|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

Қытай қазақтарының анти-коммунистік үш үлкен жоспары

89098709_1641456339351280_4351708474019676160_nБірінші сүгірет, 1960-жылы Тайван (台湾) астанасы Тәйпейде түсірілген.

Суретте оңынан: Дәлелқан Жанымқанұлы Жаналтай, Қалибек Райымбекұлы Хәкім, Қамза Шөмішбайұлы Ұшар, Қалипа Ғақыпұлы Алтай.

Бергі жақтағы үш адам оңынан: Жолбарыс ұлы Яқұп және APACL- мүшелері мен Тайван президент әкімшілігінің қазақтарды қабылдауға келген өкілі. 87053608_1641456356017945_7750700520687271936_n

Екінші сүгірет, 1960-жылы Тайван астанасы Тәйпейде түсірілген. Азия халықтарының Анти-Коммунистік Лигасы (APACL) сол жылы тәйпейде құрылтай ашқан. Құрылтай жиналысына қазақтар да қатысты.

Суретте оңынан: Қалибек Райымбекұлы Хәкім, APACL басшысы Гу Жынганг (Gu Zhenggang/谷正纲), Қамза Шөмішбайұлы Ұшар және Қалипа Ғақыпұлы Алтай. 89466040_1641456359351278_2617401397154414592_n

Үшінші сүгірет, 1960-жылы Тәйпейде түсірілген.

Суретте алдыда отырған: Қытай гоминдаң үкіметінің тайвандағы президенті Жан Кәйшек (蒋介石). Қытай қазақтары оны Қытайдың терістік акценті бойынша Жияң Жиеші деп атайды.

Артта тұрғандар оңынан: Қалипа Ғақыпұлы Алтай, Қалибек Райымбекұлы Хәкім, Қамза Шөмішбайұлы Ұшар.

Қытай президенті Жан Кәйшекпен болған кездесуде қазақ делагаттары нақты саяси мәселелерді талқыға салған. Екіжақты кездесулердің хаттамалық құжаты гоминь үкіметінің тәйпейдегі мемлекет мұрағатында сақтаулы тұр.

Бұл қытай қазақтарының Гоминдаң (国民党) үкіметімен болған ең соңғы саяси кездесуі еді. 1912-жылғы қытай демократиялық револуциясынан бері Қазақтар саяси, әлеуметтік мәселелер бойынша қытай президентінің түрлі қабылдауында болған. Олар жеке-жеке:

1912-жылы демократиялық принциптер негізінде өткен тұңғыш президент сайлауы, Пекин;

1928-жылғы Гоминь үкіметін илан (жария) ету кезі, Нан Кин;

1946-47 жылдың өлара кезеңінде өткен гоминь үкіметінің бүкілмемлекеттік құрылтай жиналысы, Нан Кин;

1947-48 жылдың өлара кезеңінде өткен президент сайлауы, Нан Кин;

Соңғысы 1960-жылғы APACL жиналысы кезі, Тәйпей;

1972-жылға дейін социялистік лагерден тысқы елдерде қытайдың пекиндегі коммунистік үкіметі заңды үкімет есебінде саналмады. Әлемнің көптеген елдерінде қытайдың тайвандағы демократиялық үкіметі заңды респубилика ретінде танылды және дипломатиялық қатынастар сақталып тұрды. 1968-1972 жж Ақш-Қытай қатынастары мүлде басқа бағытқа өзгерді. Ақш бастатқан әлемдік маңызды ұйымдар Пекин үкіметін заңды үкімет есебінде қабылдай бастады. Тіпті, 1972-жылы Ақш президенті коммунистік қытайға ресми сапармен барды.

Ақш-Қытай қатынастарының жақсаруы, Совет-Қытай қатынастарының қырғиқабақ кезеңге өтуі тайвандағы гоминь үкіметінің халықарадағы саяси орнын мейлінше әлсіретіп жіберді. Сонымен 1951-1960 жж арасында шетелде саяси эмиграцияда жүрген қытай қазақтарының анти-коммунистік үш үлкен жоспары тас-талқан болды. Олар:

Біріншісі, 1951-жж оңтүстік шығыс түркістан яғни қашқарияны артқы база ете отырып отстовкадағы гоминдаң үкіметі мен Ақш-тың көмегі арқылы коммунистік қытайға қайтарма шабуылға өту жоспары;

Екіншісі, 1951-54 жылдары Кашмир, Ауғаныстан елдерін артқы база ете отырып коммунистік қытай билігіне қайтарма соққы жасау, үшінші жаһан соғысының тууын күту жоспары;

Үшіншісі, 1960-жылдардағы APACL негізінде құрылған саяси лига. Яғни Азия халықтарының Анти-Коммунистік Лигасы негізінде Пекин үкіметіне жаңа лепті бастау жоспары;

Естеріңізге сала кетейін, Дәлелқан Жанымқанұлы Жаналтай мен Қамза Шөмішбайұлы Ұшар мырза президент Жан Кәйшектің қабылдауында екі рет болды.

Әуелгісі, 1947-48 жылдың өларасында өткен бүкілмемлекеттік президент сайлауы кезінде. Ол кезде Президент сайлауына түсіп басым дауыспен президент атанған Жан Кәйшек қазақ делагаттарын арнайы қабылдап онбес минут кеңес өткізген, қазақтар кестелі киім, үкілі тымақ киіп барып президентпен суретке түскен. Бұл суретті кейінгі постымда жариялайын.

Кейінгісі, осы 1960-жылдың кездесуі.

Ескерту, суреттер Қалибек Хәкім әулетінің альбомынан алынды.

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: