|  | 

Саясат

КӨП ҰСТАЗДАН БАСҰСТАЗҒА АШЫҚ ХАТ

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ

А.Б.СӘРІНЖІПОВ мырзаға

Қадірлі Аслан Бәкенұлы!

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаева Мұхтар Шахановқа жолығып, әкімшілік құрылым қызметкерлеріне тиісті жұмыстардың барлығы дерлік мұғалімдерге артылғаны және толып жатқан әншілердің концерттеріне билет өткізу мұғалімдерге жүктелетіні, барлық қарсылық «жұмыстан кет» деген сөзбен басылатыны жайлы шындықты жеткізген еді. Сонымен қатар, аудан әкімі тарапынан ұйымдастырылған сенбілікке бүкіл аудан ұcтаздары наурыз айының 26-28 аралығында ,сәуірдің 4-нен 13-не дейін он күн бойы сенбілікке шығарылғаны, оған наразылық білдіргені үшін жазықты болғанын да баяндап берген болатын.

Білім саласында болып жатқан мұндай келеңсіздіктерге бей-жай қарай алмаған Мұхтар Шаханов өзі баcқаратын «Жалын» журналының тілшісі Жанна Иманқұлға Айман Сағидуллаеваның жазып келген мақаласын баспаға дайындауға тапсырма беріпті.

«Мұғалімдердің мүшкіл халі. Оларды биліктің қолбаласы болудан қалай құтқарамыз?» деген тақырыптағы мақала «Жалын» журналының 4-санында, басылып шықты. Бүкпесіз, таза шындыққа құрылып, мұғалімдердің қоғамымыздағы мүшкіл халін ашып көрсеткен еңбекті «Қазақстан заман», «Төртінші билік», “Ашық алаң” т.б. газеттер мен «Абай.кз», «Ұлт.кз», «Қамшы» сияқты интернет сайттары да жарыса басты. «31 арна», «Таң» телеарналары әділетсіз жүйе тудырып отырған жағдайлар туралы арнайы репортаж жасады. Ал, әлеуметтік желілерде ойлы, саналы азаматтар тарапынан қызу талқыланып, әр аймақтан мұғалім мұңына ортақтасқан жандар бұл бастамаға белсенділік танытып жатты.

Осы мақалада көтерілген мәселелер негізінде Мұхтар Шахановтың өзіңізге арнаған қазіргі уақыттағы ұстаздар қауымына қатысты күрделі мәселелерді шешуді сұраған ашық хаты «Абай.кз», «jetysunews» ғаламтор сайттары мен «Жас Алаш», «Қазақ елі» газеттерінде жарық көрді.

«…Ең алғаш үлкен деңгейде көтерілген ұстаздар қауымының құқығы тапталуына қарсы бұл батыл бастама қазір қоғамда үлкен қозғау туғызды. Мұндай жағдайларды бірінші рет естіп жүрген жоқпыз. Немесе бұл тек Айман Сағидуллаеваның басындағы жағдай емес. Біз сізге «Мұғалімдердің мүшкіл халі» деген мақаланы түсініп қайта оқып шығуға кеңес береміз. Онда көтерілген мәселелер тек бір мектеп не бір аудандағы жағдай емес. Себебі бұл мақаланы қолдап, пікір білдірген адамдарда есеп жоқ. Өзектілігі болмаса ақпарат құралдары бір-бірінен көшіріп баспас еді…

…Тығырыққа тірелген, қоғамның назарын аударған мұғалімдер мәселесін шешу алдымен Білім және ғылым министрлігінің тікелей қорғауында, қолдауында болуы қажет» деп, орынды сын, дұрыс пікір айтылған Мұхтар Шахановтың бұл хаты ұстаздар қауымының топтасып, нақты әрекетке көшулеріне мұрындық болды.

Келешек ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру үшін барын салатын ұстаздарымыздың қазіргі қоғамдағы орнын белгілеп, мәртебесін көтерудің уақыты келді. Мұғалімдерге қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін мынандай ұсыныс-талаптар қоямыз:

1. Тәуелсіз елімізде орны төрде болуға тиісті ұлағатты ұстаздарымыз әкімшілік пен мектеп директорларының қолбаласына айналған. Көнбіс, жалтақ мұғалімдерден тәрбие алып жатқан ұрпағымыздан қандай болашақ күтеміз? Мұғалім азат болмай, оқушы еркін ойлы бола алмайды. Сондықтан, облыстық, аудандық білім басқармаларын ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті әкімшіліктен өз құзіретіне өткізіп алуы керек! Бұл мектеп мұғалімдерін сайлау, санақ, сенбілік, газет-журналдарға жаздыру, концертке билет алғызу т.б. секілді түрлі науқандардан құтқарудың негізгі жолы;

2. Мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинаудың алдын алу үшін әр оқу орнына жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты баспасөз беттерінде жариялау;

3. ҰБТ-дің кемшілігі жетерлік! Және ҰБТ-дің қолданыстағы форматы еліміздің білім саласына енгізіліп жатқан жаңа бағдарламамен («Кембридж технологиясы») қабыса бермейді. Сондықтан ҰБТ-ді барынша жетілдіру қажет.

4. Мектеп басшылығы мен мұғалім арасындағы келісімшарт 1 жылға ғана жасалады. Мектеп басшылары осыны пайдалана отырып мұғалімдерді айтқанынан шығармай, айдауына көндіре алады. Келесі оқу жылында жұмысқа қабылдану, сағаты мен жүктемесін қысқартпай алуы үшін тағы пара беретін жайттар да көптеп кездеседі. Осы жағдайларға орай, келісімшарт мерзімін ұзартып, мұғалімдерді қызметке қабылдау үшін пара алу фактілерін түбірімен жоюдың амалдарын қарастырады деп сенеміз.

5. Түрлі тексерулер мен сынақтарға арналған оқушының біліміне қосар үлесі аз қағаздарды ұстаздарға толтырта берудің дәл қазіргі технологияның дамыған уақытында қажеті шамалы. Сондықтан мұғалімдер біліктілігі мен оқушылар білімі ілгерілесін десек артық қағазбастылықтан құтылу керек.

6. Бір мекемеде басшылық қызметте 15-20 жылдап отыру таныстық-тамырластыққа апарады, ол ары қарай сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа ұласып кетеді. Сондықтан мектеп директорларының бір орында тапжылмай ұзақ отыруына мүмкіндік берілмесін.

7. Мектепке жан-жақтан келетін тексерулердің барлығы дерлік тек ақша жинаудың амалы. Ол тексерістерден оң баға алу үшін тағы да мұғалім қалтасындағы қаражатынан қағылады. Сондықтан қаптаған тексерістердің қажеттісін ғана қалдырып, керексізін мүлде алып тастау қажет.

8. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-шілдедегі №319 Білім туралы Заңы 51-бабының 4-тармағында «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындау мен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді» деген заң тармағы біздің талаптарымызбен толықтырылуын әрі нақты күшіне енуін сұраймыз.

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ,

Шымкент қаласындағы А.С.Макаренко атындағы

№41 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі;

Айзат РАҚЫШЕВА,

Алматы қалалық №156 мектептің мұғалімі,

«Қазақстан-заман» газетінің тілшісі;

Молдағали МАТҚАН,

жазушы, академик, қоғам қайраткері;

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ,

қоғам қайраткері, математик;

Марал ДАДИЕВА,

Қарағанды қаласы,

қазақ тілін дамыту орталығының маманы;

Хурмет НҰРСОЛТАН,

Ақмола облысы, Целиноград ауданы

№ 10 орта мектеп мұғалімі;

ИСАБЕКОВА Гүлнар Аждаровна,

Қызылорда қаласы,

ағылшын тілі мұғалімі, Химия-Биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің зейнеткері;

БЕЙСАЛИЕВ Омарбек Сәрсенбайұлы,

Тараз қаласы, Достоевский бұрылысы 5-үй, 39-пәтер

зейнеткер;

МЕЙІРЖАН Темірбек,

Тарбағатай ауданы

НҰРСЕЙІТОВА Маржан Жұмағазықызы,

Қостанай облысы, Қостанай ауданы Целиный көшесі, 23-үй

Шишкин орта мектебі ұстазы;

ҒАБИДЕН Жәкей,

Ғ.Мүсірепов қорының төрағасы;

ТӨЛЕКОВА Мария,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Математика пәні мұғалімі;

ТЕМІРАН Жанбота,

Ақмола облысы, Шортанды ауданы

Тарих пәні мұғалімі;

Нұрболат ӨТЕГЕНОВ,

Ырғыз ауданы

№ 1қазақ орта мектебі мұғалімі;

Айтқожа ФАЗЫЛОВ,

Қарағанды қаласы

Профессор;

ҚОЙГЕЛДИНОВА Жазира Нұрбекқызы,

ШҚО Үржар ауданы, Қабанбай ауылы

Б.Майлин орта мектебі мұғалімі;

Ербол РАХПАНОВ,

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы,

Аймауытов көшесі 15-үй ,

Құрылысшы;

БАЙДОЛДА Умиргул,

Екібастұз қаласының №21 мектебінің

математика пәні мұғалімі;

Əділжан ОРАЗБАЙҰЛЫ,

Шымкент қаласынан.

Әділжан ОРАЗБАЙҰЛЫ,

Шымкент қаласы,

Сауда орталығы;

Қол қою жалғаса береді.

P.S. Мына хат біздің болашағымызға жол бастайтын бірден-бір мүмкіндік болуы ықтимал. Сондықтан хатты  қағазға шығарып алып халықтан қол жинап берсеңіздер екен. Қол қойғандардың барлығы мұғалім болуы міндетті емес.

Қол қойылған хаттарды менің телефоныма қоңырау шалу арқылы маған табыстай аласыздар. Мен сіздерсіз ештеңе жасай алмаймын. Көмектесетіндеріңізге сенемін!

Айман Сағйдуллаева

Байланыс телефонымның нөмері:8 775 253 85 30

Abai.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: