Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Астанада күннен қуат алатын қондырғылары бар жаңа мешіт пайдалануға берілді. Сәулетші Сағындық Жанболатов кешен жобасын “Алланың гүлі” деп атады. Жаңа мешітке Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің әкесі Ырыскелді қажының есімі берілген.
1Ақшанқан мешіт ғимараты ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендіріліп, постмодернистік стильде салынған. Негізгі ғимарат үшбұрышты көлбеу қабырғалар мен күмбезден тұратын күрделі пішінде тұрғызылған. Сәулетші Сағындық Жанболатовтың сөзінше, осыған ұқсас мешіттер Малайзияда, Германияда, араб елдерінде бар. Жобаға тапсырысты “Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы” республикалық мұсылмандар діни бірлестігі берген. Ғимарат жеке азаматтардың қаржысы есебінен салынған. Құрылысшылар жобаға қанша ақша жұмсалғанын айтпады.
2Көлемі 3695 шаршы метр болатын мешіт жайғасқан жер учаскесінің аумағы – 1,44 гектарды құрайды. Күмбездің диаметрі 20 метр, ғимараттың диаметрі – 53 метр, биіктігі – 26 метр. Жаңа мешіт Астананың Сарыарқа ауданындағы С-409 көшесінде орналасқан.
3Мешіттің солтүстік беткейіндегі биіктігі 43,5 метр мұнарасы Алланың сөзін Құранға жазып жеткізген “қасиетті қалам” пішінінде тұрғызылған. Мешіт басқарушысы Руслан Абдуллаевтың сөзінше, нысан құрылысына қазақстандық материалдар мен бұйымдар пайдаланылған.
4Жаңа мешіт архитектуралық пішінімен ғана емес, сонымен бірге күннен қуат алатын қондырғылармен жабдықталғанымен де ерекшеленеді. Жоба авторларының айтуынша, ғимаратты жылытуға және жарықпен қамтамасыз етуге сол қондырғылар пайдаланылады.
5Жаңа нысан еуропалық компаниялардың қондырғыларымен: тиімділігі жоғары қуат үнемдейтін желдеткіш жүйесі және күннен қуат алатын, көлемі 1295 шаршы метрді құрайтын панельдермен жабдықталған.
6Жаңа мешітті қуатпен қамтамасыз етуге пайдаланылатын балама энергия көздері, мешіт басқарушысының мәліметінше, қажетті мөлшерден үш есе артық қуат өндіре алады, ал өндірілетін электр қуатының көлемі нысан қажеттілігінен төрт есеге жуық көп, бұл артылған электр энергиясын сыртқы тұтынушыға сатуға мүмкіндік береді. Әзірге артық энергияны сатуға кіріспеген.
7Мешіт имамы Яхия қажы Исмаиловтың сөзінше, ислам діні артық нәрсені сатуға рұқсат етеді. “Мұсылманның адал еңбегімен тапқан өнімін сатуы – әлимсақтан бері бар. Пайғамбарымыз: “Саудамен айналысыңдар, ол – сүннет әрі адал еңбек. Әділ саудагер қиямет күні менің жанымда болады” деп айтқан”, – деп жауап берді жаңа мешіттің имамы артылған электр қуатын сату шариғатқа қаншалықты сай келетіні туралы сұраған Азаттық тілшісіне.
8Жаңа мешіт 750 адамға лайықталып тұрғызылған. Алайда, имамның айтуынша, мешіттегі алғашқы жұма намазына жиналған мыңнан аса адамның барлығы ғимарат ішіне сыйған. Ерлерге арналған намаз оқитын орын бірінші қабатта, әйелдерге арналғаны – екінші қабатта орналасқан.
9Мешіттің ішінде де ақ түс басым, көлбеу қабырғалардағы үлкен витраждардан түскен күн сәулесі ғимараттың ішіне ерекше жарық беріп тұр.
10Бірінші қабатта әйелдер мен ерлер үшін екі бөлек киім шешетін орындар мен аяқ киім қоятын сөрелер бар.
11Дәрет алатын орындар да көп адам сиятындай кең етіп салынған.
12Мешітке кіре берісте мүмкіндігі шектеулі адамдардың ғимаратқа кіріп-шығуына арналған көтергіш құрылғылар орнатылған.
13Мешітке жапсарлас жерде автокөлік қоюға арналған орын бар.
14Астанада ашылған жаңа мешітке Ырыскелді қажының есімі берілген. Ол 1928 жылы Қостанай облысы Тастыөзек ауылында дүниеге келген. Совет заманында 25 жыл Целиноград облыстық кинофикация басқармасын басқарған. 1980 жылдары үш рет облыстық халық депутаттары советіне сайланған, коммунистік партия мүшесі ретінде Қазақ ССР компартиясы съездерінің жұмыстарына қатысқан. Ырыскелді Жақсыбековтің ұлдары бұл күндері жоғары лауазымды шенеуніктер: Әділбек Жақсыбеков президент әкімшілігін басқарса, тағы бір баласы Серік Жақсыбеков – парламент Сенатының депутаты.
15Қазақстанда қазіргі кезде 2600 мешіт жұмыс істейді. Ырыскелді қажы мешіті – Астанадағы тоғызыншы мешіт.
Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің
Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің
1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ
Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды
Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға
Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!
KEREY.KZ
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Пікір қалдыру