|  | 

Қазақ шежіресі

ЗУҚА БАТЫР (1866-1929)

Zuqa batirЗуқа Батыр, Шығыс Қазақстанның Сауыр айналасында Зайсан ауданына қарасты ауылдық жерде; әкесі Сәбит, осы облысқа қарасты Қалбатауы етегінде дүниеге келді. Ұлы аталарынан Бұқарбай Батыр, Абылайханның оң қолынан орын алған Жәнібек Батырдың жауынгерлерінен еді. Сондықтан Бұқарбай Батырдың ұрпақтарынан Сәбіттің әкесі Нұрмұхаммет Абыз, аталарының досы Уәлдән Хазрет пен танысты. Уәлдән Хазреттің тегі, Қожа Ахмет Яссауиге негізделген. Осы нәсілден келгендер Ишан деп аталады. Қазақтың құрамына енген бұл руға Қожа делінеді. Зуқа Батыр, осы нәсілден болған шешеден дүниеге келген үшін алғашқы ұлдарына, Хазрет Алидің қасиеттік атауларының атын қойған. Қожалардың ішінен шыққан ғалымдар, “Хазрет Ата” деп те аталған. Сондықтан ол дәуірде Уәлдән Хазреттің ел ішінде орны бөлек еді. Бала Нұрмұхаммет, ата жолдастығына орай Уәлдән Хазреттен сабақ алды да Хафиз ретінде оқыды. “Сары Абыз” лақабымен де танылған. Уәлдән Хазрет осы шәкіртінің ұлы, Сәбитті де оқытқысы келді. Немере інісі Муминмен Сәбитті өзінің білім үйренген Бұхара, Казан және Ұфа қалаларында оқытты. Осы кезде Сәбитті, Муминнің қарындасы Бәтимәмен атастырды. Сәбит 15 жылдық оқуын аяқтатқан соң үйленді. Уәлдән Хазрет, бұл екі шәкіртіне батасын беріп, Маньчу империясы дәуірінде, аты әлі Шыңжан деп өзгерілмеген Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағы төңірегіне дін жайуға жіберді.
Сәбит қызмет істеген жерлерде “Дамолда” (үлкен молда) атағына ие болды. Әріптесімен бірге айналасында мешіт-медресе ашып бала оқытты. Сәбит Дамолда алғашқы қызметке бастаған жылдарда Зуқа дүниеге келді. Әкесі Сәбит және нағашысы Мумин молдадан діни сабақ алған Зуқа, 15 жасында әкесінен айрылды. Шешесімен төрт інісіне бағумен жауапты бола отырып діни қызметін бірге жүргізді. Зуқаның білім алып, зиялы тұлға екенін білетін “Төре” әулеті Жеңісқан Гүң оны ордасына алғызды да имамдыққа сайлады. Төре, Қазақ елінің құрамындағы Шыңғысханның нәсіліне айтылады. Зуқа, осы Төре ордасында көп ұзамай әкесі құсап сот билігіне сайланды. Осы дәуірде құрдасы Ақыт Қажымен танысты. Мұхаммет Мумин, Ақыт Қажының да ұстазы еді. Ақыт Қажы “Ғұлама Ақын” атағымен де танылады.
Жастық шақтағы Зуқа Молда, сот билігін жүргізіп тұрған кезде қатыгез байлармен билердің қарапайым елге істеген қаталдығын байқап қалды. Ол әрқашан езілген елдің құқықтарын қорғады. Озбыр байлармен билердің заңсыз жолмен алған кірістеріне қарсы тұрды. Сондықтан өлкелік үкіметтің билері оны көзінің алдына шыққан сүйелдей көрді. Осы орайда ел, Зуқа Батырға бастарындағы қиындықтарды айтып отырды. Бұған жарай Зуқа Молда сот билігінен бас тартып, туған жері Сауырға баруды ойланды. Аш-арық ел де оның артынан көше бастады. Бірақ “жер аударуда кеңістік бар” деп келген осы мекенде де лауазымға ие болған билер, Зуқаға қарсы үгіт жасай бастады. Сонда да ол, заң жолымен еш қашан даудың табан астында қалмады. Тіпті қатыгезлердің жуас елдерден тартып алған малын қайта қудырып алып, кедейлерге тапсырып отырды. Сонымен Зуқаның молдалық атағынан гөрі Батырлығы алға шықты. Қарамаңында оны қолдап тұрған қарқынды қоғам құрала бастады.
Ұстаздарының батасын алып қандайда діни салада қызмет істейін десе де өмірдің жағдайы оны ұлттық күрес жолына сүйреді. Ұстаздығымен және Батырлық пен бірге жердің тұтастығы, елдің тіршілігі үшін күресті. Сонымен өзі дәуірінде атсыз атақсыз елдің қарабиіне айналды. Ел оны қахарман ретінде Батыр деген абыроймен еске алды.
1900 жылында “Боксшы Көтерілісі” деп аталған оқиға кезінде, Османды Патшасы ЫЫ. Абдұлхамит Ханның бастамасымен Қытайдағы мұсылмандар Стамбул арқылы қажыға бара бастаған еді. Зуқа Батыр да 1902-03 жылдарында ұстазы және нағашысы болатын Мумин Ишанмен бірге қажыға аттанды. Екеуін делегация басшысы ретінде ЫЫ. Абдұлхамит, “Йылдыз Сарайы” атты ордасында құзырына қабылдады. Осыны Стамбулда қайтыс болған Ақыт Қажының немере туыстарынан Абдұсселам Айканат Қажы айтқан еді.
Шонжар билер оның қажыға барып келуімен қайта имамдық және ұстаздық қызметімен шұғылданып, өздерінің заңсыз жұмыстарына араласпайды екен деп ойлады. Мұнымен қатар Зұвка Батырдың досы Бөке Батырдың көзін жойуды көздеді. Ахыры Зуқа Батыр қажылық сапарына аттанған соң Қытайлар Бөке Батырды жеңіліске ұшыратты. Ол, батысқа шықпақшы болып Тибетті басып өтер кезінде ұсталып шейіт болды. Сонымен қатыгез үкімет елді одан ары қырқыстырды. Зуқа Батырдың қажылық сапарына қайтып келуін күтіп отырған қауым, қайта оның қарамаңына жиналды. Осыдан кейін бүкіл жастарды низамша әскери дайындықпен ұстады. Мұнымен қатар оны қолдаған ауқатты отбасылар Орыспен сауда жасап, орнына қару сатып ала бастады.
Қасындағы Қазанбай Батырмен Төлегетай Батыр оның ең күшті оққағары еді. Отарбай, Ырғайбай, Дүзбай, Зиратбай сынды адвокаттарымен бірге олардың ізін басқан Кәрім, Шыбарақын, Насыр, Тоқажан секілді жігіттері, шабармандары және өзі ұлдарынан Сұлтан Шәріп пен Шіряздан Молда да бар еді. Ең құнды адамдарының бірі Оспан Батыр еді. Оның әкесі Сләмбай, Зуқа Батырдың досы еді. Сондықтан жас Оспанды өзі баласындай өсірді. Оған жастайынан “Қазақтың Керіжақ Батыры Боларсың!” деген ел ішіне кең тараған сөздері берген батасы еді. О да Зуқа Батырды “пірім” деп атаған. Осындай жігіттермен және аясында құралған қарқынды қоғаммен бірге дәуірдің шонжар билеріне қарсы төтеп бере алды. Елді аясында ұстап ешкімді табан астында қалдырмады. Жебірленген елдің; тіліне, дініне және нәсіліне қарамастан мыңдаған жанұяға пана болды. Осындай еліне, жеріне қамқоршы болса да шонжар билер оны қожайындарына айтып арыз-шағым жасады. Сондықтан Зуқа Батырдың артынан өлкелік үкіметтің бастығы Яң Зы Шаң армиясы түсті. Сонымен Зуқа Батыр, Үрімжі жақтан келген әскерге қарсы тұрып Алтайға қарай өткізбеді. Үкімет әрі қоңыржай әрі де қатаң саясат қолданса да бұлардың еш қайсысына қарсы жеңілмеді.
Бір жақтан 1920 жылдарында Орыс жақтан Ақорыс армиясының Генералі Бакічтің 10 мың әскері Алтай айналасына басып кірді. Осы кезде Алтайдың бастығы Жу Дауйың, Ақорыс бандыларына төтеп бере алмай өзін өзі өлтірді. Сонда Зуқа Батыр іске қосылып бүкіл басқыншыларды аластап тастады. Бір жағынан 1923 жылдарда Алтаймен Баркөл төңірегіне жайылған Үйеме және Дүңгір атты Моңгұл бандыларымен соғысып оларды шекарадан ары асырып тастады. Кез-келген жағдайда жерінің тұтастығымен елдің тіршілігі үшін күрескен Зуқа Батырдың осы даналығын өлкелік үкіметі қабылдамады да оны бүлікші деп атандыруға тырысты. Ол бұған қарсы қаймықпады да ақыл-парасатымен елді теңдік пен ұстады.
1928 жылында Яң Зы Шаңды, Сыртқыістер министрі Пи Ю Лін атып өлтірді. Орнына Жың Шорин келді де Зуқа Батырды қолға түсіру үшін алдамшы жоспарлар жасады. Алдымен, келісетін көрініп елге қатыгездік істемейтін болды. Жаңа билеушінің осы уәдесінен кейін ел тыныштала бастады. Көптеген адамдар өз мамандығымен айналысуға мүмкіндік тапты. Бірақ көп ұзамай үкімет сөзінен айныды да Зуқа Батырдың қасындағы қызмет етіп жүрген Жакія (Мадыхың) деген Дүңгенді азғырып тыңшы етіп қойды. Бұл сатқын, ылғи Зуқа Батырдың төңірегінде болған-біткеннің бәрін қожайындарына айтып отырды. Зуқа Батыр, қамқорлығындағы осы малайдың сатқындығын кейін сезсе де оған тиспеді. Қарамаңындағы елді қайта жиюға мұрсаты да бар еді. Бірақ ол, әрқашан қоғамның тіршілік қамын ойлап, сәл уақыт өтсе де рақаттанып қалған елдің тәртібін бұзбау үшін тағдырына көнді. Ол енді сүйген елінен бөлініп қалаберіп, анық сүйіктісіне қауышуды аңсай бастаған еді. Бұл әлемдегі қызметінің аяқтағанына сенгендей болды. Тағдырдың сызығынан бөлек жолды қадағалап жүре алмайтынын және ажалдың таяғанын сезді. Сөйтіп үйіне шабуыл жасалатын күндерде жігіттеріне тапсырыс беріп, елді өзінен алыстата бастады. Өйткені қымбатты қоғамдық елдің өзімен бірге құрбан болуын тілемеді. Сонда да бала-шаға және төңірегінде өскен адамдар оның қасынан бөлініп қалғысы келмеді.
Жауын күткен түн келіп те қалған еді. Шабуыл жасайтын екіжүз әскер оны тірі қолға түсірмекші болды. Алғашқы бір топ әскер Зуқа Батырдың отауына кезегімен басып кіре бастады. Бірақ еш біреуі сау шықпады. Екінші топ әскер де дайындалып тұрып үйге кірді. Зұвка Батыр осы жол олармен қарусыз күресті. Керегедегі ілулі тұрған автомат мылтықты да қолына алмастан, білегінің күшімен есіктен кіргендерді алып-ұрып сылқита бастады. Сонда да оқ атылып, Зуқа Батыр ерлікпен шейіт болды. Бұл қанды оқиғада 53 кісі қаза тапты. Қытай әскері оның басын кесіп алып кетті. Көп ұзамай елдің көтеріліс жасайтынынан тартынған өлкелік үкімет, Зуқа Батырдың басын туыстарына тапсырып берді.
Арадан бір жыл өткен соң Алтай-Көктоғай, Белқұдықта жерленген қабіріне қорған жасалды. Қазір осы қорған тарихи кесенеге айналды. Оның өмірі және күресі туралы Үрімжідегі Қазақ жазушылар арқылы кітаптар жарыққа шықты. Түркия, Әзірбайжан тілдерімен бірге Қытайша, Орысша мақала және аудармалар жазылды. 2000 жылында Моңгұляның Баян-Өлгей аймағында туғанының 130 жылы; өмірден озғанының 70 жылына орай мерей тойы өткізілді. Осында үлкен көшеге аты берілді және ескерткіш жасалды.
Түркі тектес тілдермен қатар Арап, Парсы және Қытай тілін білетін Зуқа Батыр 33 баланың әкесі еді. Төрт әйелінен 12 ұл және 8 қызының аты белгілі.
“Ата Біздікі Болса да, Батыр Халықтікі” деген ұранмен оны тағы бір мерей тоймен еске алуды ұлттық және діни міндет деп санаймыз.

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: