Маған “Канело” мен Коттоны беріңдер – Қанат Ислам
Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Қанат Ислам әлемге танымал былғары қолғап шеберлерін жұдырықтасуға шақырды, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. “Мен маңдай теріммен бұл кездесуге дайындалдым. Маған “Канело” мен Коттоны беріңіздер, менің үлкен жекпе-жектер өткізгім келеді. Шаршы алаңда өліп кетуге дайынмын. Менің уақытым келді”, – деді Ислам бразилиялық Робсон Ассиске қарсы өткізген жекпе-жегінен соң. Айта кетейік, Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жек басында қабағынан жарақат алып қалғанына қарамастан, қарсыласын соққының астына алып, кездесуді бірінші раундта аяқтады. Кездесудің бейнежазбасын мына сілтемеден көре аласыз. vesti.kz