|  | 

Көз қарас

«Қазақстанда қалып қою ойымда болған еді…»

Дублиндегі көпір. Ирландия. (Көрнекі сурет).


Дублиндегі көпір. Ирландия. (Көрнекі сурет).

Ирландияда ұстаздық ететін қазақ жігіті Қазақстандағы жемқорлық жайлы, ғылымға деген көзқарасы туралы пікірімен бөлісті.

Арман Мәжікеев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша білім алған жігіт қазір Ирландиядағы Дублин университетінде экономика мамандығы бойынша сабақ береді.

Азаттық: – Сіз жайлы тек «экономист» деген ғана ақпарат ала алдым. Әлеуметтік желідегі парақшаңызда да өзіңіз жайлы дерек жоқ екен. Сол себепті әңгімені өзіңіз туралы айтудан бастасақ.

Арман Мәжікеев: – Мен алғаш Астанаға Евразия университеті ашылып жатқан кезде келдім. Төрт жыл бакалавр, екі жыл магистратурада оқыдым. Астана қалалық әкімшілігінде алты айлық іс-тәжірибеден өттім. Одан кейін сол жердегі инвестициялық бір компанияда экономист болып қызмет еттім. Бұдан соң тіл үйрену үшін АҚШ-қа кеттім.

Азаттық: – Ол жаққа «Болашақ» бағдарламасы арқылы бардыңыз ба?

Арман Мәжікеев: – Жоқ, өз бетімше бардым. Сол жерде бір жыл оқығаннан кейінAssociate’s degree бағдарламасы бойынша бизнес әкімшілігі саласын тағы бір жыл оқыдым. Сосын бір жылға жуық уақыт жергілікті компанияда қызмет істедім. Сонда қызмет атқарып жүрген кезімде докторлық қорғау үшін құжаттарымды Англиядағы университеттердің біріне жіберген едім. Олар құжатымды қабылдап, өздеріне шақырды. Үш жыл Англияда оқыдым. Экономика саласы бойынша докторлығымды қорғадым және университетет тағы екі жыл сабақ бердім. Одан кейін тағы бір ғылыми жобаны жасау үшін осы Дублинге шақырды. Кейін жобамыз біткеннен кейін осында қалып, дәріс оқуға ұсыныс жасады. Міне, үш жыл болды осында тұрып жатқаныма. Тек дәріс оқып қана қоймаймын, басқа да ғылыми жұмыстармен айналысамын.

Азаттық: – Әуелгі мамандығыңыз мемлекеттік басқару саласы екен. Қазақстанда қалып, басқару ісіне араласқыңыз келмеді ме?

Арман Мәжікеев: – Жас кезімде әкімшілікте, басшылық қызметте жұмыс істегім келген. Ол Қазақстанның енді ғана аяғынан тұрып жатқан кезі ғой. Сол кезде әкімшілікте алты айдай отырдым. Бірақ ұнаған жоқ.

Азаттық: – Неге?

Арман Мәжікеев: – Өзіңіз білесіз ғой, ол жердегі жемқорлық. Сол жерде істеп отырған бастықтар тендер арқылы барлығын алып жатқан болатын. Бөлмелердің бәрінде прослушка (тыңдау) жүріп жататын. Оқуға түскен кезде мен ондай деп ойлаған жоқпын. Содан кейін ойымды өзгертіп, бизнес саласына кетемін деп ойладым. Бірақ бизнес саласына келген кезде жағдай аса қатты өзгерген жоқ. Әйтпесе жалақысы жақсы компанияға жұмысқа орналасқан едім. Содан кейін бірыңғай ғылыми жұмыспен айналысып кеткім келді. Солайша шетелге кеттім.

Азаттық: – Сіз көрген елдерде ғалымдардың жұмыс істеу тәжірибесі қандай?

Арман Мәжікеев: – Бұл жақта ғылым саласындағы адамдар үшін жұмыс істеуде айырмашылықтар өте көп. Мен экономист болғаннан кейін Қазақстанда тұратын әріптестерімді де білемін, барып тұрамын. Мені Астанадағы мемлекеттік академияға жұмысқа шақырып, «дәріс оқыңыз» деген еді. Мен өз шарттарымды айтып, дәрісті тек ағылшын тілінде ғана оқитынымды, орысша оқымайтынымды ескерттім. Себебі соңғы жылдары тек ағылшын тілінде ғана сабақ беріп жүрмін.

Қазақстанда жоғарғы оқу орындарына сабақ беруде бұдан басқа бірқатар қиыншылықтар бар. Мысалы, Қазақстанда ғалымды жұмысқа алудың бірнеше стандарты бар. Мәселен, мен бір семестр ғана дәріс оқып берейін десем, олар келіспейді: «Біздегі мемлекеттік стандарт бойынша сіз осында тоғыз-он ай бойы күнделікті таңертеңгі сағат тоғыздан кешкі жетіге дейін отырып, қағаз жұмыстарымен айналысасыз» дейді. Қазақстанда ғылыми дамуға орта басқаша. Ал бұл жақта өзгешелік бар.

Азаттық: – Батыс елдеріндегі сол өзгешеліктерді жайлы айтыңызшы.

Арман Мәжікеев: – Бұл жақта ғылыми жұмыспен айналысатын адамның жүктемесіне де жақсы қарайды. Егер ғылыми зерттеу жүргізіп, зерттеу мақалаларыңызды жариялап жатсаңыз, олар сізге жеңілдік береді. Әкімшілік жұмыстарды, студенттермен жұмысты немесе қағаз жұмыстарын азайтады. Ғалымдар кейбір жиындарға бармайды. Мысалы, менің бір семестрге жоспарланған сабағымды екі аптаға сыйғызып берді. Яғни екі апта бойы таңертеңнен кешке дейін барып, дәрістерімді оқимын. Одан кейін тек ғылыми жұмыстармен айналысамын. Жазғы демалыс уақытымды есептемегенде он айдай уақытымды тек ғылыми жұмысқа арнаймын.

Ал Қазақстандағы әріптестеріме қарайтын болсам, олар біраз уақыттарын сабақ берумен, жиынға қатысып, қағаз толтырумен өткізіп алады. Университетте ғылыми журнал тізімі бар. Бірақ олардың ықпал факторлары өте төмен және олардың көбісі – ресейлік журналдар. Олар сіздің мақалаңызды жариялау үшін ақша алады. Сондықтан онда шығатын материалдардың ғылыми ықпалы өте төмен. Бұлай айтатын себебім, мен оны жақсы білемін.

Ал Батыстағы стандарт бойынша тек ағылшынша жазасыз. Журналға жіберген кезде алты айдай уақыт белгісіз мамандар мақалаңызды тексереді, сосын сын-ескертпе келеді, соған жауап бересіз. Егер жауап бере алмасаңыз, ол мақала шықпайды. Төлемге қарамайды, мақаладағы жаңалыққа, жұмыстың сапасына қарайды. Егер жұмысыңыздың жаңалықтық сипаты болмаса, баспай қоюы да мүмкін.

Азаттық: – Маман ретінде Қазақстанның экономикасына сырт көзбен қарап, сараптама жасайсыз ба?

Арман Мәжікеев: – Жасаймын. Менің докторлық жұмысымның бір бөлігі соған арналған еді. Докторлық жұмысымды жазып жатқан кезде Кеден одағы құрылып жатты. Соған байланысты 10-15 жылға арналған бірнеше болжам жасадым.

Азаттық: – Қандай болжамдар жасадыңыз?

Арман Мәжікеев: – Одақтың ішінде басты шешім жасайтын бір мүшесі болады. Сол мүше басқа мүшелеріне тең көзқараспен қарай алады және тапқан табыстарын теңдей бөледі. Бірақ менің болжамым бойынша бұл сценарий мүмкін емес. Өйткені ол жерде Мәскеу өз жобасын жазатын Совет Одағының тарихы бар. Міне, сол себепті 10-15 жылда Қазақстанға және де басқа кішірек экономикаға импорттан келетін тарифтік өнімдер қиындық туғызады. Керісінше Ресейге индустрияларына, монополист ретінде өзінің өнімдерін өткізуге ыңғайлы болады. Ал Қазақстан басқа елдермен сауда қарым-қатынасын жасау азайғандықтан технология, ғылым жағынан біртіндеп артта қала бастайды.

Азаттық: – Қазақстанға қайтқыңыз келе ме?

Арман Мәжікеев: – Қазақстанға оралғым келеді. Ол үшін жақсы жағдайлар жасалу керек. Мәселен, Қазақстанға осыдан екі жыл бұрын барғанда қалып қою туралы ойым болған. Жергілікті университеттерге хабарластым, тіпті семинарлар да өткіздім. Бірақ олардың маған деген қызығушылығы аса қатты болмады. Маған жұмыс ұсынып, жағдайымды жасауға ұмтылғандарын көрмедім. Қазірше «біздерді қабылдауға Қазақстан дайын емес» деген ойға келдім. Әзірге жаспыз, жұмыс істеп, осы жақтан белгілі бір дәрежеге жетіп жатсақ, Қазақстанда жағай түзеліп жатса барып, тәжірибемізді бөлісеміз.

Қазір Қазақстанда жалақы мәселесі өте нашар. Екі жыл бұрын туған қалама бардым. Сонда мемлекеттік университет бар, соған барып сөйлестім. Олар маған: «Сізді оқытушының ассистенті ретінде ала аламыз. Оның жалақысы – мемлекеттік ставка бойынша 40 мың теңге» деді. Ол кезде Петропавлда пәтер жалдау құны орташа есеппен 50 мың теңге болатын. Дұрыс мамандар ондай жалақыға ешқашан жұмыс істемейді. Өйткені ол жердегі жалақы кемінде 150 мың теңге болуы керек.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: