|  | 

Саясат

Қазақстан мен Қытай келіссөзде ҚХР аумағында тұратын этникалық қазақтардың жағдайы туралы мәселе болды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қытай Халық Республикасына ресми сапармен келді. Сапар барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен екі жақты келіссөздер жүргізді.

Тараптар Қазақстан-Қытай саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасты.

Қазақстандағы ішкі саяси өзгерістер аясында Б.Атамқұлов қытай тарапына елдің сыртқы саясатының өзгермейтіндігі және халықаралық міндеттемелерін орындау туралы хабардар етті. «Біз жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінің қарым-қатынастарын нығайтуға және тереңдетуге деген міндеттемелерімізді растаймыз», – деді ҚР СІМ басшысы. Сонымен бірге ол «Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас өзара ұтымды және тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады» деп атап өтті.

Өз кезегінде Қытай тарапы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Қытай жан-жақты стратегиялық серіктестігін орнатудағы, «Белдеу және жол» бастамасын бірлесіп құрудағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша тарихи рөлін жоғары бағалады.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы өңіраралық және шекара маңындағы серіктестік форматтарында, сондай-ақ өнеркәсіптік және инвестициялық салада, экономиканы цифрландыру және технологиялық жаңғырту салада практикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасын «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатымен және Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық бағдарламаларымен тиімді ұштастыруға үлкен назар аударылады.

Сонымен қатар, Қазақстан мен ҚХР сыртқы саяси ведомстволарының басшылары БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі және т.б. халықаралық ұйымдар және интеграциялық бірлестіктер аясындағы ынтымақтастық, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырып, трансшекаралық су ресурстарының мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Келіссөздердің жеке бөлігі ретінде ҚХР аумағында тұратын этникалық қазақтардың жағдайы туралы мәселе болды. Екі елдің СІМ арасындағы жұмыс байланыстары арқылы туындайтын мәселелерді шешуге өзара мүдделілік атап өтіліп, консулдық қызметтердің жұмысын жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай сыртқы саяси ведомстволары арасында 2020-2022 жылдарға арналған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сол күні Қазақстан СІМ басшысы ҚХР Коммерция министрі Чжун Шаньмен келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады. Қытай тарапы ҚР СІМ-нің инвестицияларды тарту және экспортты жылжытуды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы жаңа функциялары мен өкілеттіктерімен танысты.

Қытай Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Соңғы жылдары елдеріміз арасындағы сауда көлемі айтарлықтай артты. Осыған байланысты сауда саласын кеңейту, сауда құрылымын оңтайландыру, сауда ауқымын ұлғайту, сондай-ақ екіжақты саудадағы жоғары технологиялық өнімдердің үлесін арттыру мәселелерін реттейтін Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын жандандыру жөніндегі Жол картасын әзірлеу ұсынылды.

Сапар аясында Министр Б. Атамқұлов Бейжіңнің орталық паркіндегі қазақ жазушысы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қытайлық мүсінші Юань Сикуньді «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапаттау рәсіміне қатысты.

 КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ баспа сөз қызметі

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: