|  | 

Тұлғалар

Жақсылық Сәмитұлы туралы не білеміз?

Jaqsiliq SamytulyЖақсылық Сәмитұлы туралы не білеміз?

Бізге білудің не қажеті бар деген сұрақ та ойыңызға оралуы мүмкін, әрі орынды. Орынды болғанымен, жазушы туралы, оның шығармашылығы жайлы білудің қажеттілігі сіз бен бізге әбден бар. Тек насихаттың аздығы көңілге мұң ұялатады. Біржағынан Қазақстанның мектеп бағдарламасында, оқулықтарында, тарихи кітаптарында тек қазіргі територия көлемінде болған ірілі-ұсақты ұлт-азаттық қозғалыс, көтерілістерді тамтұмдап еске түсіру жеткіліксіз болар еді. Ал шекараның арғы бетіндегі қандастарымыздың азаттық жолындағы азапты арпалысын көп ескере бермейтініміз шындық. Әріден толғамай-ақ, Жақсылық Сәммитұлының өміртолғауы және қандай көркем құнды шығарма жазып қалдырған  ына бірге көз жүгіртейік.

Жазушы Жақсылық Сәммитұлы 1940 жылдың  8 мамырында Алтай аймағының Жеменей ауданындағы Жәке Ласты деген жерде дүниеге келді. 1958 жылы ШынЖаң институтының филология факулътетін бітіреді. Көп ұзамай дәл сол жылы қытайдың көпке мәлім «мәдениет зор төңкерісі» басталып кетіп, арманы зор жас Жақсылықты «саяси қылмыскер» деген айып тағып Корла лагеріне еңбекпен жазасын өтеуге жібереді. Аяусыз қырғын, саяси науқан иісі қазақтың игі-жақсыларын бұғаулап, оларға «ұлтшыл» деген айып тағып, бетпақ дала Тарым шөліне айдады. Осының кесірінен қытай-қазақ көркем әдебиеті мен мәдениеті 1978 жылға дейін тоқырап, ұлт әдебиеті жөргегінде тұншықты. Араға бірнеше жылар салып 1963 жылы  Жақсылық Сәммитұлы Корладағы жаза лагерінен өзінің туған ауылына бақылау астында еңбекпен өзгертуге жібереді. Содан 1978 жылы билікке жаңа басшы Диң Жиау Фин келіп, татар дәм-тұзы таусылмаған қалған ақын-жазушылар ақталып, Тарымнан біртіндеп қайта бастайды. Бұдан соң Жақсылық Сәммитұлы ағартушылықпен бел шеше айналысып, әдеби-мәдени бағыттағы «Алтай аясы» журналына бас редактор болып, ұлт тарихына тікелей қатысы бар өз шығармашылығының да дамуын назардан тыс қалдырмады. Көркем прозаға дендеп кірісіп, «Гүлсара», «Атамекен», «Ақтілек», «Әркімнің бір арманы бар» қатарлы көптеген қайталанбас кесек туындыларында өз шеберлігін таныта білді. 1987 жылы «Атамекен» кітабы үшін аз ұлт жазушылар байқауы бойынша қытай мемелекеттік сыйлығын еншіледі. Ол кісі тіпті 1989 жылы Үрімжі қаласына келіп, ШынЖан телевизиясында аударма бөлімінің директорлығына тағайындалып, тележурналистика саласында да жемісті ұзақ жылдарды артта қалдырғанын айта кеткеніміз орынды.

Сонымен қатар жазушының қазақ халқы тарихында елеулі орыны бар «Шығыс Түркістан» қозғалысын толыққанды жазып қалдырған кесек туындынысы – «Қаһарлы Алтай» трилогиясы өзек болған тарихи шындық пен фактілік негіздер Алтай тауының күнгей бетінде Шың Сысайдың қатал билігіне қарсы соғысқан Азия құрлығын шарпыған дауылға айналғанға дейінгі он екі жылға созылған тартыс қызықты көркем сюжетпен шебер бейнеленген. Трилогияның қай бетін парақтасаңыз да тұнып тұрған сурет, кісі аттары, жер-су атауларын еш өзгертпестен тарихи оқиғалар тізбегімен сәйкестендірі,  рет-ретімен беріп отырған.  Оқиға желісі бойынша Нарманты тауындағы алғашқы ұрысқа қазақтардың дайындығы болғанымен, мұздай қарулы мыңға тарта үкімет әскеріне төтеп берерлік күш жеткіліксіз еді. «Қазақтардың қолында бар-жоғы олжаға түскен он мылтық және екі аңшы қаруы ғана бар болатын». Алғашқы ұрыста негізінен қазақтарға жер жағдайы көмектесті. Ат үсті соғыс өнеріне жетік тауда өскен қазақ жігіттері, сонау алыс Рсейден аттай қалап алып келген, кезінде Жетісудағы халық бүлігін тыныштандыруда үлкен үлес қосқан орыс генералы Николай Зобелин басшылық еткен ат үсті қылыш өнерімен аты шыққан жүз атты  әскердің түгелге жуығын қырып салды. Оқиға осылай өрби келе, Көктоғай, Шіңгіл аудандарында етек алған көтеріліс қысқа ғана жеті ай ішінде Шың Сысай армиясымен аттай он бір рет соғысып, тамыз айына жеткенде 1000-ға таяу зор қосын болып қалыптасты. Үкімет әскерін кез-келген жерде қынадай қырып, қатты жеңіліске ұшыратты. Шың Сысай үкіметіне көмекке жіберілген Кеңес Одағының Құмылдағы сегізінші полкінің дербес атты әскер баталъоны да ештеңе өндіре алмады. 1940 жылы қыркүйекке келгенде көтерілісшілер қосынының барған сайын ұлғайып, басқа аймақтарды қоса шарпуынан қорыққан Шың Сысай үкіметі ақыры халықтың талабына қосылып бітімге келді. Арада жыл өтпей жатып үкімет берген сертінен тайып, бұрынғы әуеніне қайта басты. «1941 жылы жазға келгенде үкіметтің алдамшылығына көзі жетіп, қаны қайнаған ел тағы да атқа мінуге мәжбүр болды. Көктоғай ауданынан Қалел тәйжі мен оның ұлы Рахат бастаған зор қосын қайтадан қару алып шепке аттанды». Бұл жолы да қазақтардың аруағы үстем шықты. Қу Ертіс, Бала Ертіс, Ышқынты өзендерінің бойында жау әскерлері қатты шығынға ұшырады. Оспан батырдың соңына ерген қалың ел енді бітімге келмеуге бекінді. Өліспей-беріспейтін қиын күндер басталды. Теңдік іздеп тентіреген қаймана қазаққа жау көбейді. Осы сәтте Оспан батыр «Шығыс Түркістан» уақытша үкіметінен бөлініп шығып тағы ұрыс ашып, екі мыңнан астам қарулы сарбазымен Алтай бетін азат етіп жаудан тазартты. Осынлай тарихи маңызы өте зор трагедиялы қазақ өмірін «Қаһарлы Алтай» трилогиясында айнытпай, шеберлікпен жеткізеді. Ұлт-азаттық қозғалыс жеңіліске тап болса да, ат төбеліндей он екі жыл толарсағынан қан кешен Алтай қазақтарының ерен ерлігі тұтас ұлт тарихында өшпес ізін қалдырғаны шындық. Тағы бір баса айтатын жайт 1940-1951 жылы аралығында орын алған Алтайды мекендеген қазақтардың азаттық жолындағы тарихы әлі де болса баспа сөзінде беттерінде әділ бағасын алып, халыққа таныту үшін жеткілікті насихатталмауда. Бүгінгі ұрпаққа кешегі аталарының ерлігін танытуда кесек те, кемел дүние жазып қалдырған Жақсылық Сәммитұлы ұлты үшін туған арда ұлдарының бірі дегіміз келеді.

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: