|  | 

Әдеби әлем

ШОЛАҚ БЕЛСЕНДІНІҢ СОҢҒЫ ОЗБЫРЛЫҒЫ

gdy5e

1955-ші жылдың күзі. Кешелі бері біздің үйге кел­гіштей бастаған ауылдың үлкендері мен қариялары әкеме әлденелерді айтып, төтеннен тап бол­ған қайғысына ортақтасқандай жанашырлық танытып жатты. Олардың көп сөздері ол кез­дегі бала менің санама толық жетіп жатқан жоқ.Әжем Тындығыз: «Тағы қандай бәле­ге тап болғанымызды қайдам, үйге ба­са-көктеп кіріп келіп, бізге әл­денелерді орысшалап жекі­ріп сөйлегенінен шошып кет­тік. Қазақ дейін десек, орысша сөйлейді.

Көккөз сары, түсі суық неменің бізге әкіреңдеп жекірген бір сөзіне де түсін­бедік. Әлгі шолақ белсенді үйдің ішін түгел тінтіп шықты. Бір кезде қа­бырғадағы ілулі тұрған кеше ғана не­мерем Арыстанның сатып алған пальтосына көзі түсті. Бізді адам орнына санамай пальтоны киіп көріп, өзіне шақ келгеніне риза болғандай бір жымиып алып шығып жүре берді.

«Қарағым, талай кәмпіс­кеге ұшыраған біздің үйде ешқандай артық дүние жоқ. Ол немеремнің кеше ғана алған киімі еді. Енді бізге соны да көп көрдің бе?» – деп пальтоға жармаса берген мені итеріп жіберді. «Молчать, контра!» – деп бұрқылдап орысшалаған бел­сен­дінің бір сөзіне түсінбедік.

Байдың тұқымы, молданың әулеті, халық жауы деп қаншама түрткілеулерге ұшырап, кезінде елден көшуге де мәж­бүр болдық. Халық жауы деп тағы да бір бәлесіне душар қыла ма деген үреймен өктемсіген «өкімет адамына» не айтарымды да білмедім. Сасқанымыздан жүгерісін орып жатқан балам Баймұсаға барып, болған жайтты айттым», – дейді.

Сонда озбырлыққа шыдамай шарт кеткен әкем колхоздың кеңсесіне қарай кеткен әлгі белсендінің артынан тұра ұмтылыпты.

«Балам! Сабыр қыл, сабыр. Бір «бел­сендіні» сабағаның үшін қаншама жыл ел­ден жырақтап шетте жүрге­німізді ұмытпа. Балаңның пальтосын сұрасаң сұра, бі­рақ артық кетіп басың тағы да бәлеге шатылмасын. Бермесе тіпті қоя салшы. Тек басымыз аман болсын. Бә­ле-жала сонымен кетсін деп тілейік», – депті қуғын-сүргінді көп көрген әжем жарықтық­. Әлдеқалай болады деген қауіппен әкем­нің қолындағы орақты да алып қойыпты.

Темірланнан келген қа­сындағы уәкіл мен колхоздың басшыларына әлде­нелерді пысықтап, «ақыл айтып» тұр­ған контордағы әлгі шолақ белсендіге жетіп барған әкем:

– Ей, жексұрын! Шеш үс­тіңдегі пальтоны! – депті кіжі­ніп. Баяғы елге қырғидай тиген желігі әлі басыла қой­маған белсенді алдына келіп тұрған жанды ықтырып ал­ғысы келгендей тағы да қа­бағын түйген күйі орысшалап:

– Уходи отсюда! Конт­ра! – дейді.

– «Ухадидің» қандай болатынын мен саған көрсе­тейін! – деген әкем әлгінің кеңірдегінен шап беріп ұстай алған күйі дуалға тақап қылқындырып жатса керек. Әп-сәтте у-шу болған кеңседе­гілер көзі аларып, ауа жетпей қырылдай бастаған «жоғарыдан келген кәмәсияны» әкемнің құрсау шеңгелінен әрең босатып алыпты. Үстін­дегі кигенінің өзіне енді бұ­йырмасына көзі жеткен бе­л­сенді есін жиған бойда пальтоны шешіп алып әкеме қа­рай лақтырып жіберіпті де:

– Мен сендей халық жауы контралармен енді басқа жерде сөйлесемін! Біліп қой, мен өкімет адамымын, екі адамды атуға правом бар. Мылтығымның үйде қалып қойғанын қарашы. Әйтпесе тап осы жерде атып тастар едім сен сияқты контраларды. Ал өкімет адамына қол көтергеннің қандай болатынын мен саған енді көрсе­темін. Осыдан түрмеде шірі­тіп, көзіңе көк шыбын үймелетпесем, атымды басқа қой! – депті дір-дір етіп.

– Күйгенде осы сен сияқты шала орыс, шолақ бел­сенділерден күйдім ғой! Жі­беріңдерші мені, нәлетіні біржола өлтіріп тынайын да, түрмесіне өзім-ақ барайын! – деген әкемді сол жердегілер әрең тоқтатса керек. Әп-сәтте абыройсызданып, жер бол­ғанына ызаланған шолақ бел­сенді ауданнан милиция шақыртамын деп қасындағы уәкілімен бірге Темірланға қарай жөнеп қалса керек.

«Ойпырмай, бұның арты қалай болар екен, ә? Әлгі кәмәсияның ашуланып айт­қан сөздерін естісең, сұмдық. Баймұса-ау, баратын жеріңе сен де ертерек барып, мына бәленің алдын алмасаң болмас. Сол пальтосы құрғырды өз қолыңмен апарып бе­ріп, кешірім сұрай салсайшы», – деп жанашырлық таныт­қандар да болды.

Кезінде колхоздастыру зобалаңынан бірі атылып, бірі сотталып, жер аударылып де­гендей он сегіз адамынан айырылған шағын ауыл мы­на оқиғадан кейін тағы да үрей үстінде қалды. Әйтсе де пешенеме жаз­ғанын көріп алдым деген әкем міз бақ­пады.

Ертеңіне түнделетіп Шым­кенттің маңындағы Лапшын деген ауылда мектеп ди­ректоры болып істейтін Маханбетқан көкем атымен суыт жетті. Суық хабар ол кісіге де тез жеткенге ұқсайды. Соғыс кезінде «СМЕРШ»-те («Смерть шпионам!») қызмет еткен көкеміздің жаудың талай шпионын ұстағандығы туралы қызықты әңгімелері ел ішінде аңыз боп тараған. Болған оқиғаны әкейдің өз аузынан тағы естіп:

– Күйгенде осы шолақ белсенді­лер­ден күйдік қой! Көке, осы істі мен қолға ала­йын. Халыққа кімнің дос, кім­нің жау екендігін әйгілейтін кез келді. Менің Жандар атамның да жазықсыз, осы­лардың «ерек­ше белсен­ділі­гінен» ха­бар-ошарсыз кет­кендігі мәлім. Сонда олар іздеу-сұраусыз кете бермек пе? Осы нә­лет­тердің ең болмағанда біреуін жер жас­тандырсам деп жү­руші едім. Соны енді өздері сұрап, тілеп тұрған жоқ па? Менің қолымды қақпаңыз, көке! Мен бұл шолақ белсен­дінің озбыр­лығын ке­шір­меймін. Соғыста өзіммен бірге «СМЕРШ»-те бол­ған орыс досым қазір Шымкентте милицияда бастық. Соған бір ауыз айтсам жетіп жатыр. Осы ауылдан «халық жауы» атанып, алды атылып, қалғандары сотталып он сегіз адам зардап шекпеді ме? Солардың орнына ең болмаса бір адамды біз де түрмеге тығайық, – деп қызбаланған бауырын әкем жарықтық сабырға шақырды.

– Қарағым, заманымыз солай болса амал нешік? Олардың Жандар атама көр­сеткен зәбіріне шыдамай сол бел­сенділердің басшысын ат бауырына алып сабағаным үшін қаншама жыл елден қа­шып жырақта жүр­дім. Олар біздің әулетті көрген қорлығы мен қуғындаудан еңсесі түсіп, енді қайтып бас көтере алмайтындай жасысын деп іс­теген әрекеті бұл.

Сол үшін кешегі бел­сенді алар сыбағасын алды. «Істеген ісің қандай болса, Алладан алар сыйың да сондай» деген емес пе Пай­ғамбарымыздың хади­сінде. Сол кешегі шолақ бел­сенділердің артында ұрпақ қалмай бара жат­қанын байқаймысың? Ел­дің, халықтың наласы деген сол болады, қарағым! Ендеше біз де ісімізге бір Алла төреші болсын деп тілейік, – деген әкем Махан­бетқан кө­кем мен інісі Ысаға басу айтты.­

Арада үш-төрт күн өткенде Темір­ланда бол­ған әңгіме бүкіл ауылға тарап, жұрттың қобалжыған көңілі орнына­ түсті. Сөйтсе мәселе былай болған екен.

Ойламаған жерден «кә­көй-те бір жаман шалдан» таяқ жеп, маңдайы тасқа тиген шолақ белсенді сельсоветке бар­ған бойда ауданға қо­ңырау шалып, ми­ли­цияға хабар бермекші болып жатса керек. Суыртпақтап сұ­рап, болған жайға әб­ден қаныққан сельсоветтің төрағасы Сүйіндіков Жөргенбай қа­рамағындағы әлгі «өкіметтің адамы» Әкембаев Қазымбекке (аты-жөні өзгертілді) саясаттан сабақ өтіп, тобасына кел­тіргенге ұқсайды.

«Сен өкіметтің адамы бол­ғанда ол жаудың адамы ма екен, ә? Өзіңнің үйіңе біреу баса кіріп, бала-шағаңды шулатып, үйіңді шаңқай түсте тонаса қандай болар едің? Айтшы кәне? Егер ол адам сені тап сол жерде өлтіре салғанда, біреудің үйіне басып кірген тонаушы ретінде құның сұраусыз кетер еді ғой. Мен сенің көкірегіңдегі баяғы «белсен­діліктің желігі» әлі де басылмағанын біл­меппін. Біле білсең, ол адам со­ғысқа қатысып қан төккен, көкірегі орден-медальға толып оралған жаралы жауынгер. Ал сен кімсің? Өзіңді онымен са­лыстырып көрдің бе, ә? Сен әркімнің үйін тіміскілеген тонаушысың. Әлгі адам ар­ызданып, мына әңгіме тиісті орындарға жетсе, сол күні қамауға алынасың. Оған кү­мәнің болмасын. Сондықтан тез арада әлгі ақсақалға барып кешірім сұрамасаң, жағдайың өте қиын»,– депті шындығын айтып.

Әкейдің алдына келуге жүрегі дауаламаған «бел­сенді» осылайша жұ­мыстан босатылыпты. Орталыққа барып­ кел­ген сол кездегі колхоз­ бас­тығы Сұлтанбекова Зәкіштен естіген мына әңгімеге бүкіл ауыл қуанып, Сүйіндіков Жөргенбайдың жөн сөзіне ел риза болып жатты.

Бөріхан ТӘМЕН.    

 

Бөріхан Тәменнің байланыс телефондары – 8-776-773-47-51, 8-701-773-47-51.  

zamana.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Адамзат кітапқа ғұмыр бойы қарыздар. Кітапсыз келешектің алтын кілтін ешкім қолына мықтап ұстай алмаған. Мардан Рахматулла – кітапқұмар он жеті жасар жігіттің бойында өз қатарластарының бойынан табыла бермейтін ұлы қасиет бар. Ол – кітапқа деген махаббат. Бұл махаббаттың сәт санап артуының да сыры бар. Мардан – Асылы Осман, Дархан Қыдырәлі сынды бүгінгі қазақ руханиятының тірегі саналатын азаматтар туған топырақт туып-өскен. Топырақтың киесін дәл осы кезде еріксіз мойындай түсесің. Қоғамдағы «жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді жоққа шығаруға тырысқан жастардың да саны басым. Күн санап олардың саны артып, кітаптың құдіретін жер-жерде дәлелдеп бағуда. Кітапқа жаны құмар жан бір күнін кітапсыз елестете алмайды. Ғұмыры кітаппен етене байланған, оқу ғұмырының мәніне айналған жастарды

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: