|  |  |  | 

Жаңалықтар Саясат Әлеумет

Батыс сарапшылары теңге тағы әлсірейді деп болжайды

Батыс баспасөзі теңгенің құлдырауын, жалпы алғанда, Қазақстан үшін тиімді қадам деп санайды. Сарапшылар аймақтағы өзге валюталар да құнсыздануы ықтимал деп ескертеді.

Ақша айырбастайтын орындағы шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы көрсетілетін тақтайша. Алматы, 20 тамыз 2015 жыл.

Ақша айырбастайтын орындағы шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы көрсетілетін тақтайша. Алматы, 20 тамыз 2015 жыл.

   Американың Bloomberg қаржы компаниясы сайтында теңге құлдырағаннан кейінгі жағдай талданған. Сарапшылар «теңге бағамын еркіне жіберу – Қытай юаньды девальвациялап, әлем нарығын дүрліктіргеннен кейін дамушы елдер өз валюталарын қорғаудан бас тартатынын білдіретін жаңа белгі» деп атаған.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі мұнай экспорттаушы ел. Сондықтан былтыр қарашада Ресей рубль бағамын реттеуден бас тартқаннан бері елдегі шикізат өндірушілер зардап шегіп келеді. Мұнай бағасының былтыр 55 пайызға арзандауы және жуырдағы юань девальвациясының қысымды күшейтуі Ресей және Қытаймен арадағы сауда-саттыққа сүйенетін елдерді бәсекеге қабілеттілік жолдарын іздеуге мәжбүрледі» деп жазады Bloomberg.

Американың Citigroup Inc қаржы компаниясы сарапшылары теңгенің құлдырау қарқыны осы аптадағы бейсенбі – 20 тамыздағы девальвациямен тоқтамайды, теңгенің бір долларға шаққандағы бағамы 267 теңгеге дейін құнсыздануы мүмкін деген болжам жасайды.

Мақалада Morgan Stanley қаржы компаниясы сарапшыларының юаньды девальвациялау Қытаймен сауда жүргізетін елдердің валюталарына қатер төндіреді деген пікірін келтірген. Сарапшылар валютасы ең осал елдер ретінде Бразилия, Перу, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тайвань, Оңтүстік Американы атаған.

Ал теңгенің құлдырауы Орталық Азияның өзге елдерінің де валюталарына әсер етуі ықтимал. Швециядағы SEB AB қаржы тобы сарапшыларының айтуынша, енді құлдырау кезегі қырғыз сомы, түркімен манаты және тәжік соманиіне тимек. Bloomberg агенттігі SEB AB банкінің дамушы елдер нарығы бойынша бас сарапшысы Пер Хаммарлундтың «Қазір олар алдағы 3-6 ай ішінде немесе тіпті одан да ертерек валютасын 10-20 пайызға құнсыздандыруға мәжбүрлейтін қосымша қысымға тап болды» деген сөздерін келтірген.

Ұлыбританияның Financial Times газетінің қаржы блогында тілші Дэвид Киохейн теңге бағамын еркіне жіберу – «Қазақстан үшін тиімді әрі уақыт ұту үшін жасалған практикалық қадам» деген пікір білдірген. Ол Қазақстанда «жағдайды бақылаудан мүлде шығарып алмауға» көмектесе алатын 100 миллиард доллар көлемінде валюта қоры барын ескертеді.

«Қазақстанның бұл қадамы бүкіл ТМД елдері жұртының назарына ілігіп, көп ұзамай олар да абыржи бастайды. Оның үстіне, аймақтағы геосаясаттағы мұнай және өзге тауар бағасын да ескеру керек» деп жазады Дэвид Киохейн.

Financial Times газетінің тағы бір мақаласы теңгенің құлдырауы Қазақстанның жез өндіретін KAZ Minerals компаниясы акцияларының бағасына қалай әсер еткенін талдап, бейсенбі күні компания акциялары бағасы 20 пайызға қымбаттағанын жазған. Теңгенің құлдырауы KAZ Minerals компаниясына өзіндік құнын азайтуға көмектеседі деп жазады басылым. 2015 жылдың бірінші жартысының нәтижелері бойынша жуырда жарияланған есепке сәйкес, өндірудің өзіндік құны азайып, бір фунт 260-280 АҚШ центі деп бағаланған. Сарапшылардың пікірінше, теңге құлдырағаннан кейін шикізат өндірудің өзіндік құны 11 пайызға дейін тағы қысқаруы мүмкін.

Американың New York Times газеті Қазақстан теңгесінің құлдырауын «елдің негізгі экспорт көзі – мұнайдың арзандауы мен негізгі сауда әріптестері Ресей мен Қытайдағы девальвацияға байланысты қабылданған күтпеген қадам» деп атайды. Мақалада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «соңғы екі жылда теңге бағамын ұстауға 28 миллиардтай доллардай жұмсалды, ал Қытайда юань девальвацияланған тұста оны еркіне жібермеу алтын-валюта қорының азайып кетуіне ұласып, жергілікті өндірушілерге зияны тиеді» деген сөздеріне сілтеме жасаған.

New York Times газеті сарапшылардың «көп ұзамай Қазақстанның Орталық Азиядағы көршілері – 50 миллионнан аса халық тұратын кедей аймақтағы елдердің» валюталары да (қырғыз сомы, түркімен манаты және тәжік соманиі) құлдырауы мүмкін» деген пікірін келтірген.

Анна КЛЕВЦОВА

azattyq.org

Related Articles

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: