|  | 

Руханият

«Орыс тәрбиесiн алған бала ұлт қызметкерi бола алмайды»

kenesari qan

Бiз қанша реформа жасасақ та бiлiм саласын тәртiпке келтiре алмай әлектенiп келемiз. Дұрысы, болашағымыз – қазақ балаларына ұлттық тәрбие бере алмай жүрмiз. Баланы қойып өзiмiз құлдық психологиядан арыла алмай-ақ қойдық. Соның салдарынан да балаларымызды орыс мектептерiне оқуға беремiз. Тәуелсiздiк алғанымызға жиырма жылдан асса да күнi бүгiнге дейiн ресейшiл пиғылдан арылғанымыз жоқ. Өткенде газеттерден мына бiр деректердi көзiм шалып қалды. Астана қаласында қазақ балаларының 47 пайызы орыс мектебiнде бiлiм алуда. Алматыда 178 мектеп болса, соның 38-i ғана – қазақ мектебi. Ал Алматыдағы қазақтардың саны – 70 пайыз. Алматыда 3 ұйғыр мектебi бар екен. Ондағы ұйғыр балаларының 90 пайызы ұйғыр мектебiне барады деген сөз.

Республика бойынша дәл қазiр 16 573 мектепте оқыту таза орыс тiлiнде жүре­дi. Сонда оқитындардың басым көпшiлiгi қазақ балалары. Орыс мектебiнде оқыған қазақ балалары басын кесiп алсаң да, қазақша сөйлемейдi. “Орыс тәрбиесiн ал­ған бала ұлт қызметкерi бола алмайды” деген сөздi сонау өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Жүсiпбек Аймауытов айтып кеткен. Қазақ балаларын тек қана қазақ мектебiнде оқыту қажеттiгi туралы арнайы заң қабылдау керектiгiн газеттер жазудай-ақ жазып келедi. Бiрақ оны оқитын көз, тыңдайтын құлақ жоқ.
Мектептерде оқу сапасының көңiл көн­шiт­пейтiнi де аз айтылып келе жатқан жоқ. Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми­дiң бiр аудандық судьяны тұрғызып қойып: “Үш бет үкiм жазып, 72 қате жiбергенсiң. Сенiң жоғарғы бiлiмдi қалай алғаныңда шаруам жоқ, орта мектептi қалай бiтiргенiңе таңым бар” – деген сөзi ел арасында анекдотқа айналып кеткелi қа-а-шан! Дәл қазiргi мектеп­тердегi бiлiмнiң деңгейi осылай болса, оған не айтасың?!
Жаманның жаманы – орыстың арағы. Алғаш арақты екiншi дүниежүзiлiк соғыстан қайтқан әкелерiмiз бен ағаларымыз өздерi­мен бiрге ала келдi. Айтуларына қарағанда, шабуылға шығар алдында үрейдi жеңу үшiн спирт iшкiзген солдаттарға. Солдат құтысы (фляжки) арақтан босамайтын. Бес жыл бойы iшкендiктен бе, үйге келген соң да аңсарлары араққа ауып тұратын. Әкеден балаға жұққан арақ қанымызға сiңгенi сондай, оразамызды арақпен ашатын халге жеттiк. Кейiннен арақ тiзгiн бермей, ұлттық қасiретке айналып кеттi.
Кезiнде аудандық iшкi iстер бөлiмiнде профилактика жөнiндегi аға инспектор болып iстедiм. Сонда көресiнi осы арақ iшкен­дерден көрдiм. Мас болып әртүрлi қылмыс­қа ұрынып сотталып та, ЛТП-ға (еңбекпен емдеу профилактикасы) кетiп жататындар да қазақтар едi. Олармен жекелей де әңгiме өткiземiн. “Қоям, ендi арақ iшпеймiн” – деп ант-су iшедi. Бiрақ онысын тез ұмытады. Ертеңiнде көшеде көлденең түсiп, аузын ит жалап жатады. Намыстанасың, әрi аяйсың…
Менiң көзiмнiң жеткенi – араққа қарсы емнiң жоқтығы. Әсiресе, әйелдер арақты қоя алмайды екен. Арақты ерiк-жiгерi мықты, өзiне сенгендер қана қояды. ЛТП-да маскүнемдердi емдей алмайды, тек тегiн жұмыс күшiн пайдаланады. Семейде олар комбайн жасау зауытында тегiн жұмыс iстедi. Сол кезде Қазақстан бойыынша 28– 30 мың адам арақтан өледi екен. Бұл кiшi-гiрiм бiр ауданның халқы деген сөз. Сол кезде бiздiң ауданда 350 маскүнем, 47 нашақор есепте тұрды. Сол арақ iшу әлi де жалғасып келедi. 2010 жылы Қазақстанда 235 416 адам маскүнем ретiнде есепте тұрса, қазiр 200 мың адам есепте тұрады екен.
Қазақтың соңынан қалмай келе жатқан жамандықтың тағы бiрi – орысша боғауыз сөз. Ата-бабамыздан келе жатқан, жаның күйгенде айтатын жалғыз сөз – “әкеңнiң аузы” едi. Ол ұмыт болғалы қашан. Орысша боғауыз сөздi бойымызға сiңiрiп алғанымыз соншалық, соның арқасында орысша “сөздiк қорымыз” байып, молая түстi. Алладан соң өзiмiздi өмiрге әкелген, аса қасиеттi, қадiр тұтатын аналарымыз да боғауызға iлiнiп кетедi. Және бiздiң тiлiмiзге кiрiгiп, екiншi ана тiлiмiзге айналып кеттi. “Сөз байланысы үшiн” деп, оңды-солды көпшiлiк орында да “айналайын” деген сөздiң орнына қолдана беремiз. Оны тұздықтап, дәмдеп, ойнатып, ойнақтатып боқтағанда, орыстың өзi бiздiң қасымызда жiп есе алмай қалады. Орысша анайы сөздi жiгiттерiмiздi былай қойып, қыздарымыз майыстырып тұрып қолданғанда, өзiңдi қоярға жер таппай, жердiң тесiгi болса кiрiп кете жаздайсың.
Қазақтың жамандығын айтсаң шыға бередi. 2010 жылы Қазақстанда бала сататын 40-тан астам агенттiк болған. Бiр баланы 30-35 мың долларға сатқан. Сол кезде сатылған бала саны 6014-ке жеткен. Оның 5308-i – АҚШ-қа сатылған. 126-сы – Ирландияға, 152-сi – Испанияға, 59-ы – Германияға, 45-i – Францияға сатылған. “Көркемтайларымыздың” көрiп жатқан жай-күйi сонда осындай болған. Қазiр бiлмеймiн…
Қазiргi кезде Дүниежүзiлiк Денсаулық Сақтау ұйымының (ДДСҰ) дерегi бойынша, Қазақстан елдегi азаматтарының өз өмiр­лерiн қиюы (өзiн-өзi өлтiруi) бойынша үшiншi орын алады. Ал республикада Шығыс Қазақстан облысының ең бiрiншi орында тұруы да жаңалық емес.
Қазақстанда жыл сайын 170 мыңнан астам сәби жасанды түсiктiң құрбаны болады екен. Бұл – ресми тiркелген дерек. Ал тiркелмегенi қанша?! Құрбан болған сәби­лердiң көпшiлiгi қазақтар. Мiне бiздiң елiмiздегi демографияның сыйқы осындай. Ал қазақтардың табиғи өсiмi, яғни қазақ әйелдерiнiң тууы туралы айтудың өзi ұят. Бiздiң халқымыз неге көбеймейдi деген сауал қазiр әркiмдi де толғандырады. Кеңес Одағы кезiнде Өзбекстан халқы бiзден аз едi, қазiр 35 млн-ға жеттi. Ал бiз сол кезде 17 млн. едiк, қазiр де сол 17 млн. Қане өсiп, өркендеп кеткенiмiз?..
Бiз өз қандастарымызды да сүйiп, бауы­рымызға тарта алмадық. Керiсiнше, кеудеден итерiп шеттеттiк. Шетелдердегi қазақтардың тарихи отанына оралуына қасақана тосқауыл қойып, жолын жаптық.
Осындайда мына бiр аңыз ойға оралады. Еврей деген жұрт ұзақ жылдар Египеттiң құлақкестi құлы болған. Ақырында Мұса пайғамбар сол жұртты алып шықты. Құмға. Ары да, берi де кездiрiп, көрмеген көресiнi көрсетiп, сол құмнан қырық жыл бойы шығармай қойған. “О несi?”. Себебi бүтiндей жұрттың денiн құлдық жайлап алған. Солардың түгел өлiп бiткенiн күттi Мұса. Сөйттi де, олардың денi таза туған ұрпағын алып шықты құмнан. Құлдықты құмға көмiп кеттi. Сөйтiп, еврей сияқты аса ақыл-ойы терең, рухы мықты, шексiз бiлiмдi ұлтты алып келдi дүниеге.
Қазақты да осылай құлдық психологиядан алып шығатын бiреу керек. Сонда олар­ға Абайдың өлеңдерi мен ғақлияларын санасына құю арқылы қайта тәрбиелесе. Сөйтiп, оларды орыстың құлдығынан алып шығуға болар едi. Дәл қазiр қазақ орыстың құлдығынан шыға алар түрi көрiнбейдi. Ол үшiн бiлiмдi, қажырлы, қайратты, орыс идео­логиясымен ластанбаған, былғанбаған жаңа ұлт жасап шығаруымыз керек.
Ратбек Арынұлы,
зейнеткер,
Көкпектi ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы.
zhasalash.kz

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: