|  | 

Көз қарас

«Шалақазақтар, біліп жүріңдер, «нағызқазақтар» бізге бауыр емес!» – орыстілді қазақ

Mұны жазбас бұрын, алдымен бұл кісіні аз-маз зерттедік. Жазушы екен. Нақтырақ айтқанда, өзін жазушы санайды-деп жазды 365info.kz.

 

Иә, жазады. Жазғандарын оқыдық. Тағы да сол тиісу. Қазаққа. Бірақ, бұл жолғы тиісудің қалыбы (формасы) бөлек екен. Таң қалдық.

64371_108444972551466_2944188_n
Булат Тарнуев

Былай айтайық: «шалақазақ» «тазақазақтың» кемшілігін тізіп беріпті.

«Мемлекетті құрдымға кетіріп отырған тазақазақтар» дейді, бір сөзбен айтқанда.

Жазғанын әлеуметтік желіден таптық.  Жазбасын бір сөзбен жеткізсек, тым жеңіл құтылып кетеді. Толығырақ баяндайық. Өз аузымен айтсын. Артық-ауыз сөз қоспаймыз. Айтпақшы, аты-жөні — Булат Тарнуев. Ол не дейді?

«Білесіз бе,

орыстілді, қалада тұратын шалақазақтар тазақазақтардан әлдеқайда ақылды. Білген соң, көрген соң айтып отырмын. Қалалық жердегі қалталы кәсіпкердің бәрі шалақазақ. Бизнестегі байлардың арасында «нағызқазақтар» жоқ.

Олар қайда отыр? Билікте. Креслодан құйрығын көтергісі келмейді. Ауылдан шыққандар шетінен шенеунік. Мемлекеттік тілді меңгергені үшін ғана бұл «мәмбеттер» биліктен орын алды. Иә, солай. Мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілін білуі керек деген заң бар ғой. Әттең…

Бұл заң болмаса, билікте сауатты, ақылды, дарынды, ұрлық жасамайтын шалақазақтар отырар еді. «Мәмбеттерді», барымташыларды мүлде маңайлатпас едік.

Білсеңіз,

Қазақстанның осыншалықты құлдырауына нағызқазақтар кінәлі. Елді осы жағдайға жеткізген нағызқазақтар.

Нағызқазақтың қандай болатынын айтып берейін бе? Айтайын. Ол жағынудан басқа ешнәрсе білмейді. Бастығының құлы болуға дайын. Мүмкіндік болса, пара береді, пара алады. Құдай қолдап көтеріле қалса, жұмыс орнына ауылдағы ағайын-туғанын тықпалайды.

Олар — туабітті жалқаулар. Олар паразиттер сияқты. Тез көбейеді.

Айтып отырмын ғой, Қазақстанды қазіргі күйге түсірген ақымақ әрі жалқау нағызқазақтар. Техникалық әрі ғылыми терминдерді түсінуге жол ашатын орыс тілін үйренбеуінің өзі олардың қаншалықты ақымақ екенін көрсетеді.

Біліп жүріңіз,

ақылды әрі дарындылардың бәрі — орыстілділер. Ал талапсыздар мен талантсыздардың барлығы — қазақтілділер.

Орыс тілі сұраныста. Ақылды, ойлы, өмір көшіне ілескен қазақтар мұны әлдеқашан түсінген. Түсінбей отырған әлгі мен айтып отырған топ.

Қазақ тілі ешкімге керегі жоқ. Ол шопанынан адасып қалған отар сияқты. Ауылдың айналасында ғана жүреді.

Қазақша білім алған балаларды қараңыз. Олар шетінен сауатсыз, мәдениетсіз, белсенділігі төмен, бастамасы аз. Қазақ мектебін бітіргендердің бірде-бірі Батыстағы үздік оқу орындарына түсуге тәуекел ете алмайды. Оларға Қазақстандағы Нигерияның деңгейіндегі колледжер мен университеттер жетіп жатыр.  Ал орысша оқыған қалалық жердің қазағы үздік оқу орнына түседі. Олар өз-өздеріне сенімді себебі.

Қазақтілді ақпарат құралдарын қараңыз? Қазақтілді қауым орыстілді сайттарды оқиды. Ақпаратты солардан алады. Ал қазақ сайттары ше? Оларға кім кіреді өзі?  Ешкім. Себебі талқылайтын түк жоқ. Сараптама, сауатты мақала таппайсың.

Иә, бірнәрсе жазады. Тіл баяғы. Нағызқазақтардың талқыға салатын жалғыз тақырыбы осы.

Айтпақшы, Шыңғысханды қазақ қылуға жанталасып жүр. Түк жоқ айналып келгенде. Оқитын түк жоқ.

Соған қарамай, бізге тиіседі.

Ешкімге керек емес тілін үйретуге тырысады. Жоқ, шын айтам, ешкімге керек емес. Бизнеске де, қаржыға да, экономикаға да, өнерге де, тіпті мәдениетке де керегі шамалы. Қазақ тілі 19 ғасырда өмір сүрген, бірақ 21 ғасырда оған орын жоқ.

Олар орыстілділерді қызғанады. Олардың талабы мен талантын көре алмайды. Шалақазақтар, біліп жүріңдер, нағызқазақтар біздің бауырларымыз емес».

P.S. Бұл — жазбаны барынша жұмсартып аударғанымыз. Барынша жұмсартып. Автор арандатып отырған жоқ. Аузына келген айтатын адамға ұқсамайды. Жылдар бойы ішінде жатқан ашу-ызаның ақтарылып шыққан түрі деп болжадық. Неге ашулы? Себебін білесіз. Қазақ мектебі, қазақ аудиториясы, қазақша сөйлейтін орта өсіп, үлкейіп келеді. Ал оған қарама-қарсы кеңістік тарылу үстінде. Ашу-ызаның себебі де осында шығар. Сіз қалай ойлайсыз?

365info.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: