|  | 

Қазақ шежіресі

КЕРЕЙДІҢ САРБАС-ҚАРАҚАС РУЫ 

Kerey.

ҚАРАҚАС

Қарақас деген құс көлдер мен теңіздерді мекен еткен жыртқыш құс. ол жайында қанаты толқындарды жапырып, сол ырғақ тиген үстіңгі толқындағы балықтар сығымдалып өледі деген аңыз бар. құс ғылымы жағынан балықшылар тобына жатады. Қазақ өлкелерінде көл-теңіздерде(Каспи, Байқал), Ертіс, Өп, Енесай, Сіліңгі, Есіл өзен алқаптарында жасайды. тағы да біраз мекендері бар болуы мүмкін. деректерде 11ғасырда Тайғада Қарақас деген атпен аталған Түркі тілдес бір тайпаның жасағанын айтады, бұл таипа бүгін де Ресей аумағына орныққан.  тарихты бойлай келіп енді бергі беттерді асыр-жасыр аударып кеп жіберсек, Қазақ Керей арысының Қарақас деген бір кіші таипасы бар екені оттай алаурап көрінеді. себебі, Оспан батыр бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жасаған Қарақас-Молқы рулары еді.кейін маңына басқа ру-таптар шоғырланды… Абылай хан заманынан кейін Қазақтардың тұңғыш рет болып Баянөлгей маңына(Теріскей Алтай) аяқ басуы Арқалық деген батырға тән. Қытай, Моңғолия, Түркия қазақтарының арасында  <<Арқалық батыр>> эпосы кең тараған. ол эпоста Дөрбіт, Ұранхай(Тоба, Тва) тайпаларымен алысқан халық батыры және сол кездегі Абақ Керей елінің Цин империясы бекіткен ханы аталған Ажы төреге әділетсіз әрекеті үшін шоқ таңба басқан әділет сүйгіш ретінде баяндайды. бұл Арқалық осы Қарақас елінің батыры. Алтай таулары мен Тиян-Шань тауларында бір мұнша үңгірлер Торғайты үңгірі деп аталады. Алтайда осы аттас жайлау да бар. Тиян-Шандада Торғайты деген шағын қала бар. бұл да осы Қарақас елінің Шаң руынан шыққан Торғайты деген әулиенің қалдырған іздерімен байланысады. Оспан батырдың балуаны аталған Дәлелқан балуан, Бабақұмар балуандар осы елден. Қытайдағы мектеп оқулықтарына енген қамшігерлік өнердің баһадүрі есептелген Қареке деген тұлға да осы елге жатады. Мұхтар Мағауинның <<Кесік бас – Тірі тұлып>> тарихи хикаиятының бас кейіпкері болған яғни, Ақымбек атамыз да Қарақас. Қарақас елінің ұраны – Қаптағай. таңбасы : Тарақ таңба.  Алтай ұлт-азаттық қозғалысының ақылшы биі Ақтеке би, Халел тәйжі. Сардарлардан : Қаби батыр, Құрман батыр, Сайып батыр, Рахат батыр, Зейнел үкірдай, Бүркітбай батыр, Абдолла батыр қатарлылар осы Қарақастан. Оспан батырдың он мың атты жасағының төрт мыңы осы Қарақас руынан ұйымдасқан. бұл күнде  Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарының басын қосқан Іле автономиясының әкімі Мәнен Зейнелұлы осы Қарақастан. кезінде Баян-Өлгейдің көп жыл әкімі болған Мизамқан Күнтуғанұлы да осы Қарақастан. Баян-Өлгей жерінде өткен танымал халық ақыны Мешел ақын Қарақас елінен болып табылады. Ерлан Нұрдықанұлы деген ақын осы күндердегі дүние жүзі қазақтары поэзиясында ең алдыңғы лектегі азаматтың біреуі, Әннас Бағдат есімді жас драматург бар… осылар да осы аталардың зәузаты. әлем қазағы бойынша ең соңғы рулық көсемнің тұяғы болған, Қарақас елінің тәйжісі Уақит Халелұлы өткен жылы дүниеден озды…

Қарақас елінің негізгі мекендері : Алтай аймағының Алтай қаласы мен Көктоғай ауданы, Еренқабырға аймағының Мори, Шонжы-Бәйтік, Жемсары, Құтыби, Манас аудандары мен Бөкен, Санжы қалалары, Урумчи қаласының барлық атырабы(Қаратау-Нансан ауданы), Құмыл аймағының Баркөл, Аратүрік аудандары мен Құмыл қаласы, бұдан сырт, Тасырқай(Шыхызы) қаласы, Күйтүн қаласы, Қарамайлы қаласы, Майтау қаласы(Қарамайлыдан бөлек отау көтерген қала) Тарбағатай аймағының Толы, Сауан(Қызылөзен) аудандары мен Көлқарасу(Шиху) қаласы, Буратал облысының Жыңғылды ауданы, Байынғол(Қарашәрі) облысының Жұлдыз(Хы-жиң) ауданы, Ақсу аймағының Арал қаласы, Кеңсу провинциясының Ақсай ауданы, Цинхай(Көккөл) провинциясының Алтыншоқы ауданы(бұл жер Тибет үстірті) ,  Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы, Қобда аймағы; Түркия және Еуропаның Франция, Германия, Австрия, Голландия(Дания деп те аталады), Англия, Норвегия, Швейцария қатарлы елдері.

 

САРБАС

Ұланбайтақ далада Сарбас деген құс бар. үлкенді-кішілі екі түрге бөлінеді. үлкенінің қанатын жайған кезіндегі әр екі қанатының ұшының аралығы 201сантиметрге жетеді, ал кішісінікі 190сантиметр. Сарбас – құстар ғылымы жағынан құмайлар тобына жататын алып жыртқыш құс. аналық Сарбас жылына немесе екі жылда бір жұмыртқа ғана басып шығарады. сондықтан әр балапан олар үшін өте маңызды. Оңтүстік Африканың Дүрбан шаһарында қүмайдың кептірілген және ысталған миының болашақты болжау қасиеті бар деп есептеп көп мөлшерде сатылуда.

айта кетерлік бір жәйт, Сарбас деген атпен аталған Қазақта да(Керей) бір үлкен ру бар. ұраны: Сартоқай!

Сарбас руының ең шоғырлы мекендері: ҚХР- Кеңсу провинциясының Ақсай қазақ автономиялық ауданы және Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай, Шіңгіл аудандары, Құмыл аймағының Баркөл ауданы, Еренқабырға аймағының Мори, Шонжы-Бәйтік, Жемсары аудандары, Урумчи қаласының төңіректері(Қаратау-Нансан ауданы);  Моңғолиядағы Баян-Өлгейде де бір мұнша Сарбас әулеттері орналасқан.

Мекке қаласына он жылға таяу әкімдік еткен, Сауд-Арабия елінің оң қол уәзірі болған қазақ бауырымыз Әбдолла қажы Сарыұлы(1927~2000), дәулескер күйші Нәубел Ырымбайұлы(<<Нәубелдің терісқақпайы>>, <<Төрт жаяу>>, <<Екі елдің айырылысуы>> күйлері бар)… осы рудан тарайды.

 

Көкбөрі Мүбарак (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих, Этногрфия және Археология факультеті)

kerey.kz

 

Related Articles

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Осы уақытқа дейін құпия сақталып келген 106-қазақ атты әскер дивизиясының деректері енді белгілі бола бастады. 1942 жылы дивизия Ақмолада жасақталыпты. Әскери шала дайындықпен жасақталған дивизия 1942 жылдың мамырында, Харьков түбіндегі қоршауды бұзып шығуға бұйрық берер алдында, 4091 сарбазға 71мылтық, яғни 7 адамға бір мылтық және бәріне 3100 жарылғыш оқ –дәрі бәріліпті. Қазақ боздақтарын қарусыз жалаң қылышпен өлімге жұмсауы – «Гитлермен салыстырғанда Сталин солдаттарды өлімге 8 есе көп жұмсадының» айғағы (Михаил Гареев, Әскери академиядан.2005 жыл). “Төртінші билік» газетінің 2016 – жылғы мамырдың 28-жұлдызындағы санында шетелдік архивтерден алынған видеосюжеттегі 106-атты әскер дивизиясы жөніндегі неміс офицерінің айтқаны: «Не деген қырғыз (қазақ) деген жан кешті батыр халық, атқа мініп, ажалға қаймықпай жалаң қылышпен танктерге

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: