|  | 

Суреттер сөйлейді

Шыңжаңды Таныстыру

47355515_1249657935197791_2677080032156844032_n“Шыңжаңды Таныстыру” (新疆介绍) атты бұл кітап 1949-жылдың қазан айында жарық көрген екен. Кітапта Қазақтар мен Моңғолдарды баса таныстыруға мән беріпті. Кітапта Қазақтарды арнайы суретімен (атқа мінген, тымақ киген) беруін мен мынадай жағынан түсіндіремін:

Бірінші себеп, қазақтардың қолында жаппай дерлік қару болды; Мысалы, 1944-45 жж Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметіне қарасты 30 мыңнан астам Ұлттық Армияның кемінде 90 пайызы Қазақтарды құрады. Қазақ әскерлерін Қазақ ССР-дан құпия келген екінші дүние жүзілік майданда соғыс көрген офицерлер мен әскери мамандар арнайы әскери жаттығудан өткізген. Манас өзеніндегі келсімшарттан соң жүзден астам әскери мамандар Қазақ ССР-ға қайтып кетті. 47508840_1249658031864448_2997245384234893312_n

Екіншісі, 1944-жылы Құлжада Шарқи Түркістан үкіметі мен Ұлттық Армия құрылған соң уақытша үкімет құрамына кірмей қалған Қазақ уалаяты Нан Кин үкіметінің қорғаныс министірлігінен арнайы қаулы шығартып Тиян Шань баурайындағы тоғыз Қазақ аудан-окургі дербес Қазақ Полкьн құрады және Қазақ полкьнің Манас, Құтыби, Санжы, Ми Чуань, Бөкен (Фукаң), Жемсары, Шонжы, Мори қатарлы қазақ аудандарында әскери бөлімшелерін ашады. Қазақ Полкьне Нан Кинде (南京), Лань Жоуда (兰州) және Диxуа (Үрімжі) офицерлер колледжінде әскери, саяси білім алған жас қазақ мамандарын қояды. Бұл Полкьті Нан Киндегі қорғаныс миністірлігі қаржыландырады. Әскер құрамында мыңдаған қазақ жастары әскери қатаң тәлім алды. Өкініштісі, бұрынғы Әліп, Елісқан елі Баркөл, Құмыл өңірінің қазақтары Тибет асып кеткендіктен ол өңірлерде әскери қуат күштер белсенді болмады. Бұл қарулы әскерлер Құлжадағы Ұлттық Армиядан бөлек-ті. Біз осы күнге дейін Құлжадағы уақытша үкімет құрамындағы Қазақтар туралы айтып келдік де Тиян Шань өңіріндегі Қазақтың дербес полкь туралы аса көп мән бере алмай келдік.

Үшіншісі, Қазақтар 1939-жылдан бастап ұлт-азаттық көтеріліске кіріскендіктен, олардың қан майдандағы ОН ЖЫЛДЫҚ әскери тажірибесі барды. Он жыл бойы ат үстінде мылтық асынып, түйенің өркешін жастанып отшашар (Пулемет) шақылдатқандықтан әскери тактикасы біршама жоғары еді. Тіпті оқты үнемдеу үшін қатар келе қалған екі жауды бір оқпен атып үлгіретін. Бұның барлығы ОН ЖЫЛ бойы толассыз қан кешкен тағдырдың өзі силаған ерлік пен өнер-ді. Жоғардағы кітапта бұл фактілер ескерілгені дұйым жұртқа жасырын емес. 47166612_1249657998531118_4616974488968364032_n

Ұзын сөздің қысқасы 1949-жылы Қытай Шыңжаң өңірінде 500 мыңнан астам қазақтар өмір сүрді, оның 50 мыңдайы қолына қару алып ат үстінде соғыса алатын дайын тұрған әскер-ді. Және олардың қолындағы қару Советтің Еуропа майданынан қайтқан озық қарулары еді. Кей қарулар Нан Кин үкіметіне Ақш-тан енгізілді. Осыншама қарулы қазақтың ара-жігін ашу үшін xалықаралық ұйымдар ат төбеліндей аз қазақты күрделі саяси таңдау жасатып қысқа уақыттың ішінде жік-жікке бөлді. Соның кесірінен соншама қарулы қазақтар дербес әскери қуатынан, дербес саяси таңдау еркінен айрылды. 1949-жылғы Шыңжаң туралы кітап дәл сол тұстағы “Қазақ Қаупін” ескере отырып таныстырған іспетті. “қазақ деген осындай, атқа мінеді, тымақ киеді” деп суретімен көрсетіп тұрғандай. Өйткені кітапты жай адамдар емес Шыңжаңға жаңадан үкім етуші партияның әскери өндірістік дивизясының Шыңжаң аxуалын бақылап-басқарушы арнайы органы жағынан жинақталған. Демек олар Шыңжаңда нақты кімдер қауіпті екенін жақсы біледі деген сөз.

Eldes Orda

Related Articles

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: