|  | 

Сұхбаттар

Диктор жан-жақты болуы керек

Диктор жан-жақты болуы керек

Педагогика мен дикторлықты қатар алып жүрген адаммын ғой.

Мұрат ӘБЗЕЛБАЕВ, профессор: 

 

– Сіз Қазақ телевизиясында 15 жылдан астам диктор болып қызмет атқарған кәсіби мамансыз. Әрі педагогсыз. Бұл салада тәжірибеңіз жеткілікті. Дикторларға қояр қандай талап, ұстанымдарыңыз бар?
– Бұл салаға бет бұрған жанның бойында бейімділік пен қабілет, дарын, барлық саладан жан-жақты хабардар, білімді болғаны жөн. Үнемі өзін-өзі жетілдірумен айналысқаны абзал. Қазіргі таңда қазақстандық арналарды жас жігіттер мен қыздар жаулап алған ғой. Әуелі мен олардың көздеріне қараймын да, білім деңгейлерін байқаймын. Оншалықты терең емес екенін аңғарамын.
Әйтеуір бір жоғары оқу орнын бітірген болар. Мәселе диплом алумен ғана шек­телмейді. Қаншалықты кітап оқыды. Саясатқа деген, жалпы, өмірге деген көзқарасы қандай? Эфирде отырған дикторлардың көздеріне қарап көп нәрсені аңғаруға болады. Сондықтан менің ұстанымым, диктор өте жан-жақты, терең білімді, сыртқы формасы мен ішкі мазмұны үйлесім тапқан жан болса игі. Бүгінгі таңда ақсап жатқаны, бір қарағанда әп-әдемі, алайда ішкі мазмұны саяз, ал ішкі мазмұны тереңдердің бет-әлпеттері келіңкіремейді. Бір сөзбен айтқанда, толыққанды үйлесім жоқ.
Арналарды асықпай, зер сала қарайтын болсаңыз, тілін бұрап сөйлейтіндер де толып жүр. Әркім өзінің орнында, өзінің қолынан келетін іспен айналысқаны дұрыс қой. Адам өзіне-өзі сын көзбен қарағанда ғана ұтады. Қай жерде жұмыс істесе де, не істесе де кейін өкінбейтіндей болғаны жақсы емес пе.
– Тележурналистердің сөз саптауына, сөйлеу мәдениетіне көңіліңіз тола ма?
– Бұл мәселеге біржақты қарауға болмайды. Көп нәрсе қазақстандық арна­лардың басшыларының талғамына, талабына байланысты Сондықтан арнал­ардағы дәл қазіргі таңдағы орын алған жағдайларды маған ұнайды, ұнамайды деп кесіп айтудың өзі қиын.
Мысалы, маған салсаңыз, дикторлардың таңдалуы көңіліме қонбайды. Кімді дикторлыққа жұмысқа алды. Алған кезде қандай талаптар қойылды. Мәселені осыдан бастауға болады. Жалпы, кез келген кәсіптің ерекшелігіне орай жұмысқа қабылдар кезде белгілі бір заңдылықтарға сүйенген дұрыс. Онсыз болмайды. Әртүрлі арналарды қараймын. Дикторлар көп. Олардың негізі дерлік арнайы мектептен шықпағандары байқалады.
– Ал сіздің кезіңізде дикторлыққа қалай қабылдады?
– Ол кезде кез келген адам диктор бола алмайтын. Қазір дикторлық кәсіп қолжетімді болып кеткен секілді. Кез келген жан диктор бола алады, кез келген адам оқымай-ақ, білім алмай-ақ, те­лесериалдарға түсіп, актриса, актер бола ала­ды. Талап ету деген ұмытылып барады.
Диктор деген біздің кезімізде те­ледидардың бет-бейнесі болып есептелетін. Оған қатаң талаптар қойылатын еді. Біріншіден, эфирде көрінуіне аса мән беретін. Сұлу болу шарт емес, қанша сұлу болса да ішкі мазмұны келіспеген жан эфирден сүйкімді көріне алмайды. Телевизияда телегеничность деген ұғым бар. Ал енді бүгінгі көгілдір экранда телегеничность жоқ қыздар мен жігіттер де қаптап жүр. Алдын ала суфлерға жазып алған мәтінді тарсылдатып айтып шығады. Дикторларды таңдауға аса мұқият болғанымыз жақсы. Арнайы кәсіби мамандарды шақырып таңдайтын болса, одан арналар ұтпаса, еш ұтылмайды.
– Диктор боламын деп ниет еткендер нені бірінші кезекте жадында ұстағаны жөн деп ойлайсыз?
– 2012 жылы «Радио және теледидар дикторының тіл техникасы» деген кітап шығардым. Кітапта жас дикторларға жан-жақты бағыт-бағдар беріледі. Егер талапкер мектеп жасынан бастап осы дикторлықты не­месе тележүргізушілікті, журна­лист­иканы таңдайтын болса, сол күннен бастап өзін-өзі жетілдірумен тынбай жұмыс істей бастауы керек. Егер талапкер дикторлықты қалайтын болса, соған өзін барынша дайындау керек. Мүсінді түзу ұстау, түзу отыру өте маңызды. Мүсіні түзу болмаса ол дұрыс дем ала алмайды. Өйткені диа­фрагмаға кедергі келтіреді. Сосын дауыс­тың тембрлық бояуы деген болады. Соны жаттығулар арқылы шамалы дамыту, тілінде бір мүкістік болса, соны түзетуі керек міндетті түрде. Одан кейін ой-қиялы өте ұшқыр болуы шарт.
– Бүгінгі жас дикторлардың ішінен өзіндік үні бар деп кімдерді айта аласыз?
– Білесіз бе, соншалықты көп, бір-біріне өте ұқсас жүргізушілердің ішінен біреуін бөле-жара атау қиындау. Әр­қайсысының өзіне тән жақсы жақтары да, кемшіліктері де бар. Бір ғана мысал келтіре кетейін. Әсел Акбарова «Хабарда» жаңалықтар оқып жүргенде ұнайтын еді. Әселдің «Біздің үй» деген ток-шоуды жүргізгені көңілден шықпады. Меніңше, ол сол жаңалықтарды оқуға жап-жақсы төселіп қалған еді. Ток-шоу оның қолы емес. Тележүргізуші ток-шоуды жүргізу үшін оған кішкене машықтануы керек. Біріншіден, суырыпсалмалық қасиет аса қажет. Ойыңды жылдам әрі жүйелі жеткізе алмасаң, тақырыпты бес саусақтай талдауға бейімділік кемдеу соғып жатса, эфирге тек өзіңді, көйлегіңді, шаш үлгіңді көрсету үшін шыққандай көрінудің қажеті шамалы.
Ток-шоудағы негізгі мақсат – келген қонақтардың мәселесіне қоғамның назарын аударту, оны шешуге талпыныс жасау, бұл жағына келгенде Әсел ақсайды. Оған үлкен дайындық, жан-жақты білім керек. Ол –дайын, суфлерға жазылған жаңалықтарды оқып беру емес. Сондықтан да ток-шоуды жүргізетін тележүргізуші өзін судағы балықтай еркін сезінуі керек. Бұл жағынан Малаховты мысалға келтіруге болады. Оның да өзіндік кемшіліктері бар. Дегенмен ол негізгі мәселені шешуге тырысады.

Сұхбаттасқан Нұрбике БЕКСҰЛТАНҚЫЗЫ,
ҚазҰУ-дың студенті

aikyn.kz

Related Articles

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • “Саясаткерлер пафоспен сөйлегенді жақсы көреді”. Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының болашағы бар ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшыларының Самарқанда (Өзбекстан) бірігіп түскен суреті. 11 қараша, 2022 жыл Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Бұл кездесу не береді? Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, аймаққа ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық осы жөнінде Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті. ТҮРКИЯНЫҢ МҮДДЕСІ МЕН ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? – Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Ұйым азаматтық қорғаныстың бірлескен механизмін нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібінде аймақтағы және сырттағы саяси-экономикалық оқиғаларды талқылау мәселесі тұр. Саммиттің уақыты мен геосаяси контексі жөнінде

  • АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты өзгерді ме? Елші Дэниел Розенблюммен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК  АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің Азаттық радиосына берген сұхбаты АҚШ дипломаты Дэниел Розенблюм Қазақстанға елші болып келгеніне бір жылға жуықтады. Оған дейін ол Өзбекстандағы елші қызметін үш жыл атқарған. Орталық Азияға маманданған дипломат аймақ басшыларының Нью-Йоркте президент Джо Байденмен оңаша кездескені саяси жетістік дейді. Азаттық елшіден сұхбат алып, C5+1 саммитінде адам құқығы тақырыбы қаншалық қозғалғанын, Қазақстанға төнген санкция қаупін және АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты қалай өзгергенін сұрады. НЬЮ-ЙОРКТЕГІ КЕЗДЕСУ ҚАЛАЙ ӨТТІ? – АҚШ президенті Джо Байден жақында Орталық Азия басшыларымен C5+1 форматында кездесті. Саммит алдында құқық қорғау ұйымдары осы жиында адам құқығы басты назарда болса екен деп үміт білдірді. Бұл үміт ақталды ма? – Нью-Йоркте өткен C5+1 саммиті

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: