|  | 

Саясат

Сариев: «Жээнбеков Атамбаевтың көлеңкесінде қалмайды»

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта), Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (екінші қатарда) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҰҚШҰ саммитінде түскен суреті. Минск, 30 қараша 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта), Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (екінші қатарда) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҰҚШҰ саммитінде түскен суреті. Минск, 30 

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков шетелдерге алғашқы сапарын аяқтады. Ол Мәскеу мен Минскіге барып, қызметіне кіріспей тұрып туындаған кей проблемаларды шешті. Азаттықтың «Енді әріптес елдермен қатынас реттеле ме?», «Жаңа басшы өзін қалай көрсетті?» деген сұрақтарына саясаттанушы Марс Сариев жауап береді.

Азаттық: – Сооронбай Жээнбеков жаңа басшы ретінде алғашқы сапарын аяқтады. Оның сапары сарапшылар мен журналистердің назарында болды. Жұрт өзге ел басшылары жанында жаңа президент қалай көрінер екен деген ойда болды. Сіздіңше, Мәскеу мен Минскіге сапары кезінде ол қалай көрінді?

Марс Сариев: – Ол өзін сенімді ұстағандай көрінді. Еуразия Одағы (ЕАЭО) мүшелерінің бәрі оған жылы шырай танытқаны байқалды, ол да жақсы әсер қалдырды. Әйтеуір ақпарат құралдарының хабарларына, фотосуреттерге қарағанда, ол Қырғызстанды лайықты дәрежеде көрсеткені сырт келбетінен де, өзге ел басшыларының онымен қалай сөйлескенінен де байқалды. Оны тең дәрежелі тұлға ретінде қабылдап, қолпаштағаны байқалды. Меніңше, ол өзін сенімді тұлға ретінде көрсетті.

 

Азаттық: – Минскіде Қырғызстанның жаңа президентінің қазақстандық әріптесімен жоспарланбаған кездесуі нәтижесінде екі жақты кей проблемалар шешілді. Тіпті алғашқы талпыныстан шешілді деуге болады. Үкіметтер деңгейінде ертеректе өткен кездесулерден тұшымды нәтиже шықпаған еді. Сонда қайшылықтарды шешу тұлғаларға ғана тіреліп тұрған ба?

Марс Сариев: – Мен қазақ-қырғыз дағдарысы тез арада реттеледі деп Жээнбековтің Мәскеу мен Минск сапарына дейін берген сұхбатымда айтқан болатынмын. Бұл – қисынды нәрсе, солай болуы тиіс болған. Жээнбеков қаласа да, қаламаса да, жағдай президенттер шешетіндей дәрежеге жетуі тиіс болды. Әлбетте, бұл жерде жеке тұлға факторы шешуші рөл ойнады. Мен Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевты, оның позициясын айтып отырмын. Ол әлгі қадамдарға ішкі саяси міндеттерді шешу үшін барды. Мен сайлауалды науқанын айтып отырмын. Азия болғандықтан, бізде мұндай кезде жеке тұлға рөл атқарады. Премьер-министр келісім жасасуға тырысты, бірақ ол -Нұрсұлтан Назарбаевтың деңгейі емес. Ол жаңа президентпен көзбе-көз сөйлесуі керек болды.

Екі жақтың да абыройын сақтап қалуға тырысу элементтері бұл жерде де болды. Әлбетте, Минскінің алдында Мәскеуге барып, Путинмен оңаша сөйлескені де үлкен рөл атқарды. Ол жақта қазақ-қырғыз қатынасы қозғалды. Меніңше, проблемаларды тез шешу үшін бұл жерде үш елдің де мүддесі тоғысты деп ойлаймын.

 

Азаттық: – Алмазбек Атамбаевтың тұсында Қырғызстан Қазақстанмен ғана емес, кей мәселелер бойынша Беларусьпен де дүрдараз болатын. Қырғызстанның жаңа президенті келуіне байланысты енді қарым-қатынас түзеледі деп ойлайсыз ба?

Марс Сариев: – Әлбетте түзеледі. Меніңше, қазір Ресей ЕАЭО-ның орнықтырақ жұмыс істеп кетуіне өте мүдделі болып отыр. Беларусьпен арадағы және ЕАЭО-ға мүше болмағанымен, Тәжікстанмен арадағы экс-президент қалдырып кеткен проблемалар тез арада реттеледі деп ойлаймын. Өйткені Қазақстанмен салыстырғанда, олар онша қиын түйіндер емес болатын. Меніңше, Жээнбеков өздігінен әрекет етуге қабілетті екенін көрсетеді. Ол Атамбаевтың көлеңкесі болмайды дегенді мен бұған дейін де айтқанмын. Өйткені бұл оны құрдымға кетірер еді. Бірақ бұл Атамбаевтың ықпал аясынан бүтіндей шығады дегенді білдірмейді. Тұтастай алғанда, жағдайды Атамбаевтың командасы ұстап отыр, сондықтан мысалы, Чыныбай Тұрсынбеков (Жогорку Кенештің бұрынғы төрағасының отставкаға кетуін айтады – ред.) сияқты демарштар болмайтыны анық. Ол осы тұжырымдама аясында жұмыс істейтін болады.

Азаттық: – Кей сарапшылар әрі экс-президенттің өзі де ұлттық мүддені жанымды салып қорғадым, белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздім, қызбалыққа салынғаныммен, есебім дұрыс дейді. Ол өзге елдермен қарым-қатынас жайлы қызбалықпен талай рет ауыр сөздер айтты. Атамбаев қызметінен кетер алдында ЕАЭО-ны сынады. Бірақ Жээнбековтің болмысы бөлек адам. Ол өз позициясын, ел позициясын аянбай қорғайды деп санайсыз ба?

Қырғызстандық саясаттанушы Марс Сариев.

Қырғызстандық саясаттанушы Марс Сариев.

Марс Сариев: – Экс-президент Атамбаев әдеттегі саясаткердің мінез-құлқы туралы орныққан стереотипті бұзды. Тіпті батырсынып кетті. Ол саясаткерлерге тән емес қылық көрсетіп, әрекет етті, оның әрекеттерінің ерекшелігі мен ұтымдылығы да осында болды. Бірақ меніңше, бұл аяқ асты әрекет емес, ойластырылған қадамдар болды. Ол ауыр сөздерімен мемлекет басшыларымен келіссөз жүргізу кезінде ұстанатын дипломатиялық этикетке қатысты орныққан шаблонды бұзды. Әрине, бұдан нәтиже шықты. Бірақ бұл саяси қайраткерлерге тән қылық емес. Бұл оның әлсіздігі болса керек. Өзге тәсілдер болмағандықтан, Атамбаев өз дегеніне мүлде өзгеше амалмен қол жеткізді.

Жээнбеков Атамбаев сияқты әрекет ете алмайды, көрші ел басшыларымен дәйекті түрде әрі дипломатиялық тұрғыда дауласу үшін Жээнбековте мықты негіз болуы тиіс. Ол – ұстамды адам, сондықтан әр іске кәсіпқойлықпен қарауы тиіс. Ол саяси сахнада Атамбаев сияқты ереже бұзып ойнай алмайды. Өйткені оның болмысы мүлде бөлек адам. Ол кісіге қиындау болады. Атамбаев өзінің ерекшелігіне сүйенді, оны жаратылысы бөлек адам деп тіпті Путин де айтқан. Бірақ бұл – дәстүрге сәйкес келмейтін әрі саяси аренада көп кедергіге тап қылатын мінез. Атамбаев кәсіпқой саясаткер емес қой, оның әлгі әрекеттерінің бәрі – әлсіздігінің кесірі. Бірақ оның саяси алаңда қолданатын бірқилы тосын тәсілдері стратегиялық болмаса да, тактикалық нәтижелерге жеткізетіні анық.

Болот Колбаев пен Марс Сариевтің сұхбаты орыс тілінен аударылды.

Related Articles

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі Амос ЧЭПЛ Ресейлік “Белая” әуе базасын шабуылдаған украин дронынан түсірілген видеодан скриншот. Фото:Source in the Ukrainian Security  1 маусым күні жарияланған видеода бомбасы бар квадрокоптерлер жүк көлігінен ұшып жатқаны көрінеді, арғы жағында өрт болып жатыр. Сол күні Украина қауіпсіздік қызметі Ресей аэродромдарына соққы жасағанын, нәтижесінде Кремльдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары жойылғанын мәлімдеді. Әскери тактика бөлмелерінде бұл видеоларды мұқият зерделеп жатқаны анық. “Бұл шабуылды бүкіл әлем әскери қызметкерлері дабыл деп қабылдауы қажет” деді Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының Қорғаныс бағдарламасы директоры Стейси Петтиджон (ханым) Азаттық радиосына. “[1 маусымдағы шабуыл] көптеген қыры бойынша Украинаның ұзаққа ұшатын дрондар шабуылынан тиімді бола шықты. Өйткені шағын дрондар шашырап кетіп, әртүрлі нысандарды көздей алады

  • Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Осы уақытқа дейін құпия сақталып келген 106-қазақ атты әскер дивизиясының деректері енді белгілі бола бастады. 1942 жылы дивизия Ақмолада жасақталыпты. Әскери шала дайындықпен жасақталған дивизия 1942 жылдың мамырында, Харьков түбіндегі қоршауды бұзып шығуға бұйрық берер алдында, 4091 сарбазға 71мылтық, яғни 7 адамға бір мылтық және бәріне 3100 жарылғыш оқ –дәрі бәріліпті. Қазақ боздақтарын қарусыз жалаң қылышпен өлімге жұмсауы – «Гитлермен салыстырғанда Сталин солдаттарды өлімге 8 есе көп жұмсадының» айғағы (Михаил Гареев, Әскери академиядан.2005 жыл). “Төртінші билік» газетінің 2016 – жылғы мамырдың 28-жұлдызындағы санында шетелдік архивтерден алынған видеосюжеттегі 106-атты әскер дивизиясы жөніндегі неміс офицерінің айтқаны: «Не деген қырғыз (қазақ) деген жан кешті батыр халық, атқа мініп, ажалға қаймықпай жалаң қылышпен танктерге

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: