1 000 000 теңге болатын «Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы тағайындалды
Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы бірлесе отырып, «Ұлт болмысы» журналының 5 жылдығына орай, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым !»атты поэзия және проза жанрлары бойынша қаламгерлер арасында байқау жариялады. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Қалам ұстап жүрген жастарға тәуелсіздіктің құндылығын арттырып, ел мен жердің тұтастығын, қазақ деген текті ұлттың болмысын кестелі жыр мен көрнекті шығармаға арқау ету. — руханияттың маңызды саласы әдебиеттің жас буын, жаңа есімдермен толығуына үлес қосу. — жас таланттардың танылуына себепкер болу. Тағайындалған сыйлықтар: «Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы (біреу) – бас жүлде 1000 000 теңге Поэзия бойынша Бірінші орын — 500 000 теңге, Екінші орын — 200 000 теңге
