекстандағы оқиғалар түрткі болды” деп жазады Diplomat. Бұл қадамдар Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның саяси жүйесін алдағы билік транзитіне дайындау үшін Өзбекстан тәжірибесін қолдануды ұйғарғанын” көрсетуі мүмкін. Бірақ екі елдің арасындағы айырмашылықтарға байланысты билік транзитінің өзбекстандық сценарийін “Қазақстанда іске асыру айтарлықтай қиын болады”.

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов (ортада) арнайы жасақпен бірге. ҰҚК шығарған видеороликтен скриншот.

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов (ортада) арнайы жасақпен бірге. ҰҚК шығарған видеороликтен скриншот.

 

Мысалы, “Қазақстанда Назарбаевтан кейін ең ықпалды саясаткерге айналған Кәрім Мәсімовті” ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындау “өтпелі кезең тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін”. Бір жағынан, Өзбекстанға қарағанда, Қазақстанда ҰҚК-нің ықпалы “едәуір кем”, өйткені Қазақстан қоғамы “ашықтау”. Ал екінші жағынан алғанда, Кәрім Мәсімовтің ұлты жартылай ұйғыр болғандықтан, оны президент қызметіне кандидат ретінде емес, көбінесе “билік ауысуының модераторы” ретінде қарастыратын тәрізді. Бірақ тіпті Мәсімов транзитті қамтамасыз ету беделін иеленген күннің өзінде, оның президенттіктен үміткер жаңа кандидатқа қатысты “жоспары Назарбаевтың ойындағыдан өзгеше болуы мүмкін”.

“Нұрсұлтан Назарбаев – өте тәжірибелі әрі сұңғыла басшы. Қазақстан саясатындағы қазіргі билік тепе-теңдігі түпкілікті ме әлде уақытша конфигурация ма, мұны ешкім айта алмайды” деп жазады Diplomat. Түбінде транзиттің қай сценарийі таңдалса да, Қазақстан қоғамы мен саяси истеблишменті жаңа проблемаға тап болады. Сондықтан “тұрақтылықты сақтау” негізгі басымдыққа айналады деп жазылған мақалада.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ROLLS-ROYCE БЕРГЕН ПАРА

АҚШ әділет департаменті сайтында жарияланған хабарда “Rolls-Royce plc шетелдегі коррупциямен күрес туралы заң бойынша қозғалған істі жабу үшін 170 миллион доллар төлеуге келісті” делінген. Мақала премиум-класына жататын көліктер шығаратын британдық Rolls-Royce компаниясы арасында Қазақстан да бар алты елдің шенеуніктерін сатып алу үшін пара берген деген айыппен Ұлыбритания, АҚШ және Бразилия билігінің бастамасымен қозғалған тергеу ісін реттеу үшін 800 миллион доллардан асатын үлкен айыппұлдың бір бөлігі ретінде 170 миллиондай доллар төлеуге келіскенін хабарлайды. Rolls-Royce компаниясы Қазақстаннан бөлек, Әзербайжан, Ангола, Ирак, Таиланд және Бразилия елдерінде де пара беру практикасын пайдаланғаны тексеріліп жатқаны жазылған. Мақалада әділет департаменті өкілі Эндрю Уэйсменнің “Rolls-Royce бәсекелестерін жеңіп, келісім-шарттарға отыру үшін пара беру практикасын бүкіл әлем елдерінде бірнеше мәрте пайдаланған” деген сөздерін келтірген.

Британдық Rolls-Royce автоконцерні шығарған көлік Женевадағы көрмеде. 2013 жылғы наурыз.

Британдық Rolls-Royce автоконцерні шығарған көлік Женевадағы көрмеде. 2013 жылғы наурыз.

 

Мысалы, Қазақстанда шамамен 2009-2012 жылдары “Rolls-Royce комиссиялық төлемдердің кемі бір бөлігі Қазақстан мен Қытай үкіметтерінің екі елдің арасында газ құбырын тарту жөніндегі бірлескен жобасына ықпал ете алатын шетелдік шенеуніктерге пара беру үшін пайдаланылатынын біле тұра қаптаған кеңесшілерге шамамен 5,4 миллион соманың комиссиясын төлеген” делінген мақалада. Бұған қоса, “2012 жылы компания Қазақстанда жергілікті дистрибьюторды оның жартылай иесі Қазақстан нарығында Rolls-Royce компаниясының жұмысын жалғастыруға қатысты шешім қабылдауға өкілетті жоғары лауазымды қазақстандық шенеунік екенін біле тұра жалдаған. Мемлекеттік бірлескен кәсіпорын Rolls-Royce компаниясына көптеген келісімдерін сол кезде берген” деп хабарланды.

АРЗАН МҰНАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН

Bloomberg сараптамалық агенттігі сайында Қазақстан ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы, ал қазір әлі құрылмаған “Астана” халықаралық қаржы орталығын басқарушы Қайрат Келімбетовпен сұхбатын жариялаған. Келімбетов қаржы орталығының жұмысы, Қытайдың “Жаңа Жібек жолы” бағдарламасына Қазақстанның қатысуы туралы айтып берген.

Қытайды Түркіменстанмен жалғайтын Asia Gas Pipeline құбыр жобасының қазақстандық бөлігі бойында кетіп бара жатқан қытай жұмысшысы. Жамбыл облысы, желтоқсан, 2009 жыл.

Қытайды Түркіменстанмен жалғайтын Asia Gas Pipeline құбыр жобасының қазақстандық бөлігі бойында кетіп бара жатқан қытай жұмысшысы. Жамбыл облысы, желтоқсан, 2009 жыл.

 

Агенттікке берген сұхбатында Келімбетов Қазақстан мұнай бағасының құлдырауы мен санкциялардан зардап шегіп отырған Ресей экономикасындағы рецессия ушықтырған қиын экономикалық ахуалды еңсеруге тырысып жатқанын айтады. Келімбетовтің айтуынша, Қазақстан монетарлық саясатында инфляциялық таргеттеуге бет бұрып, экономиканы диверсификациялау, ұлттық компанияларды жекешелендіру бағытында реформаларды жоспарлайды және жаңа қаржы орталығын құруды көздейді. Қазақстан үш жылдық бюджетті мұнай баррелінің бағасы 40 доллар шамасында болады деген болжаммен жоспарлаған.

Қазақстанның банк секторындағы қиын жағдайға қатысты сұраққа Келімбетов “қазір бұл тақырыпты үкімет, ұлттық банк және банктер қоғамдастығы талқылап жатыр” деп жауап берген. Оның айтуынша, елдің банк секторы мұндай дағдарысқа бұрын да – 2008-2010 жылдары тап болған. Келімбетов ол кезде үкімет қаржылай көмек бөліп, төрт жүйе құрушы банкке көмектескенін еске салған.

Анна КЛЕВЦОВА

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: