|  | 

Саясат

Иранның санкциядан құтылуының Қазақстанға не әсері бар?

Сарапшылардың пікірінше, санкциядан босаған Иранның мұнайы халықаралық нарықта қазақстандық көмірсутегі шикізатының саудасына әсер етеді.

Көрнекі сурет.

Батыс “Тегеран ядролық бағдарламасына қатысты мойнына алған халықаралық міндеттемелерді орындағандықтан” Иранға қарсы салған санкциясын алып тастады.

Осы кезге дейін халықаралық қауымдастық оқшау қалдырып келген Иран санциялар алынған соң шетелдік банктердегі өзіне тиесілі миллиардтаған долларға бағаланатын активтерге қол жеткізіп, мұнайын экспортқа шығаруға мүмкіндік алады. Санкция алынғаннан кейін Иран билігі күніне 500 мың баррельден астам мұнай шығаруға әзір екенін айтты.

Ираннан санкцияның алынуы халықаралық биржадағы мұнай бағасын одан әрі құлдилатты. Дүйсенбі күні Лондон қор биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 27,72 доллардан сатылды.

ҚАЗАҚСТАНҒА НЕНДЕЙ ӘСЕРІ БАР?

Қазақстандық экономист Сергей Смирновтың айтуынша, Иранның санкциядан құтылуы мұнайы өзге елдермен салыстырғанда қымбаттау Қазақстанның халықаралық нарықтағы саудасына әсер етеді.

Иран президенті Хассан Роухани баспасөз жиынында сөйлеп отыр. Тегеран, 17 қаңтар 2016 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани баспасөз жиынында сөйлеп отыр. Тегеран, 17 қаңтар 2016 жыл.

- Араб мұнайының өзіндік құны 10 доллардан кем. Иранда да сондай. Ресми дерек бойынша, біздің Теңізден шығатын мұнайдыңбір баррелі – 20 доллар, Өзеннің мұнайы – 70-80 доллар, Қашаған мұнайы – 100 доллар, – дейді экономист.

Оның айтуынша, Иран мен Сауд Арабиясы Еуропаға шығаратын мұнай көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Иран санкция барысында жоғалтқанын қайта қалпына келтіруге ұмтылса, Сауд Арабиясы Польша, Швеция сияқты жаңа тұтынушы тапқан. Бұл Қазақстанның халықаралық нарықтағы жағдайын шиеленістіре түседі.

- Ресей де мұнай бағасы баррелі 15 доллар болғанға дейін шыдас бере алатынын мәлімдеген. Ал Қазақстан мұндай бағаға келісе алмайды. Егер әрі қарай да мұнай бағасы арзандай берсе, экспорт көлемін азайтамыз. Мұнайды 10-15 долларға сата аламыз деп ойламаймын. Соның салдарынан бюджет азаяды, тағы басқа салдары болады, – дейді экономист.

Экономист Сергей Смирновтың болжамынша, алдағы уақытта мұнай бағасы сәл қалпына келгенімен, Иран нарыққа шикізатын шығара бастаған кезде әрі қарай төмендей бермек.

МҰНАЙДА БӘСЕКЕЛЕС ЕКІ ЕЛДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

2015 жылы күзде өткен Қазақстан-Иран үкіметаралық жиынында екі ел арасындағы тауар айналымының жарты жыл ішінде 360 миллион долларға жеткені айтылды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 37 пайызға кем. Экономистердің айтуынша, Ираннан санкцияның алынуы Қазақстан мен Иран арасындағы байланысқа да біраз әсер етеді.

Қазақстан мен Иран арасында жүк тасымалдаумен айналысатын компанияның есімін таныстырмаған өкілі «санкция алынғаннан кейін төлем процестерінің жеңілдей түсетінін» айтады.

Солдан оңға: Қазақстан мен Түркіменстан және Иран президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов және Хассан Роухани Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолының ашылу салтанатында тұр. Түркіменстан, 3 желтоқсан 2014 жыл.
Солдан оңға: Қазақстан мен Түркіменстан және Иран президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов және Хассан Роухани Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолының ашылу салтанатында тұр. Түркіменстан, 3 желтоқсан 2014 жыл.

- Шын мәнінде оның бізге әсері онша білінбейді. Тек бір нәрсе ғана – төлем жағы жеңілдейді. Енді Иранның тасымалдаушыларына ашық түрде ақша аудара аламыз, олар еркін қабылдай алатын болады. Бұрындары бұл қиын болатын. Бұл – кәдімгідей үлкен жеңілдік, – дейді компания өкілі Азаттық тілшісіне.

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы қазіргі заман зерттеулері институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров «енді Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынас, әсіресе сауда жандана бастайды» деп есептейді.

- 2014 жылдың желтоқсан айында іске қосылған Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол магистраліне байланысты Иран бағытында (тауар көлемі– ред.) көбейеді деген болжам бар. Бұл теміржол тармағы қазақстандық бидай экспортын ұлғайтуға бағытталған, – дейді Мұхит-Ардагер Сыдықназаров.

Қазір Қазақстан Иранға негізінен бидай, бірқатар шикі мұнай өнімдері, бағалы металдар экспорттайды. Ал Ираннан Қазақстанға жеміс-жидек, көкөніс, тұрмыстық және құрылыс заттары импортталады.

«Қазақстанның Иранға ұсынатын заттары аз» екенін айтқан бұрынғы дипломаты Қазбек Бейсебаев екі елдің байланысы тек импортпен ғана шектелмеуі керек деп санайды.

Иран газеттерінің бірінің елден санкция алынғаннан кейінгі саны. 18 қаңтар 2016 жыл.
Иран газеттерінің бірінің елден санкция алынғаннан кейінгі саны. 18 қаңтар 2016 жыл.

- Қазір санкция алынды ғой. Иранда қазір Батыс Еуропаның өкілдері де толып жатыр. Өйткені ол жерде бизнес жасауға болады. Біздікілер де соған тырысуы керек. Иранмен саяси жағынан, сауда қарым-қатынас жағынан барлық жағынан жақсы, еш проблема жоқ. Бірақ оны дамыту керек, – дейді ол.

2015 жылы 15 шілдеде Иран мен әлемдік «алтылықтың» Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзі нәтижелі аяқталып, тараптар келісім жасасқан еді. Оған сәйкес Иран өз аумағындағы ядролық нысандарға Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) тексерушілерін жіберуге, ал Батыс елдері Иранға салынған санкцияларды біртіндеп алып тастауға міндеттеме алған. МАГАТЭ 16 қаңтарда Иран үкіметі ядролық бағдарламасына қатысты мойнына алған халықаралық міндеттемелерді орындағанын жариялаған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Tags

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: