|  |  |  |  | 

Жаңалықтар Руханият Қазақ хандығына 550 жыл Әдеби әлем

ЗУҚА БАТЫРДЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ  АҚЫНДАР  АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

                            Zuqabatir150       

Зуқа батыр- 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал болған Сәбит дамолла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Текті әулеттен шыққан батыр бабамыз, орыс отаршылдығы мен гоминдаң қытай езгісіне тап болған қазақ халқын азат ету жолында қаза табады. Биыл батыр бабамыздың туғанына 150 жыл толды.

Еске алу шаралары Қазақстан,Германия, Австрия, Англия, Америка, Түркия, Қытай, Моңғылия сынды 11 елде жүргізіледі.

Алматы облысы мәдениет  мұрағаттар және құжаттама  Басқармасы мен Алматы облысы  жастар саясаты мәселелері   басқармасы      

               

«ТҰҒЫРЫ БИІК МӘҢГІЛІК ЕЛ» АТТЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ  25 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ ЖӘНЕ

ЗУҚА БАТЫРДЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН

 ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

 

 

АЙТЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ

 

Ұлттық өнердің аясын кеңейту, талант иелерін іздеп табу, ақындық өнерге баули отыра, ғасырлар бойы бабалар арманымен, ерлік істерімен, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген құндылықтарды дәріптеп, мемлекеттілікті нығайтып, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей отыра, елдегі халықтар достығын, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу, еліміздің әлем алдындағы абырой-беделін асқақтата көрсету. Ел Тәуелсіздігін жалынды жырлар, терең теңеулер, әсем әуендер арқылы жан-жақты жырлау. Зуқа бабамыздың рухын қастерлеп, төл өнердің мәңгілік ғұмыры жайлы дәстүр жалғасын сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа кеңінен насихаттау.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР 

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, «Зуқа батыр» қоғамдық қоры облыстық жастар ресурстық орталығы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының  Республикалық штабы Алматы облыстық филиалы, «Алаш Ұланы» жастар қоғамдық бірлестігі.

 

ТӨМЕНДЕГІ ЖАЙЛАР БАСТЫ НАЗАРДА БОЛАДЫ

 

- айтыскер ақынның қолма-қол, суырып – салма төкпелігімен бірге айтатын

жырын домбыраға қосып лайықты әуен,  мақал, сөзбен орындалуы;

- айтыскердің жан-жақты білімділігі, ой мен қиял ұшқырлығы, көркем теңеу мен

астарлы сөздерді орынды қолдану, тақырыпты аша білуі;

- айтыс сарының, мақсатын ұғына отырып, қарсыласына ұтымды да орынды

жауап қайтару, тойтарыс беру қабілеті;

- орындаушылық шеберлігі, айтар ойын түйіндеуі сахналық мәдениеті және киім

үлгісі.

 

АЙТЫСТЫ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ

 

- облыстық ақындар айтысына қатысатын үміткерлердің жасы 14 пен 29 аралығындағы

жастар қатыса алады;

- өтінімдер 15 сәуірге дейін 8 (7282) 30-55-65, 30-56-42 телефондарына факс арқылы

жіберулеріңіз тиіс.

- айтысқа әр ауданнан 1 үміткерден қатысады;

- айтысқа халқымыздың тілін, дәстүрін, тарихын және әдебиетін терең білетін суырып

салма жас ақындар қатысады;

- айтыста елдің бірлігіне, ұлтаралық татулыққа нұқсан келтіретін, Конституциялық

құрылымға қарсы айтылатын сөздерге жол берілмейді;

- осы қағиданың жоғарыда көрсетілген әрекетке жол берілген жағдайда ақын айтыстан

шеттетіледі;

- ақындар қазылар алқасының шешіміне және осы қағиданың талаптарына бағынуы

тиіс;

- айтысқа қатысу үшін аудан, қалаларының мәдениет бөлім басшыларының, қоғамдық

бірлестіктердің және басқа да заңды тұлғалардың ұсынысы болуы қажет;

- айтысқа қатысушы ақындар ұйымдастыру комитетіне өтініш береді. Өтінішке

мынадай құжаттарды қоса ұсынылады:

  •  Өмірбаяны туралы мағлұматтар.
  •  Туған жері, күні, айы, жылы, ұлты.
  •  Жұмыс немесе оқу орнынан анықтама.
  •  Туу туралы немесе жеке куәлік көшірмесі.
  •  Басқа айтыстарда жеткен жетістіктерін куәландыратын құжат (диплом және                       марапаттау  қағаздары)
  •  Тиісті мекеменің ұсыныс хаты.
  •  Байланыс телефондары.

- ақындар жеребе тарту әдісі арқылы жұптарға бөлініп айтысады;

- ақындардың сөз сайыстыру (айтысу) уақытының ұзақтығын қазылар алқасы

белгілейді;

- жеңімпаздар мынадай Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар бойынша марапатталады:

  •  Бас жүлде – 1/біреу/ 
  •  І орын  – 1/біреу/
  •  ІІ орын – 1 /біреу/
  •  ІІІ орын – 1 /біреу/

- жеңімпаздарға басқа да ынталандыру сыйлықтар және алғыс хаттармен

марапатталады;

- ақындардың айтысқа барып-қайту жол шығындарын жіберу жақ тарапынан.  

 

АЙТЫС КЕЛЕСІДЕЙ БОЙЫНША БАҒАЛАНАДЫ

  • орындаушылық шеберлігі (орындаушының дербестігі);
  • сапалық деңгейі;
  • сахна мәдениеті;
  • әдеби тіл байлығы;
  • тақырыпты дұрыс аша білуі;
  • қарсыласқа жауап беру шеберлігі;
  • дәстүрлі айтыс мақамын үйлестіре қолдана білу;
  • қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді көтере білу;
  • тақырыптан ауытқымай, ұйқастыра жеткізу.

АЙТЫСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ

Айтыс үш айналым бойынша өткізіледі:

  • бірінші айналымда іріктеу, әр жұпқа 2 минут уақыт беріледі.
  • екінші айналымда – 3 минуттан уақыт бөлінеді.
  • екінші айналымнан кейін мәреге шыққан 2 жұп 6 минуттан айтысып,

  жүлдегерлер анықталады. 

ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ МЕН МЕРЗІМІ 

     Байқау Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында            2016 жылғы 24 сәуір  күні сағат 14.00-де өткізіледі. Тіркеу сағат 09.10. Тіркеуге қатыспаған қатысушылар айтысқа жіберілмейді.

Ескерту:

2016 жылдың 13 сәуір күні, сағат 14.00-де Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің акт залында іріктеу өтеді. Іріктеуден өткен ақындар сайысқа жолдама алады. 

Директор                                                        А.Нұрмұхамбетов

kerey.kz

 

Related Articles

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: