|  | 

Саясат

Қазақстан Африкада мұнай өндіруге ниетті

Батыс басылымдары Малавиде мұндай өндіруге қазақстандық мамандар қатысуы мүмкін екенін, ал мұнай бағасының құлдырауы Ресейді әлсіретіп, геосаясатқа әсер етіп жатқаны жайлы жазады.

Мұнай кенішіндегі бұрғылар. (Көрнекі сурет.)

Мұнай кенішіндегі бұрғылар. (Көрнекі сурет.)

Африканың AllAfrica.com жаңалықтар сайты Малави көлінен мұнай өндіруге 2014 жылы салынған тыйым алынып тасталғанын хабарлады. Бұл туралы Малави астанасы Лилонгва қаласында өткен баспасөз жиынында елдің сыртқы істер министрі Джордж Чапонда мәлімдеген. Оның айтуынша, Малави көлінен мұнай мен газ өндіруді қайта бастауға Қазақстан мен Грузия мамандары қатыспақ.

Сайттың жазуынша, Джордж Чапонда Қазақстан сыртқы істер министрі орынбасары Ержан Ашықбаев, Грузия сыртқы істер вице-министрі Давид Джалагания және Марокко сыртқы істер министрі орынбасары Зала Хеддин Мезуармен кездескен. Африка одағына мүше елдердің Эфиопиядағы 26-саммиті кезінде өткен кездесуден кейін Джордж Чапонда «бұл елдер мұнай өндіру саласында жинақтаған тәжірибе-білімдерін Малавимен бөліседі» деп мәлімдеген.

Ұлыбританияның Financial Times газеті мұнай нарығындағы ахуалды талдаған «Қымбат мұнай дәуірі аяқталып, ескі аксиомалар заманы өтіп барады» атты мақаласында мұнай бағасының арзандауының ықтимал зардаптары туралы жазады.

Баку іргесіндегі мұнай кеніші жанында ойнап жүрген балалар. Әзербайжан, 8 қараша 2005 жыл.
Баку іргесіндегі мұнай кеніші жанында ойнап жүрген балалар. Әзербайжан, 8 қараша 2005 жыл.

«2014 жылы бір баррель мұнай бағасының 100 доллардан түсіп кетуі [қазір 30 долларға дейін арзандаған] тұтынушы елдерді зор қуанышқа бөлеуі тиіс еді. Бірақ мұндай шаттық байқалмайды. Экономикасы тоқырап, босқындар нөпірі басып қалған Еуропа басқа шаруалармен әуре. Ал әрі өндіруші, әрі тұтынушы ел АҚШ экономикасының өсімі баяу қалпында тұр. Әлемде экономикасы ең ашқарақ Қытай болса қазір өз проблемаларына шырмалған. Мұнай бағасы әлемдік қор биржаларын дүрбелеңге салып қойды. Геосаясаттың беталысы да реттелер түрі жоқ. Мұнай бағасы тіпті Ирак, Сирия, Йемен, Ливиядағы ұрыс-шайқастар қызғанына қарамастан түсіп барады. Бұрын баға тұрақтылығын қырағылықпен қадағалап отыратын Сауд Арабиясы енді өнімінің жоғары сапасын Иранға қарсы қару ретінде пайдаланып жатыр» деп жазады Financial Times.

Мақала авторларының пікірінше, бұл факторлардың бәрі «ойын шарттары өзгергенін», сондықтан «саясаткерлерге геосаясат жайлы көбірек ойлану керектігін» көрсетеді. «Теориялық тұрғыдан қандай пайдасы болмасын, мұнай бағасының құлдырау ауқымы мен қарқыны қақтығыс тұтандырған күштерге тағы бір соққы болып қосылды». Экономикалық және демографиялық қиындыққа тап болған Ресей одан әрі әлсірей түседі. Бұл Путиннің ашуын үдете түсуі мүмкін екенін Сириядағы жағдай көрсетіп отыр» деп жазады мақала авторлары.

ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ТАМАҚ САПАСЫ

Американың Канзас қаласында шығатын InfoZine газетінің жазуынша, жуырда климаттың өзгеруі, ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланған конференцияда ТМД елдеріндегі тамақ сапасының жайы да сөз болған. Конференцияда халықаралық азық-түлік саясатын зерттеу институты, Еуразия азық-түлік қауіпсіздігі орталығы және дүниежүзілік банк сарапшылары әзірлеген «2015 жылғы әлемдегі тамақтану ахуалы туралы баяндама» талқыланған. Баяндама авторларының мәлімдеуінше, тағам өнімдері өндірісіне салынатын әр доллардың экономикалық қайтарымы 16 доллар көлемінде болуы мүмкін екенін дәлелдейтін деректерге қарамастан, әлемде теңгерімсіз тамақтанумен күрес баяу және ол біркелкі жүріп жатқан жоқ.

Баяндаманың ТМД елдеріне қатысты бөлігінде одаққа мүше елдердің көбі теңгерімсіз тамақтану түрлерімен байланысты проблемаларға тап болып отырғаны жазылған. Мысалы, Армения мен Тәжікстанда 5 жасқа дейінгі балалар арасында бойы дұрыс өспей қалғандар, артық салмақ проблемасына душар болған ересектер мен қан аздығына (анемия) шалдыққан репродуктивті жастағы әйелдер көбейіп келеді. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан әйелдері анемияға қоса артық салмақтан зардап шегеді. ТМД елдерінің бәрінде (Ресей мен Беларуспен бірге) ересек адамдар арасында семіздікке шалдыққандар саны өсіп бара жатқаны байқалады.

Соңғы 20 жыл ішінде ТМД елдерінде, мысалы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда баланың бойы өспей, тежеліп қалу проблемасының көрсеткіші біршама азайған еді. Бірақ соңғы кездері оған керісінше үрдіс байқалады. Мысалы, балалардың бойы өспей, тежеліп қалу жағынан Арменияда 1998 жылы 15 пайыз болған көрсеткіш 2010 жылы 21 пайызға дейін көбейген.

Анна КЛЕВЦОВА

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: