|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Тұлғалар

ГЕОЛОГ ҒАЛЫМ С.КАМАЛОВҚА 85 ЖЫЛ

Безымянный

Қазақстан экономикасы үшін үлкен маңызға ие кен орындарын ашқан ғалым Камалов Сухан Мақсұтұлы еліміздің тарихында елеулі орын алар тұлға. Бүкіл саналы ғұмырын өз отанының дамуы мен гүлденуіне арнаған білікті геолог Камалов С.М. көзі тірі болғанда биыл 85 жасқа толар еді.

Камалов С.М. 1935 жылы желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызы Орал облысының (бұрынғы атауы) Қазталов ауданына қарасты Асан-Құдық ауылында дүниеге келген. Бала кезінен ол өз күшіне ғана сенуге бейімделеді, осы кезден оның бойында қайсарлық мінезі мен табандылық, еңбекқорлық қасиеттері қалыптасады. Өткен ғасырдың елуінші жылдары мектепті бітірген ол, сол кездегі қол жетпейтін, арман мамандықтардың бірі жер қойнауында қазынаны зерттейтін геолог мамандығына қызығады. Осы мамандықты Қазақ мемлекеттік университетінде бітірген ол басында тәжірбие жинау үшін геология партиясында коллектор болып жұмыс атқарады. Өз жұмысын тиянақты атқарғанСухан Камалов көзге бірден түседі, әрі қызмет сатысымен тез көтеріледі. Ұзақ уақыт өтпей Камалов С. Қазақстан Геология министрлігінің бас геологы болып қызмет атқарады. Осы кезден бастап еліміздің аумағындағы геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлап, бағдарлап мол тәжірибе жинақтайды. Өзінің біліктілігі әрі білімі негізінде Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындылады. Алайда бұл оның жұмысының тек бастамасы болатын, нағыз күш жігерін өзінің туған жері Орал өңіріне арнады. Себебі, өзінің туған өлкесінің құнарлы қара топырағының астында отанымыздың байлығын еселейтін мол береке жатқанын жүрегімен сезіп жүрді.

Сухан Камалов Орал өңірін түгел зерттеп, өңірдің бас геологы қызметін атқарады, одан кейін Орал мұнай-газ барлау экспедициясын жүргізеді. Көп ұзамай Қазақстан геологиясының зор жаңалықтарының бірі, елеусіз табысы – Қарашығанақ кен орнын ашады. Осы өңірде үлкен қор бар екенін алғаш рет картадан көрсеткен де Сухан Камалов еді. С.Камаловтың бұл жетістіктері – білімінің, табандылық пен мақсатына ұмтылысының дәлелі. Қарашығанақ мұнай-газ консенсатының қоры кенші ғалымдардың пайымдауына қарағанда, 1,2 миллиард тоннадан астам қара алтын және 1,35 триллион текше метр газ конденсатын құрайды. Қарашығанақтың тағы бір ерекшелігі пайдалы қазбалар шағын аумаққа жинақталған, бұл өндіріс үшін өте ыңғайлы жағдай жасайды. Алайда осы кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, жаңа тәуелсіз мемлекетімізде қиын-қыстау қилы замандар басталған еді. Сухан Мақсұтұлы дәл осы кездері «Қарашығанақгазөндіріс» басқармасын басқарды. Дағдарыс жылдарында пайда болған проблемалардың шешімін табу оңайға соққан жоқ. Жығылғанға жұдырық болғандай сол кездері қарыздар өсіп, жұмысшылар ұзақ уақыт бойы жалақыларын ала алмады. Осындай қиын-қыстау кезеңде білікті геолог өз командасын, мамандарын, құрал-жабдықтарды сақтап қала алды. Қиындықтарға тойтарыс беру ол үшін үйреншікті құбылыс болды. Сухан Камалов қатаң тәртіпті, әр нәрсеге есеп беруді талап етті. Ол бұл қиындықтардың уақытша екенін, көп ұзамай бұл кезеңнен өтетініне үлкен сенімділікпен қарады.

Тәуелсіздік жылдары Қарашығанаққа Елбасымыз Н.Назарбаев келеді. Мемлекет басшысы Қарашығанаққа шетелдік инвестиция тарту туралы мемлекет үшін ұтымды шешім қабылдайды. Инвесторлармен келіссөздерді Сухан Камалов өзі жүргізеді. Көп ұзамай Би Джи Групп, Эни, Шеврон, ЛУКОЙЛ және ҚазМұнай­Газ компаниялар құрамына кіретін компаниялар консорциумы кенішті өңдеуге өз жұмысын бастап кетеді. Қазіргі таңда Қарашығанақ кен орны Қазақстандағы газдың 48 пайызын және сұйық көмірсутегінің 15 пайызын өндіреді. Қарашығанақ – үлкен өндіріс орны бола білді. Инвестиция, мыңдаған жұмыс орны және осының барлығының мінсіз жұмыс жасауы Сухан Камаловтың елеулі еңбегінің жемісі.

Сухан Камалов еліміздің мұнай және газ саласында өзіндік із қалдыруымен қатар, бүгінде бұл саланы әрі қарай дамуына өзіндік үлестерін қосып жүрген мұнайшылардың бүтін бір буынын тәрбиелеп өсірген тәлімгер. Орал қаласында геологтар мен мұнайшылардың Даңқ аллеясы бар. Даңқ аллеясына сән беріп тұрған төрт барельефтің бірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Инженерлік академияның академигі, белгілі геолог Камалов Сухан Мақсұтұлының бейнесі суреттелген. Отан үшін атқарылған қажырлы еңбек ешқашан ескерусіз қалмайды. «Құрмет Белгісі», «Парасат», «ІІ дәрежелі Барыс» ордендерімен және Орал қаласының «Құрметті азаматы» атағымен марапатталған. «Әке көрген оқ жонар» дегендей Сухан Мақсұтұлының екі ұл, бір қызы да әкесінің жолын жалғастыруда.

2018 жылдың 29 желтоқсанында геолог-зерттеуші, кеңестік және қазақстандық ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Сухан Мақсатұлы 83 жасында өмірден өтті. Қазіргі таңда Сухан Камалов есімі тарих беттерінде еліміздің экономикасына жаңа серпіліс берген ірі маман, ғалым ретінде және ерен еңбегі нәтижесінде ел есінде сақтаулы.

 

 

Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.

Ернұр ЕДЕНБАЙ, 1 курс студенті

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: