|  | 

Көз қарас

Ұлттық банк неге теңгені қолдап отыруға миллирдтаған доллар жаратуда

Ulttiq Bank

ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Қазақстан төлем теңгерімінің негізгі көрсеткіштері көңілге оптимизм ұялатпайды. Ұлттық банктің осы көрсеткіш бойынша соңғы статистикалық мәліметтері төлем балансына сыртқы теріс әсерлердің қысымы сақталып тұрғанын көрсетеді. Нәтижесінде осы индикатор теріс динамикасын көрсетуін жалғастырып, қаржылық тәуекелді күшейтуде. Жаздың бірінші айының соңғы күні Ұлттық банк сайтында макроэкономикалық статистиканың кезекті үлесі жарияланды. Одан көрінетіні, елдің бас банкінің алтын валюталы резервтеріне одан ары төмендеу қаупі сақтала бермекші.

Біздің үрейіміз не тұрады

Бірақ ең қызығы және сонымен қатар алаңдататыны – үшінші тоқсан қатарынан төлем балансы тапшылықта келеді. Айтпақшы, соңғы рет осындай көрініс сонау 2008­2011 жылдарғы дағдарыста байқалған. Тек 2008 жылы осы көрсеткіш бірінші, екінші, үшінші тоқсанда тұрақты түрде теріс мәндерді, сәйкесінше ­ $1,029 млрд, ­ $2,085 млрд және ­ $1,235 млрд көрсетіп отырды. Бірақ төлем балансының қызыл сызықта тұруының рекорды 2009­2011 жылдары орын алды. Осы кезеңде төлем балансы жеті тоқсан қатарынан теріс мәнді көрсетті. Бірақ оның ішінде 2009 жылдың алғашқы екі тоқсаны және 2011 жылдың екінші, үшінші және төртінші тоқсандары енбеді. Нәтижесінде төлем балансы теріс мәнге ие осы уақытта, оның жиынтық тапшылығы рекордтық $15,073 млрд­қа жетті. Ал баланстың теріс сальдосы Ұлттық банктің алтын валюталы резервтерімен жабылатын болса, онда 2009­2011 жылдарғы теріс баланс орын алған жеті тоқсанда негізгі банктің алтын валюталы резервтері төлем балансының тапшылық мөлшеріне азайғанын есептеу қиын емес. Яғни ол да $15,073 млрд! Қарастырылып отырған кезеңдегі алтын валюталы резервтердің күрт төмендеуі 2014 жылғы жаппай девальвацияны жүргізудің түрткісі болуы да әбден мүмкін.

Бүгін – басы, ертең – нағызы

Ал шаруа бұл жолы қалай болып жатыр? Мұнай бағаларының дереу төмендеуі және ресейлік рубльдің былтыр одан да тез әлсіреуі төлем теңгеріміне айна секілді шағылысып көрініс тапты. Ұлттық банктің статистикалық есептеріне сәйкес, 2014­тің үшінші және төртінші тоқсанында бұл көрсеткіш байсалды минуста, сәйкесінше $2,17 млрд және $960 млн­да болып шыққан. Осы ретте биылдың бірінші тоқсанында келеңсіз үрдіс сақталған. Осы кезең ішінде төлем теңгерімінің кері сальдосы $510 млн­ды құрады. Осы макроэкономикалық индикатор бойынша жалпы тапшылық былтырдың соңғы екі тоқсаны мен ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында $3,64 млрд­қа жетті деп санау қиын емес. Басқаша айтқанда, ұлттық валютаны қолдау үшін Ұлттық банк қарастырылып отырған кезеңде $3,6 млрд жұмсауға мәжбүр болды. Ал егер бұл санға бас банктің өткен жылдың бірінші тоқсанында төлем теңгерімінің тапшылығын жабуға шығындаған $1,262 млрд­ты қосатын болсақ, онда тек 2014 жылда және 2015 жылдың алғашқы үш айында Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын қолдауға өз алтын валюталы резервтерінен $5 млрд дерлік жұмсаған! Бірақ, шамасы, ұлттық валютаны қолдауға сол резервтерді шығындау ол тек басы ғана, ал алда әлі нағызы күтіп тұрғанға ұқсайды, өйткені мұнайдың төмен бағалары мен әлсіз рубль сақталған жағдайда, Ұлттық банкке я өз алтын валюталы активтерін әрі қарай жұмсай беруге, я кезекті девальвацияны жүргізуге тура келеді, оған, президенттің мәлімдеуіне сәйкес, мемлекет әзірше дайын емес.

Екіұштылықты бетке ұстап

 

Алайда, егер бас банк теңгені қолдауға миллиардтаған доллар алтын резервтерін жұмсайтын болса, онда неліктен бұл көрсеткіштің жалпы динамикасы жағымды болып қала береді ? деген әділетті сауал туындайды. Ал қобдиша өзі­ақ өте қарапайым ашылады: Ұлттық банктің алтын валюталы резервтері оның екінші деңгейлі банктермен валюталық айырбас (своп) операцияларының себебінен өсуін жалғастыруда. Мәселе мынада, екінші деңгейлі банктердің теңгелік өтімділігінің үлкен тапшылығы салдарынан олардың салымшыларының арасындағы жоғары девальвациялық болжалдар себебіне байланысты, банкілер, долбарлап айтқанда, Ұлттық банктен валютаны теңгеге айырбастап алуда. Осы операциялардың есебінен бас банк өз алтын валюталы активтерін толықтырып отыр, айтқандай, бұл оған резерв және айырбас бағамының тұрақтылығы көрінісін жасауға мүмкіндік береді. Бірақ билік келешекте қандай жолды бетке алады, бал ашып жатпаймыз. Алайда келесі нәрсені атап өткенді жөн дейміз: шенеуніктердің девальвацияға алғышарттар жоқ дейтін барлық мәлімдемелері, әрі кетсе, халықты тыныштандыруға арналған жәдігөйлік. Цифрлар, тіпті ресми де, кері нәрсе жайын сөйлейді: теңгенің дереу құлдырауына деген объективті алғышарттар ендігі әлдеқашан қалыптасып болған. Жетіспейтін жалғыз дүние ол – субъективті фактор, атап айтқанда саяси ерік­жігер. Және кім біледі, мүмкін Қытай экономикасындағы жағымсыз үрдістер мен Грекия салдарынан еуроаймақтағы проблемалардың күшеюі себепті мұнай бағаларының жаңадан құлдилауы және рубльдің әлсіреуі түріндегі кері үрдістердің ушығу жағдайында ол алдағы уақытта пайда бола қалар?

kaztag.info

 

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: