|  | 

Әлеумет

Алматыдағы сел жұртты әбігерге салды

51E61557-8CC2-4C09-BAFF-00BE375FEF89_mw505_mh331_s

Бүгін таң алдында Алматының Наурызбай ауданында сел жүріп, бірқатар елді мекендерде үйлерді тасқын су басқан. Төтенше жағдай қызметі сел қайталануы мүмкін деген хабарды жоққа шығарды.

Тасқыннан зардап шеккен Қарағайлы елді мекені. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.

Тасқыннан зардап шеккен Қарағайлы елді мекені. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметі бойынша, 23 шілде таң алдында Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген.

“Түнгі сағат үште Қарғалы өзенінде су деңгейі көтерілгені туралы хабар түсті. Тасқыннан Алматының іргесіндегі Каменка мен Қарағайлы ауылдарының, Наурызбай ауданында біраз үйлерді су алған” деп мәлімдеді Алматы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерлан Нұрпейісов.

Ресми мәлімет бойынша, Қарғалы өзені бойында орналасқан аймақтардан 200-ден аса адам эвакуацияланып, 176-мектеп және Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылған.

Алматының шетіндегі Іргелі мен Алғабас ауылдары және тағы бірқатар елдімекендерде сел туралы суыт хабардан дүрліккен тұрғындар үйлерін тастап, сыртқа қашқан.

AAD86895-BFBD-4703-8D1C-CD773156F8D2_mw505_mh331_s

 

Азаттық тілшісі Алматы-Тараз автокөлік жолындағы “Алтын Орда” базары маңында жүздеген көлік кептелісте тұрғанын көрді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті селден мерт болған адамдар жоқ деп хабарлады.

Департамент өкілі Ерлан Нұрпейісов әлеуметтік желіде тараған “су тасқыны қайталануы мүмкін” деген ақпаратты жоққа шығарды.

“Тек су деңгейі көтерілген, бөгенге зақым келмеген. Екінші рет сел жүру қаупі жоқ, жағдайды бақылап отырмыз” деген .

ТЖД  оқиға орнында 400-ден аса құтқарушы мен 85 техника жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

4DA5ADB9-3DEA-4BA4-9184-88FB487FD44F_mw505_mh331_s

Қазақстан ішкі істер министрлігінің бейсенбі күні жариялаған мәліметі бойынша, Алматыдағы Қарғалы өзені бойындағы қауіпті аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланған.

СЕЛДЕН ҮШ АУДАН ЗАРДАП ШЕККЕН

Алматының Наурызбай ауданы әкімі Қуаныш Қашқымбаев бейсенбі күні брифингте селден зардап шеккен тұрғындар материалдық жәрдем сұрап жергілікті тиісті орындарға өтініш бере алатыны туралы мәлімдеді.

«Әрбір зардап шеккен адам заңға сәйкес 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек сұрап әлеуметтік жәрдем орындарына өтініш бере алады. Басқа материалдық шығындар су тараған соң есептеледі. Егер мүліктер сақтандырылған болса, оған төлем мәселесін сақтандыру компаниялары шешеді. Наурызбай ауданын ұлттық гвардия толық күзетке алды. Ұрлық-қарлыққа жол берілмейді» деген әкім.

Сел жүрген Қарағайлы елді мекені. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.
Сел жүрген Қарағайлы елді мекені. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, салдарынан Алматыдағы Наурызбай, Әуезов және Алатау ауданында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерді су басқан. Әсіресе Наурызбай ауданы көбірек зардап шеккен.

2014 жылы қыркүйекте Алматының құрамында жаңадан сегізінші аудан болып құрылған, қаланың батыс бөлігін қамтитын бұл аудан аумағындағы тұрғын-жайдың дені – жер үйлер.

«Қарғалы өзенінде су деңгейі түскен соң тасқыннан қатты зардап шеккен Наурызбай ауданындағы тұрғын үйлерді аралап, келген шығын көлемі есептеледі» деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин шілденің 23-і күнгі брифингте.

Оның сөзінше, Алматыда селге Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішіндегі еріген мұздық пен жаңбырдан жиналған көлшік суының көтерілуі себеп болған.

Сел өткен Қарағайлы елді мекені тұрғындары. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.
Сел өткен Қарағайлы елді мекені тұрғындары. Алматы, 23 шілде 2015 жыл.

«Күннің қатты ысуынан Қарғалы мұздығының астындағы аты жоқ көлшік суы көбейіп, көлемі 40 мың текше метрге жеткен. Салдарынан көл табанын бұзып аққан судың негізгі массасын Қарғалы өзенінің су бөгеті ұстап қалған. Бөгет бұзылған жоқ. Қазір суды екі шлюз арқылы төмен қарай ағызып жатыр» деген Юрий Ильин.

Ол қазір Қарғалы өзенінде су деңгейі жоғары қалып отырғанын, су секундына 10-12 метр жылдамдықпен ағып жатқанын хабарлады.

A4BF6B49-9D13-45D1-BA5A-107BD07EF63E_mw505_mh331_s3B397904-DD9B-4423-AA78-BA61D4F48797_mw505_mh331_s268824E2-A763-4B40-8B8F-7DDFF9555E16_mw505_mh331_sDCC72B35-ABC0-4BB9-A691-6AF122DBAFCA_mw505_mh331_sEE850AF5-DED8-4FC1-9D78-C5FEDDB16F21_mw505_mh331_s A6FFD951-4C65-4459-ADB6-E018BAA6B8CC_mw505_mh331_s1794063F-F867-4116-AF2E-53A60C9737A8_mw505_mh331_s 0C60EA7F-21A6-4AB9-93DC-0160A91E45C7_mw505_mh331_s8F40957F-549E-422C-938C-D5333A3241FE_mw505_mh331_s B4A556EC-0E1E-4A57-B86D-926F47B9AAAA_mw505_mh331_s

Азаттық радиоы

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: