|  | 

Көз қарас

Қазақстан орыстары Ресейге неге көшіп жатыр?

Қазақстан орыстары Ресейге неге көшіп жатыр?

Қазақия азаматтарының басым көпшілігі жаппай шет елге қоныс аударып жатқандығын бұған дейін жазған болатынбыз. Жалпы, екі мыңыншы жылдардың басында елден кетіп жатқандар саны жыл сайын азайып отырған болса, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш қайта өсіп отыр. Мәселен, 2004 жылы елден көшкендер саны – 65 мың, ал, 2005 жылы 52139 адамды құраған. Сондай-ақ, 2006 жылы – 33 мың, 2013 жылы 24484 адам Қазақ елінен шет елге қоныс аударған екен. Өкінішке қарай, соңғы жылдары тарихи отанына оралғысы келетін қандастарымыз да күрт азайып кетті. Бұл әрине алаңдатарлық дүние.

Араға бірнеше жыл салып шет елге қоныс аударушылардың саны қайтадан артып жатыр. Мәселен, 2014 жылы елімізден шет елге қоныс аударушылар саны 29 мыңға жетсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 25 мың адамнан асып түскен. Бұл соңғы екі жылдың көлемінде шет елге қоныс аударушы азаматтардың саны қайтадан артқанын аңғартады. Осы ретте елімізден шет елге көшкендердің ұлты қандай және олар қай елге көшіп жатыр деген орынды сауал туындайды.

Статитикалық мәліметтерге жүгінсек, шетелге қоныс аударушылардың басым көпшілігі орыстар және олар Ресейге көшіп жатыр. Мәселен, 2014 жылдың алғашқы 6 айында  Қазақ елінен Ресейге 11 мың 400 адам көшіп кеткен. Жалпы, РФ-ға көшіп барған елдердің ішінде Қазақ елінің азаматтары көш бастап тұр. Нақтырақ айтсақ, Қазақстаннан – 30,5, Өзбекстаннан – 21,2, Украинадан – 13 пайыз орыс тарихи отанына қоныстанған. Олардың  64,2 пайызы Орталық және Сібір федералды округтарына орналасқаны белгілі болып отыр. Негізінде Ресей билігінің дәл осы аймаққа орыстарды көптен шоғырландыруы тегін емес. Өйткені, аталған аймақ Ресейден іргесін бөліп, өз алдына бөлек мемлекет болғысы келіп отыр. Міне, осыған тосқауыл ретінде Кремль отандастарын шетелден жаппай шақыруға мүдделі.

Әлеуметтік желілерге көз шалсақ, қазақ ұлтшылдары орыстардың тарихи отанына оралып, өз жөнін тапқанын құптап отырғанын анық аңғаруға болады. Себебі, дәл қазіргі таңда еліміздегі мемлекет құрушы қазақтардың үлес салмағы 66 пайыздан енді асқан. Бұл көрсеткіш тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда жаман емес шығар. Алайда, ұлттық мүддемізді батыл шешкіміз келсе қазақтың үлес салмағы кем дегенде 70 пайыздан жоғары болуы керек.

Алайда, біздің Үкімет орыстардың тарихи отанына оралғанын қаламайтын секілді. Мәселен, өткен жылы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев ресейлік ЖОО-лар қазақстандық жастарды өздеріне жиі шақыратынын айтып, оған алаңдаулы екенін жасырған жоқ. Сондықтан, БҒМ орыстілді оқушылар үшін ҰБТ кезінде бірқатар жеңілдіктер жасауды көздеп отырғанын да айтты.

–  Біз осы жоба арқылы жастардың өзге елге кетуіне тосқауыл қойғымыз келеді. Сондықтан, Ұлттық бірыңғай тестілеудің тәртібіне өзгерістер енгізудеміз. Бұл ретте Ресейдің, АҚШ-тың тәжірибесіне сүйендік. Аталған жоба жемісін берсе, ҰБТ бір реттік науқан емес, түлектердің талап-тілегіне қарай өткізіледі,   – дейді  Такир Балықбаев.

Қош, сонымен, ҰБТ мерізімінің өзгеруіне жастардың Ресейге жаппай оқуға кетуі негізгі себеп болып отыр екен. Әйтсе де, аталған министрліктің «оқимын» деген баланың «бетін қақпай, белін буудың орнына» неге тосқауыл болып отырғаны түсініксіз. Өйткені, қазақ «қасқырды қанша асырап бақсаң да орманға қарап ұлыйды» деп бекер айтпаған. Сондықтан, министрлік «орыс жастары кетіп жатыр» деп қайғырмай, керісінше шет елдегі қандастарымыздың мәселесіне алаңдаса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, шетелде «отаныма оралсам екен» деп жүрген 5 миллионнан астам қазақ бар. Олардың басым бөлігі – қылшылдаған жастар.

Үкіметтің өзгелерге тосқауыл қоймай, «келем» деген қандастарын солтүстік өңірлерге әкелуіне не кедергі? Бұл, әрине, ең біріншіден «Мәңгілік ел» боламыз деп отырған елдің болашағы үшін маңызды. Соңғы екі жылдың ішінде тарихи отанына оралған қандастарымыздың саны 10 есе төмендеп кетті. Бұл әрине алаңғдатарлы дүние. Әйтсе де өткен жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы, қандастарымызға даңғыл жол ашады деп сенейік.

Серғазы АСЛАНБЕК

sn.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: