Қарақалпақстан қазақтары
Умида АХМЕДОВА Өзбекстанның Қарақалпақстан аймағында ежелгі Хорезмнің көптеген қала-бекіністерінің ізі қалған. Солардың арасындағы ең ірілері Топыраққала, Аязқала мен Қызылқала маңында бағзы заманнан тұратын қазақтар диқаншылық, мал бағу, балық аулаумен айналысады. Қызылқалада жергілікті қазақ Рақымбай ақсақал бізге Бекет Атаның бесінші ұрпағы Көкен Қойбағарұлының мазарын көрсетті. 1 Қызылқаланың төңірегінде негізінен қазақтар тұрады, оншақты қазақ ауылы бар. Алғабас ауылы маңында қой бағып жүрген Сәдуақас ата өзін “Кіші жүз қазағымын, қожамын” деп таныстырды. 2 Жергілікті қазақтардың бірі 77 жастағы Рақымбай ақсақал бұрын трактор айдаған. Ол осы маңда Бекет Атаның бесінші ұрпағы Көкен Қойбағарұлының мазары барын айтты. Ақсақал мазарды көруге тілек білдірген бізді ол жерге бастап баруға келісті. 3 Совет кезінде “Қызыл Қазақстан” аталған ауыл