|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

Сирия оппозициясы Астанада қандай келісімге келді?

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сирия оппозициясының Астанадағы үш күндік келіссөзіне қатысты ешқандай комментарий бермеді. Бірақ қорытынды құжатқа кейбір тараптардың қол қоймағаны хабарланды. Сарапшылар Астанаға келген саясаткерлердің «мықты ойыншы емес» екенін айтады.

Сирия оппозициясы өкілдерінің Түркиядағы кездесуі. 3 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Сирия оппозициясы өкілдерінің Түркиядағы кездесуі. 3 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 25 мамыр күні Астанада басталған Сирия оппозициясы келіссөздері туралы үнсіз отыр. Бірнеше күннен бері ведомство баспасөз қызметінен ақпарат алуға тырысқан Азаттыққа олар «келіссөз барысынан хабарымыз жоқ немесе қолымыз тимейді» деген уәж айтумен болды. Кейде министрлік қызметкерлерінің телефоны жауап бермеді.

ТАРМАҚТАР МЕН ШАРТТАР

Ал ресейлік «РИА Новости» агенттігі Астанадағы келіссөз кезінде Сирия оппозициясы өкілдері арасында алауыздық туғанын хабарлады. Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы плюралистік қоғам қозғалысы өкілі Бассам Битардың айтуынша, кейбір саясаткерлер қорытынды құжатқа қол қоюдан бас тартқан.

Плюралистік қоғам қозғалысы басшысы Ранда Кассистің сөзінше, құжаттың шетел жалдамалылары туралы тармағына қатысты дау туған.

Сирия плюралистік қоғам қозғалысы басшысы Ранда Кассис.
Сирия плюралистік қоғам қозғалысы басшысы Ранда Кассис.

«РИА Новости» агенттігі Ранда Кассистің «Аздаған қарсылықтар болды. Біз шетел жалдамалыларының бірі қалмай елден кетуі тиіс деп санаймыз. Бұл – біздің принципіміз, олардың дереу кетуін сұрамаймыз. Бірақ саяси процесс басталу үшін олар елден түбінде кетуі тиіс. Келіссөзге қатысушылардың көбі бұл талабымызбен келісті, бірақ кейбіреулер «Хезболла» қозғалысы да кетуі тиіс деп санайды» деген сөзін келтірген.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі сайтының хабарлауынша, келіссөз жабық есік жағдайында өткен. Сондай-ақ Сирия оппозиционерлері Қазақстаннан Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздерге арағайындық жасауды өтінген соң Астананың оларға диалог жүргізетін алаң ұсынғаны, бірақ келіссөзге қатыспағаны айтылған.

Қазақстан астанасына 30-дан аса адам келген. Сайттың хабарлауынша, бұл – Сириядағы түрлі опппозициялық күштердің басшылары мен өкілдері және азаматтық қоғам өкілдері мен тәуелсіз оппозиционерлер. Бірақ келіссөзге үкіметтен делегаттар келген жоқ.

Сәуір айында мұндай келіссөздер Мәскеуде де өткен. Ол кезде Сирия ұлттық кеңесі мен ұлттық опппозициялық күштер коалициясы сияқты ірі оппозициялық топтар келіссөзге қатысудан бас тартқан болатын. Олар «әуелі ресми Дамаск бізбен президент Башар Асадты биліктен кетіру жөнінде диалог бастасын» деген шарт қойған.

Бүгін «РИА Новости» агенттігі Мәскеудегі Сирия елшісі Рияд Хаддадтың пікірін келтірді. Оның мәлімдеуінше, рсеми Дамаск Астанада өтіп жатқан кездесуді бұрын Каир мен Стамбулда өткен кездесулерге теңейді. Оның айтуынша, оппозиционерлердің көбі келіссөзге қатысудан бас тартқан.

«Новости РИА» агенттігіРияд Хаддадтың «мемлекет ретінде бұл кездесуден әлдебір нәтиже күтпейміз» деген сөзін келтіреді.

БЕДЕЛ, МӘРТЕБЕ ЖӘНЕ НӘТИЖЕ

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Астана жанжалдасушы тараптарды бітімге келтіруге бұрын да талай тырысқанын айтады. Бұдан ертеректе Астанада мұндай кездесуді Үндістан мен Пәкістан басшылары өткізген. Қазақстан Иран ядролық бағдарламасына қатысты күрделі мәселені талқылау үшін де алаң ұсынған.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев.

– Қазақстан билігі жанжалдарды дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайтын мемлекет ретінде елдің сыртқы саяси беделін мақсатты түрде қалыптастыруға тырысады әрі бұл бағытта белгілі бір көмегін ұсынуға әзір. Имидж тұрғысынан алғанда, Астана бұдан ұтпаса, ұтылмайды. Сирия оппозициясы келіссөзіне қатысты да осыны айтуға болады. Имидж тұрғысынан алғанда, Қазақстан бұл келіссөзден ұтатынын бәрі жақсы түсінеді. Кемінде белгілі бір уақытқа өзіне тағы назар аударды, – дейді Досым Сәтпаев.

Бірақ ол бұл келіссөздерден еш нәтиже шықпайтынын сарапшылардың көбі әу бастан ескерткенін айтады. Оның пікірінше, Сирия үкімет өкілдерінің келіссөз процесіне қатысудан бас тартуы келіссөздің мәртебесін де, әсерін де төмендетіп отыр.

Қазақстаннан келіссөз өткізуге бастамашы болуын сұраған Сирия оппозициясы бөлігінің елдегі ықпалы мықты емес.

– Қазақстаннан келіссөз өткізуге бастамашы болуын сұраған Сирия оппозициясы бөлігінің елдегі ықпалы мықты емес. Өйткені ол сансыз бытыраңқы топтардан тұрады. Ол жақта мыналардан да мықты ойыншылар бар. Бірақ меніңше, қазір Сирияда келіссөз жүргізуге әзір күштердің емес, «Ислам мемлекет» немесе «Әл-Каида» тобының бір тармағы «Ан-Нусра» майданы сияқты радикал құрылымдардың әмірі жүріп тұр, – дейді Досым Сәтпаев.

Оның пікірінше, Астанадағы келіссөздер Қазақстанның Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуді қолдайтынын және мұндай іс-шараларға өз территориясын алдағы уақытта да ұсынуға әзір екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Саясаттанушының пікірінше, Минск алдын орап кетіп, Украинадағы дағдарысқа қатысты келіссөз өткізу ниеті іске аспай қалған Астана Сирия оппозициясы келіссөзі тұсында сәл де болса есебін түгендеп алды.

Светлана ГЛУШКОВА

azattyq.org

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: